ПОӘК 042-18-31 69/03-2014 №3 басылым «11». 06. 2015 ж



бет6/8
Дата10.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3553
1   2   3   4   5   6   7   8

Сұрақтары. Ерте ғасыр философиясындағы ойлау мәселесі. Ойлау мәселені шешу ретінде. Ойлау мінез құлық ретінде. Когнитивті психологиядағы ойлау.

Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде: белгілер, ойлау формалары, ойлау операциялары.

Ойлаудың бастапқы формасы болып-ұғым – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы ұғым бірыңғай заттар мен құбылыстарды білдіреді. Мысалы: «стол», «Ғимарат». Дара құбылыстар қандайда бір затты білдіреді. Мысалы: «Енесей», «Венера». Шындықтағы заттың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір дегеніміз- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі-ой қорытындылары-ол бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке, бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Ой қорытындысының 3 түрі болады: Дедукциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукциялық- жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы. Аналогиялық- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.

Ойлаудың негізгі белгісі – түсіну. Түсінудің 2 түрі болады. 1. Тікелей түсіну-жанама ой операциясын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс. 2. Жанама түсіну- бірнеше аралық басқыштардан тұратын ой операцияларын керек ететін, нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Ол сұрақ қоюдан басталады. Ойлау дегеніміз- мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Жанама түсіну жаңа затты құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз.

Ойлау операциялары:

Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз. Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.

Шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау механизмдері. Психологтар адамның ерекше, жаңа шығармашылық тапсырмаларды қалай шешу қажет екенін түсіну үшін көп күш жұмсаған. Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген сұраққа алғаш жауап бергендердің бірі болған ДЖ. Гилфорд болған. Шығармашылыққа арнаған жұмыстарында, ол креативтіліктің даму деңгейін анықтайтын адам ойлауындағы 4 ерекшелікті көрсететін концепциясын ұсынды:

Интеллектуалды жаңалыққа ұмтылу, айтылған ойдың ерекше және оргениалды болуы. Шығармашылыққа қабілетті адам әрқашан және барлық жерде өз шешімін табуға тырысады.

Шығармашылық адам семантикалық иілгіштігімен айрықшаланады, яғни обьектіні жаңа бұрышынан қарай білу, жаңа қолдануды таба білу.

Шығармашылық ойлауда әрқашан образды бейімделген икемділік болады, яғни обьектіні қабылдауды оның жаңа жабық жақтарын көре алатындай өзгерту қабілеті

Шығармашылық ойлауын адам басқа адамға қарағанда түсініксіз жағдайда әртүрлі идеяларды талдай алады. Шығармашылық ойлаудың бұл қабілетін Дж. Гилфорд семантикалы, спонтанды гипность деп атады.

Шығармашылық ойлаудағы кедергілерді көрсеткен Линдсит, К.Холл және Томпсон болған. Олар шығармашылық қасиеттің кедергі болған тұлғалық қырлар, сонымен қатар комформизм, басқаның алдында күлкілі болып қалам ба деген сезім және т.б.

Сонымен, ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау процесі бір мәселелі жағдайлар пайда болғанда, сол мәселені шешу керектігінде айқын көрінеді.

Ойлау сұрақтан басталады да, оның жауабы ойлаудың мақсаты болады. Ойлаудың маңызды ерекшелігі - оның сөзбен байланыстылығы.

Ойлау түрлері:

1. Ойлау формасы бойынша үш түрге бөлінеді:

Нақты әрекеттік ойлау;

Нақты бейнелік ойлау;

Абстрактылы логикалық ойлау-ең негізгі қасиеттері б-ша ойлау.

2. Мәселелерге қатысты екі түрге бөлінеді:

Теориялық ойлау;

Практикалық ойлау.

3. Анықталуына қатысты екі түрге бөлінеді:

диструктивті ойлау-логикалық дәлелдеу арқылы;

интуитивті ойлау- сезімге жүгіну.

4. Оригиналдылығына байланысты екі түрге бөлінеді:

репродуктивті ойлау-қайта жаңғыртушы (Мысалы, 2х2=4)

продуктивті ойлау - жасампаз ойлау (2х Х=4)

Ойлау операциялары

Анализ (талдау);

Синтез (жинақтау);

Нақтылау (шие, алмұрт, алма);

Жалпылау (жеміс-жидек);

Салыстыру (8>5);

Абстрация.

Ойлаудың физиологиялық негізі

Ойлаудың физиологиялық негізі И.П. Павловтың Жоғары жүйке жүйесі іліміне байланысты түсіндіріледі.

Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.

Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қорытындылары деп аталады.

Ой қорытындыларының үш түрі болады:

1.Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

2.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

3. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
13 Тұлғаның қазіргі психологиялық концепциялары.

Сұрақтары. К. Левиннің тұлға теориясы.Тұлға және Маслоудың психологиялық концепциядағы мотивация деңгейлері.

Леонтьевтің қажеттіліктер және финоменологиялық және құндылық айырмашылығының концепциясы. В. Франклдың тұлға теориясы. Келлидің тұлғааралық құрылым концепциясы.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі кезеңі xx ғ.30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін түсіндіруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегі психология ғылымындағы негізгі психологиялық бағыттардың немесе мектептердің ғылыми зерттеу жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының өкілі - К. Левиннің “мотивацияның динамикасы” теориясы. К. Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүріс-тұрыста ,кейіннен коллективті жүріс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өріс”ұғымын “психологиялық кеңістік”ұғымымен сәйкестендірді. К. Левин концепциясы бойынша адам жүріс-тұрысының негізгі қозғаушы күші -өмірлік психологиялық кеңістіктегі адамдардың мотивтерінің ішкі шиеленісі. К. Левин және Э. Толмен көзқарастары негізінде жүріс-тұрыс екі өзгермеліден: а) бір нәрсені күту: ә)мотивтерге айналатын құндылықтар ретінде қарастырылады.

К. Левин бойынша, адам өзіне-өзі берген тапсырмалар негізінде “квази қажеттіліктер”-соны орындауға деген қажеттілік пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,іс-әрекетте шынығатын шиеленістер жүйесін шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгізсе, онда бұл іс-әрекет қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделі теориялардың бірі, америкалық психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және неміс психологы Хекхаузен ұсынған іс-әрекет түрлеріндегі - “табысқа жету мотиві”. Д. Аткинсон және К. Берчтің “аисторическая и афизологическая” мотивациялық теориялары.

“Үшінші күш” ретінде танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты “өркендеу теориясы” деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К. Роджерс және К. Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.

А. Маслоудың мотивацияның “тұлғалық” теориясының негізінде өз-өзін актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері: “Мотивация и личность” (1954,1957). А. Маслоу осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша ,әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап ,бегілі-бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын,оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделеніп ,адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші ретінде маңызы артады. Осы төмендегі деңгеідегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.

-Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалу, шөл,жыныстық қатынас);

-Қауіпсіздік қажеттіліктері (өзін сәтсіздік,қорқыныш жағдайларынан қауіпсіз сезіну, өз-өзін қорғау қажеттілігі):

-Сүйіспеншілік және өзін қабылдау қажеттілігі (өзінің белгілі бір ортада қабылдануы,ұнатуы сезімдеріне бөлену қажеттілігі):

-Өзін құрмет тұтуға қажеттілік (өзінің қажеттілігін сезіну,біліктілік,табысқа жету,құптау,жетістігін мойындату):

-Өзін жүзеге асыруға немесе жетілдіруге қажеттілік (өз мақсатын,қабілеттерін жүзеге асыру,жеке тұлғасын дамыту)

Бұл теория бойынша, ең маңыздысы өз-өзін актуализациялауға жүзеге асыруға бағытталған. Өзін-өзі актуализациялау, олар арқылы адамның даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады өзін-өзі актуализациялаудағы қажеттілік негізінде адамда белгілі бір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ерекше типі қалыптасады. Жүріс-тұрыс қажеттіліктермен қабілеттерге тәуелді және ішкі, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

XХ ғ. 2-ші жартысында адам жүріс-тұрысының мотивациясын түсіндіруде “әлеументтік қажеттіліктер” мен “гуманистік” теориялардың маңызы зор болды. Оның өкілдері Д.Актинсон, Ю.Роттер, Г.Маррей, Г.Хекхаузен, Г.Келли, А. Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерін қарастырғанымен, бәріне бірдей ортақ жақтары бар олар:

-Адам және жануар жүріс-тұрысын бірдей түсіндіретін біртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкін еместігін мойындау:

-Адамның мотивациялық қозғаушы күші тек ішкі шиеленісу деңгейімен сипатталмайтындығына сендіру:

-Адам мотивациясының қозғаушы күші оның белсенділік приципінің негізінде адам психологиясына байланысты екенін бекіту:

-Адам жүріс-тұрысының сана арқылы реттеліп отыратындығы:

-Адам мотивациясына ғана тән ерекшеліктерді (әлеуметтік қажеттіліктер,мотив,өмірлік мақсат,танымдық фактор)бөліп шығару:

-Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшін жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдістерді теріске шығару:

-Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдістерді іздеу және оны санамен,тілмен байланыстыра отырып жүргізу:

Мотивацияның адам жүріс-тұрысын түсіндірудегі жаңа психологиялық концепциялары арасында адам білімі мен санасына ерекше маңызды орын беретін мотивацияның когнитивті теориялары жоғары орын алады. Іс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерінен ғана емес,сонымен бірге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкін. Осы кезде дүниеге келген,қазіргі кезге дейін адам жүріс-тұрысын түсіндіруде көп қолданылатын теориялардың бірі - “Мотивацияның когнитивті” теориясы. Бұл теория бойынша негізгі мәселе адам санасы мен біліміне,оның танымымен байланысты феномендерге тікелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негізгі ұғымдары – когнитивті диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшін құндылығы, сәтсіздікке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейі. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестікте болатын мотивациялық феномендер.

Бұл факторға алғашқылардың бірі болып көңіл аударған – “Когнитивті диссонанс” теориясының негізін салушы Л.Фестингер. оның мотивация теориясы әлеуметтік психология мен биология негізінде қалыптасқан. Негізгі еңбегі – “Теория когнитивного диссонанса” (1958). Оның пікірінше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзі туралы білімдер жүйесі өзара келісімге ұмтылады. өзара келіспеушілік немесе дисбаланс орнаған жайдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзі қабылдаған шешіміне маңызды құндылық беру және осы таңдауының жалғыз, дұрыс шешемі екендігін ақтайтын психолоогиялық қорғаныс жүйесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар қабылданған шешімді жоққа шығараруға, жармсыздығын дәлеледеуге қосымша фактілер іздеп, сол арқылы өз шешеімінің дұрыстығына көңіл қояды. Когнитивті диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзін келіспеушіліктің негізгі себепшісі ретінде түсініп, өзін тікелей жауапты сезініп, уайымдағанда пайда болады.

14 Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері және Қазақстандағы психологияның бүгінгі жағдайы

Сұрақтары. Ежелгі түрік жазбаларындағы психологиялық ойлар.

15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары.

19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуынан бастап психологиядағы жетістері. Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары. Өлкеміздегі психологиялық іргелі ғылыми зерттеулер тек Кеңес өкіметі жылдарында өркен жайып дами бастады. Психология ғылымының дами түсуіне Қазан төңкерілісіне дейінгі он төрт ғасырлы ұзақ мерзімде жасалған ізгілікті алғышарттар басшылық етті. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.

Қазақстандағы психологиялық ғылыми жұмыстар. Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.

1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Олардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және арнаулы оқу орындарына жолдама алды. Кейбірі кейін психолог – ғалымдардың қатарына қосылды. Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация қорғады.

Республикада алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» деген тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағынан И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.

М. Мұқанов «Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери – архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар көрсеткен ерлік істеріне психологиялық талдау жасады. 50-60 жылдары республика тақырыбына арналған басқа да ондаған зерттеу жұмыстары психологияның түрлі салалары бойынша (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде біраз еңбектер жарық көрді.

1946 жылы ҚазПи-де дербес психология кафедрасы құрылып, аспирантура ашылды. Көп ұзамай Қазақ университетінде де психология мамандығы бойынша аспиранттар даярлана бастады. Республикада психология ғылымының дами түсуіне 1973 жылығы Алматыда өткен «Ойлау және қарым-қатынас» атты Бүкілодақтық симпозиумның, сондай-ақ Ақмоладағы республикалық конференция мен Шортандыдағы (Көкшетаудағы) жас психолог ғалымдардың конференциясы, 1980 жылы Алматыда ұйымдастырылған КСРО Психологтар қоғамы Орталық кеңесінің көшпелі сессиясының мәжілісі, 1990 жылы өткен республикалық «Қазақстандағы педагогика және психология ғылымдарының өміршең мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция елеулі орын алды. Республикада 1958 жылдан бастап Қазақ ССР-і Психологтер қоғамының, жастар мен мектеп оқушыларына кәсіби-бағдар беретін (Алматы) «Отбас қызметі» атты консультациялық кабинет жұмыс істейді.Психологиялық проблемаларды зерттеу ісімен педагогикалық институттар мен университтердің арнаулы кафедралары аналысады. Үш жүзге жуық ғылыми қызметкер Қазақ ССР-і Психологтер қоғамына бірігіп отыр.

Қазақстандағы психология ғылымының қазіргі жағдайы. Соңғы кездері, қайта құру, жариялылық, демократиялық бетбұрыстар кең өріс алған кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, ұлт өміріне байланысты соңғы ізденістер жүргізу колға алынды. Ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелерін, мал шаруашылығының түрлі салаларына қажетті мамандықтың психологиялық ерекшеліктерін, жетімдер үйлері мен мектеп-интернаттардағы, гимназия, лицей, медресе оқушыларының, алыстағы мал жайылымдарындағы кешендік мектептерде – тәрбиеленіп жатқан шәкірттерді, ақыл-есі кежелеу дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу, ұлттық мектептер бағыт-бағдарына өзгерістер енгізу, кешкі, сырттай оқытатын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің оқу мазмұнын анықтау, орта, арнаулы, жоғары оқу орындарының көптеген психологиялық мәселелерін шешу көзделуде.



3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
1. Қазіргі психологияның тарихы, күйі және тенденциялары пәнінің орны, жалпы сипаттамасы
2. Психологиялық білімнің құрылымдық бейнесі тарихи психология ретінде

1. Психология тарихы өзекті мәселелермен байланысты

2. Психология тарихы эвалюциялық көрініс пән ретінде көрінуі
3. Ғылыи таным әдісіне қойылатын талаптар және психология ғылымындағы өнердің жүзеге асуы

1. Психологияның дербес ғылымына енгізген жаратылыстану ғылымына алғышарттары.

2. Психологияның дербес ғылым ретіндегі алғашқы кезеңдері
4. Бихевиоризмдегі ғылыми зерттеулердің бастауы мен дамуы


  1. Бихевиоризм пайда болуының алдыңғы тарихы. У. Джеймстің және Дж. Дьюидің функционализмі. Р. Вудворттың “Динаикалық психологиясы” және Э.Тондайктың протобихевиоризмі.

  2. Бихевиористік эксперименттегі жаратылыстық-ғылыми әдіске негізгі талаптарды жүзеге асыру. Бихевиористердің эксперименттік мәліметтері мен теоиялық схемаларындағы қарама-қайшылық.

  3. Необихевиоризмнің күйі мен дамуы. Мінез-құлықтық психотерапияның қалыптасуы мен дамуы.

5. Гештальтпсихологияның басауы мен дамуы.



  1. Тұтастылық иеясының тархи аспектідегі трансформациясы.

  2. Гешталь псиоогияның ойлауды зерттеу процесіне қосқан үлесі.

  3. Ойша есептерді шешу процесі ретінде

6. К. Левин еңбектеріндегі тұтастылық идеясының дамуы



  1. К.Левин зерттеулеріндегі зерттелетін процестердің жаратылыстық – ғылыми түсініктерінің мүмкін еместігі және “классикалық емес жағдаяттарды талдау мәселесі”.

  2. Эксперименттік – жағдаятардың диалогтылығы мәселесі.

7 Психоанализ психологияның практикаға бағытталған саласы ретінде

1. Психоанализ пайда болуының алғы шарттары

2. Психоаналитикалық әдістің диалогтік сипаты.


8. Когнитивті психологияның даму тенденциясы, жағдайы, тарихы.

1. Таным процестеріне жалпы сипаттама және оның әртүрлі деңгейдегі жетілуі.

2. Субъективиз танымдық әрекетің жетістігі.

3. Таным процесіндегі субъективизмнің проблемалары.


9. ХХ ғасыр психологиясындағы Л.С. Выготскидің идеяларының дамуы.

1. Психиканың философиялық мәселесі және Экспериментальды зерттеу фенонімі ретінде.

2. Мәдени–тарихи психологиядағы талдаудың бірлік мәселесі.

3. Интериоризация жаңа зерттеу технологиясының әдістемелік принципі ретінде.

10 Психологиядағы жүйелік-іс-әрекеттік тұрғының тарихи және гносеологиялық алғышарттары.

1. Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясының психологиядағы жүйелік-іс-әрекеттік тұрғының қалыптасуындағы рөлі.

2. «Іс-әрекет» категориясының мәні жөніндегі қазіргі түсініктер.

3. Іс-әрекеттің құрылымы және іс-әрекет дамуы проблемасы


11. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық тұжырымдамасының дамуы.

1. Іс-әрекетті талдауға қазіргі кездегі тұрғылар. Іс-әрекет психологияның пәні және психология ғылымының категориясы ретінде.

2. Іс-әрекетті психологиялық талдаудың оперативті, когнитивті және интимді-тұлғалық бірліктері.
12. Сана мен тұлғаның іс-әрекеттік тұжырымдаманың дамуы.

1. Жекедара сана ақиқаттар жүйесі ретінде. Жекедара сананы эксперименттік зерттеу міндеттері.

2. Іс-әрекеттің жүйелік қасиеттері мен сипаттамаларының өзарабайланысы. Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғарысезімтал» қасиеті ретінде (А.Н. Леонтьев).

3. Тұлғаның жүйелі-құрылымдық талдау мәселесі. Тұлғалық мағыналар және мағыналық құрылымдар мәселесі.


13 Танымдық процестердің жүйелік-іс-әрекеттік талдау проблемалары.

1. Танымдық іс-әрекет ерекше психологиялық жүйе ретінде.

2. Іс-әрекет танымдық процестер жүйесінің жүйеқұраушы факторы ретінде.

3. Онтогенездегі танымдық іс-әрекет дамуының кезеңдері.


14 Іс-әрекеттік тұрғының жаңа түсіндіруші мүмкіндіктері.

  1. Түлғаның «жоғарғы нормативтік белсенділігі» жалпы және әлеуметтік психологияның мәселесі ретінде. Псевдобірлескен іс-әрекет жоғарғы нормативтік белсенділік көрінуінің формасы ретінде.

2. Бірлескен іс-әрекет және оның құрылымдануы


4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.



Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.



Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.



2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.



3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.



4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.

Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет