ПОӘК 042-18. 38. 44/01-2013.№1 баспа 2013 ж



бет31/98
Дата22.02.2018
өлшемі9,54 Mb.
#38178
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98
Есеп мысалдары

1. 1 см3 көлемде 0,1 МПа қысымда азоттың 2,7*1019 молекуласы әртүрлі бағытта әртүрлі жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдықтарының вертикаль құраушылары 999-1001 м/с аралықта жататын молекулалардың саны 1,3*1012. 1 л азотта осындай қанша молекула бар?



2.Жылдамдықтарының х өсі бойынша құраушыларының жылдамдықтары 3000-3010 м/с аралығында болатын сутегі молекулаларының санының осы бағыттағы жылдамдықтарының құраушылары 1500-1505 м/с аралықта жататын молекулалардың санына қатынасын табу керек.

3.Цилиндрдің бетіне қадамы h болатын винттік канал тілінген. Цилиндрдің бір жағында сиретілген газ, екінші хағында вакуум болсын. Молекулалар каналмен жылдам жұтылады және цилиндр бұрыштық жылдамдықпен айналады деп есептеу керек. Канал арқылы өтетін молекулалардың жылдамдығы қандай?

4. Жер бетінде азот молекулаларына қарағанда гелий молекулалары 105 есе, ал сутегінікі 106 есе аз. Қандай биіктікте гелий молекулаларының саны азот молекулаларының саныне тең болады? Сутегінікі ше? Атмосфераның оратша температурасы 270С.



5.Бағытталған шоқ молекулаларының таралуы төмендегідей функциямен берілсін: . Молекула массасы m. Шоқ ені L аралықтан өткенде әр бір молекулаға F кедергі күш әсер ететін болса, таралу функциясы мен бірлік көлемдегі молекула саны қалай өзгереді?

6. Қандай да бір газдың молекулаларының ең ықтимал жылдамдығы 1820 м/с. Бұл қандай газ? Егер газ температурасы 1270С болса молекулалардың орташа арифметикалық және орташа квадраттық жылдамдықтары қандай?




    1. Газ молекулаларының орташа соқтығысу саны.

Орташа еркін қозғалыс жолы
Молекулалардың бір бірімен соқтыққанға дейінгі жүретін еркін қозғалыс жолының ұзындығын анықтайық. Молекулалар саны өте көп және қозғалысы ретсіз болғандықтан орташа еркін қозғалыс жолының ұзындығын есептейік. Зерттеуді оңайлату үшін қарастырып отырған молекуладан басқа молекулалар қозғалмайды және осы молекуланың қозғалыс бағыты басқа молекулалармен соқтығысқаннан соң да өзгермейді деп есептейік. Молекуланы радиусы , жылдамдығы шар деп алайық. Сонда молекула қашықтығы - ден кіші болатын барлық молекулалармен соқтығысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет