ПОӘК 042-18. 38. 44/01-2013.№1 баспа 2013 ж



бет24/45
Дата31.01.2018
өлшемі4,53 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45

неғұрлым көп болса, призманың сындыру бұрышы солғұрлым көп болады. Мына шама заттың дисперсиясы деп аталады. Барлық мөлдір заттар үшін заттың сыну көрсеткіші толқын 6.3-сурет ұзындығының өсуіне байланысты азаяды: (6.3суретке қараңыз). Егер жарықтың толқын ұзындықтары көбейгенде (тербеліс жиілігі азайғанда) сыну көрсеткіші кемитін болса, ондай дисперсияны қалыпты дисперсия деп атайды. Ал жарықтың толқын ұзындығы кемігенде (тербеліс жиілігі артқанда) сыну көрсеткішінің кемуі аномаль дисперсия деп аталады.

Ақ жарық мөлдір призмадан өткенде жеті түрлі түске жіктеледі. Бұл құбылысты спектр деп атаймыз. Әр түрлі жарық көздерінің спектрлерін зерттегенде, спектрдің бірнеше түрлері болатындығы тағайындалды. Қызған қатты денелер мен сұйықтар шығаратын жарықтардың спектрлері тұтас спектр болады. Мысалы, электр шамының қыл сымы қызғанда шығаратын жарығының спектрі тұтас болады.

Сиретілген газдар мен булар сызықтық спектрлер шығарады. Мысалы, инертті газдардың, сутегі, оттегі атомдарының, сондай-ақ металл буларының шығаратын жарығының спектрлері сызықтық болады.

Жарқырайтын дененің шығаратын спектрлері шығару спектрлері деп аталады. Кез келген жарық көзі шығарып тұрған жарық ағынын мөлдір зат арқылы өткізсек, онда ағын энергиясының бір бөлігін зат жұтып алады. Заттар толқын ұзындықтары әр түрлі жарық сәулелерін бірдей жұта бермейді. Қызған кезінде зат қандай толқын ұзындықтағы сәуле шығаратын болса, ол сондай толқын ұзындықтағы сәулені жақсы жұтады. Демек, атомдардың жұтылу сызықтары олардың сәуле шығару сызықтарына сәйкес келеді. Бұл Кирхгоф заңы делінеді.

Заттың құрамын оның сәуле шығару спектрі бойынша анықтау спектрлік анализ деп аталады.

Спектрлік анализ металлургияда, биологияда, химияда, физикада тағы басқа салаларда қолданылады.



Жарықтың (абсорбциясы) жұтылуы Жарық толқыны басқа зат арқылы өткенде сол затты құрайтын атомдардың электрондарын еріксіз тербеліске келтіреді. Оған жарық толқынының біраз энергиясы жұмсалады. Сөйтіп, жарық толқыны бірте-бірте өше береді. Осы процесті жарықтың әлсіреуі деп атайды. Сонымен қатар жарық толқынының келесі бір бөлігі энергияның басқа түріне айналып кетеді.

Жарық толқыны энергиясының заттың ішкі энергиясының басқа түріне айналып кетуін жарықтың жұтылуы деп атайды. Біртекті ортаға сәулелерін параллель түсіріп тұрған монохромат жарықтың жұтылуын П. Бугер мен И. Ламберт анықтап берді: Өте кішкене бірдей қалыңдықтағы (d) жарықтың азаюы (dI) осы қашықтыққа және жарықтың күшіне (I) тура пропорционал болады;

,мұндағы α — жұтылу коэффициенті, ол заттың табиғаты мен толқын ұзындығына байланысты. Қалыңдығы -ге тең денеден өткенде жарықтың жұтылу теңдеуі:

бұл

Туннельдік эффект
Энегетикалық жарықтылық (сәулелену)
Жарық ағыны ф-тің
Фазалық жылдамдық
Когеренттілік
Интерференциялық минимум шарты:
Максимумдардың орны
Жұқа қабыршықтағы
Тақырып: жарық толқындарының дифракциясы.
Френель дифракциясы.
Дифракциялық тордағы фраунгофер дифракциясы
Тақырып: жарықтың поляризациясы
Малюс заңымен
Тақырып: жарықтың затпен өзара әсерлесуі.
Бугер-ламберт заңы
Тақырып: жылулық сәуле шығару
Стефан-больцман заңы.
Тақырып: люминесценция
Стефан-больцман заңы
Планк формуласы
Боте тәжірибесі

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу