ПОӘК 042-18. 30 11/02-2015 №2 баспа 12. 05. 2015


Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі



бет10/10
Дата06.07.2018
өлшемі0,74 Mb.
#48141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде

Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.

Өздігінен білім алу - адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикальқ маңыздылығымен танысады.

Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады:

1.Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау.

2.Бағдарлық мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.

3.Компенсаторлық-мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.

4.Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.

5.Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.

6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар
арасындағы байланыстарды орната алу

7. Шығармашылық шығармашылық жұмысқа үйрену.

8. Жаңашылдық қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.

9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.

10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу процесінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл процесте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.

Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.

Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану. Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітаптардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысуға болады. Бұның ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламаларымен танысып, өзінің қалауы бойынша біреуін таңдап

электрондық почта арқылы хат алмасып білімін толықтыруы болып табылады.

2.Студенттердің гылымн-зерттеушілік іс-әрекеттері. Кәсіби дайындык барысында студенттер курс жұмысы, дипломдық жұмыс (бакалавриатта), зерттеу жұмысының нәтижелерін мақала ретінде жариялау, магистрлік диссертация (магистратурада) жазумен айналысады. Бұл жүмыс барысында жас мамандар бір ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, зерттеудің эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық әдістерімен танысады, бір тақырып көлемінде өздерінің білімдерін тереңдетеді. Ғылыми жетекшісінің басшылығымен зерттеу саласындағы белгілі мамандардың еңбектерімен жан-жақты танысып, өзіндік болжамдарын жасап, жеке пікірлерін тұжырымдай алады.

3.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу. Студенттік шақ адам бойындағы қабілеттерді дамытуға өте қолайлы кезеңдердің бірі. Арнайы білімдермен қатар жас маман тұлғасына оның іскерліктеріне байланысты көп талаптар қойылады. Сондықтан сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған психологиялық тренингтерге, шет тілдерін үйрену курстарына қатысып жоғарғы білім туралы дипломмен қатар бір неше сертификаттар алып шықса оның жұмысқа орналасуы да жеңіл, және жұмыс орнында өз күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар өздерінін құзіреттілігімен беделді де абыройлы бола алады.

4.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру. Қазіргі нарық заманында көптеген студент жастар оқуларымен қатар қосымша жұмыс істеуге тырысады. Әрине, бұл сабактарына кедергі болмаса өте құптайтын жайт. Егер сабақтарымен қатар алып жүре алмаса, жазғы каникул кездерінде өздерінің кәсіби іскерліктерін, құзіреттерін практика жүзінде сынап көрулеріне болады. Бірақ осындай жұмыстар болашақ маманның өзі таңдаған кәсіптерімен байланысты болғаны абзал. Мысалы, репетиторлық жұмыстар, мектепте сабақтан тыс спорттық үйірме, факультативтік жұмыстарын жүргізу, лингвистикалық аудармашылық жұмыстар, компьютерлік қызмет көрсету жұмыстары, балалардың демалыс лагерлерінде

жетекшілік атқару, бала бақшаларында тәрбиеші болу сияқты жұмыстар жастардың болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, ұжым ішінде тұлға аралық қарым-қатынасты орнатуға уйренуіне, тәжірибе жинақтауына, өз мүмкіндіктерін бағалауға көп септігін тигізді.

5.Қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәрістеріне қатысу арқылы олардың аудитория назарын қалай аулайтынын, сабақ үстінде тәртіпті сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната алу шеберліктерін үйренуге болады. Теледидардан көретін хабарларыңыздың кәсібіңізге қатысты жаңалықтары болса оларды педагогикалық күнделігіңізге түртіп жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Кітап дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айналдырған абзал, себебі онда ең соңғы жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік бар.

6.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері болады. Мысалы, біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады, үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым болып келеді. Бұл қабілеттерді одан әрі дамытып отыру қажет, себебі ертеңгі кәсіби іс-әрекетте балаларға беретін сабағымыздан басқа оларды әуестендіретін, қызықтыратын тұлғалық сапаларыңыздың бірі осы ерекшелігіңіз болады.

Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.



Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде?

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

  2. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады?

  3. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай?

  4. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады?

  5. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз? _

Әдебиеттер

1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000.
- 304 с.

  1. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с.

  2. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Схемы и тесты. -М., 2002.-208 с.

  1. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.



5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



Тапсырма мазмұны

Формасы

1

Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы.

Сөзжұмбақтар құрастыру

2

«Мұғалім құқығы» және «оқушы құқығы»

Салыстырмалы кесте құрыңыз

3

Мұғалім мен тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Реферат

4

Мұғалімге қажетті кәсіби маңызды қасиеттердің

қайсысы сізде көп кездесетіні туралы жазып

көріңіз.


Жинақталған кесте құру



5.2 Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары

5.2. 1.Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру философиясы жайлы жалпы түсінік.

5.2. 2.Білім беру кұндылық ретінде.

5.2. 3.Білім беру жүйе ретінде.

5.2. 4.Білім беру процесс пен іс-әрекет ретінде.

5.2. 5.Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзірет-тілік – мәдениет - діл (менталитет).

5.2.6.Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.

5.2.7.Кәсіби білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны.

5.2.8. Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі

5.2.9.Қазіргі қоғамдағы мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы.

5.2.10.Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардың өзгеруі.

5.2.11 Мұғалім профессиограммасы.

5.2.12. 12-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері.

5.2.13. Шығармашылық ұғымы.

5.2.14 Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе.

5.2.15. Шығармашылыққа үйрену жолдары.

5.2.16. Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік.

5.2.17. Педагогикалык қарым-қатынас түрлері.



5.2.18.Педагогикалык қарым-қатынас стильдері.

5.2.19.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі.

5.2.20.Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.

5.2.21.Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет