ПоәК «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандықтарына арналған



бет2/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,76 Mb.
#10538
1   2   3   4


1.3. Пән пререквизиттері:

Пәнді толық меңгеріп шығу үшін төмендегідей талаптар қойылады:

- Іскерлік қазақ тілі пәні бойынша орысша-қазақша сөздік, оқу құралдарын даярлау;

- тәжірибелік сабақ кезінде берілген материалды толық меңгеру;

- ОСӨЖ тапсырмаларын оқытушы белгілеген уақытта тапсырып отыру;

- СӨЖ тапсырмалары бойынша ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізу;

- тиісті жаттығу жұмыстарын уақытында тапсырып отыру;

- технологиялық картада көрсетілген бойынша ұпай жинау.


1.4. Пән постреквизиттері:

Пәнді үйренуге төмендегідей қосымша білім көздері көмектеседі:

- қазақ тілі пәні;

- іс қағаздарын жүргізу;

- әдебиет;

- педагогика.


1.5. Глоссарий

Мәмлегер дипломат

Рұқсаттама виза

Үлгеру успевать

Құпия секрет

Қызықты интересный

Уақытты созу тянуть время

Іскер деловой

Дағдарыс кризис

Даму развиваться

Жаппай массовый

Салыстырғанда по сравнению

Белсенді активный

Растау подтверждаться

Рәсімдеу оформлять

Жағдай условия

Жаңалық новость

Жүйе система

Демеуші спонсор

Заңдылық законность

Парыз долг

Жеңілдік льготы

Қаржыландыру финансировать

Ілгерлеу прогресс

Пайда үлесі доля прибыли

Бәсекелес конкурент

Алғыр способный

Бейнетқор трудолюбиви

Беделді влиятельный

Балама эквивалент

Дайын өнім фабрикат

Деңгей уровень

Еңбекқорлық трудолюбие

Шегерім скидка

Ынта интересс

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың классификациясы-классификация гласных, согласных

Буын үндестігі созвучие слогов

Дыбыс үндестігі созвучие звуко

Жұрнақтар суффиксы

Зат есім имя существительное

Жіктік жалғаулар личные окончания

Сын есім имя прилагательное

Сан есім имя числительное

Есімдік местоимение

Есімше причастие

Көсемше деепричастие

Үстеу наречие

Етістік глагол

Етістіктің шақтары времена глагола

Курс мақсаты:

Іскерлік қазақ тілі қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Студентердің тіл байлығын дамыту, білімдерін мамандықтары бойынша жетілдіру. Сөздік қорларын байыту.


Курс міндеттері:

  • Іскерлік қазақ тілінің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;

  • Іскерлік қазақ тілі дербес ғылым екендігін таныту;

  • Іскерлік кездесулердегі сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктерін түсіндіру.



Курс мазмұны:

  • Белгілі тақырыптағы іс құжат түрлеріне талдау жасау негізінде, оның лексикасын, грамматикасын, реквизиттерін меңгерту.


Курс талабы:

  • Cтудент белгілеген уақытта ОСӨЖ тапсыруы керек;

  • СӨЖ компьютерлік терілімнен өткізілуі керек;

  • Арнайы көрсетілген беттерді ксерокстен өткізу керек;

  • Берілген әдебиеттердің керекті беттерінен конспекті толтыру;

  • үлгере алмағанын алдын ала ескерту;

- Сабақ босатпау

  • Тапсырманы дер кезінде орындау

  • Дұрыс орындалмаған жұмысты қайыра жазу


1.6. Пайдаланылатын негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

С.Досжанова,С.Суатай.Іскерлік қазақ тілі Алматы 2001

Т.Өмірзақ,Ә.Сансызбай.Қазақ тілі ІІІ деңгей Астана 2006

Б.Қалиұлы. Қазақ тілінің көкейтесті мәселелері Алматы, 1997

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Тіл туралы заң.

Г.Қарақұсова., З.Күзекова .Қазақ тілі.А.-1997

А.Аяпова. Қазақ тілі 1-2 кітап. А.-1997

Қазақ тілі. А.С.Сейдімбекова . А-1999

К.Сариева Қазақ тілі және елтану. Алматы, 2000

Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай Практикалық қазақ тілі

Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. А., 1994
Қосымша әдебиеттер:

1. Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы. А.Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған конференция материалдары. – астана, 1998



  1. Хасанов Б. Ана тілі – ата мұра. Алматы, 1992

7. Әбілқасымов Б. 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1982, 122б.

8. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971

9. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1972

10. Әбілқасымов Б. 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982, 101 б.

11. Альбов А.С. письмо зарубежному партнеру. – СПб.: Судостроение, 1991

12. Андреева В. Делопроизводство. – М.: 1994.

13. Бондырева Т. Секретарское дело. – М.: Высш. Шк., 1989.

14. Кузнецоаа Т. Управленческая документация. – М.:Экономика, 1985.

15. Кузнецова Т. Основы документирования. – М.: МГИАИ,1988

16.Уәлиұлы Н. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттары. 1998.

17.Основные правиладокументирования и управлениядокументацией в учереждениях и организациях Республики Казахстан. – Алматы, 1992





    1. Курстың тақырыптық жоспары:





Тақырыптар

Сағат саны








дәріс

прак

лаб.

ОС

ӨЖ


СӨЖ

1

Тіл туралы Заң Қазақ терминологиясының тарихы.

Терминком бекіткен сөздер.






1




0,5

1,5

2

Фонетика.Орфография. Сәлемдесу этикеті.Жұмыс орны қай жерде? Танысу.




1




0,5

1,5

3

Морфология.Сөз құрамы.Кәсіптік терминдер. Менің мамандығым Қазақстан экономикасында.




1




0,5

1,5

4

Зат есім.

Жұмыс аптасын жоспарлай білесіз бе?

Уақытты үнемдеу.




1




0,5

1,5

5

Етістік. Іскерлік кездесулер. Ресми қабылдауда. Келісім. Келісім не үшін керек?




1




0,5

1,5

6

Етістіктің шақтары.

Келіссөз.Үлкен табыстарға қалай қол жеткізуге болады?






1




0,5

1,5

7

Бақылау жұмысы.



1




0,5

1,5

8

Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Өз бизнесіңізді қалай ұйымдастыруға болады?




1




0,5



9

Сын есім.Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Кәсіби шеберлік адамгершіліктен басталады.




1




0,5

1,5

10

Тыныс белгілері.

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.



Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу. Жарнама –кіріс кепілі.



1




0,5

1,5

11

Пунктуация. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. БАҚ-пен жұмыс.




1




0,5

1,5

12

Ресми құжаттар. Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері, емле ережелері.
Көпшілік алдында сөз сөйлей білесің бе?




1




0,5

1,5

13

Төл сөздің тыныс белгілері. Іскер адамға қажетті қағидалар.




1




0,5

1,5

14

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері. Іскерлік байланыстар: Екі ел арасындағы қарым – қатынасты дамыту.(газет,журналдармен жұмыс)



1




0,5

1,5

15

Межелік бақылау. Қорытынды тест



1




0,5

1,5




Барлығы



15




7, 5

22,5

1.8. Әртүрлі жұмыстарды бағалау шкаласы
Студенттер білімін бағалау көрсеткіші


Әріптік бағалар

Баға мағынасы

Балл

Пайыз %

А

өте жақсы

4,00

95-100

А-

өте жақсы

3,67

940-

В+

жақсы

3,33

85-89

В

жақсы

3,00

80-84

В-

жақсы

2,67

75-79

С+

қанағаттанарлық

2,33

70-74

С

қанағаттанарлық

2,00

65-69

С-

қанағаттанарлық

1,67

60-64

С+D+

өту балы

1,33

55-59

D

төменгі өту балы

1,00

50-54-

F

төмен

0,00

0-49

I

толық қамтылмаған

NA




W

шығарылды

NA




A W

әкімшілдік тарапынан шығарылды

NA




P

өтті

NA

0


Жұмыс түрлерін бағалау критерийлері.


Р/С

Жұмыс түрлері

БАЛЛ

1

2

3



4

5


Ғылыми аударма

Конспект


Өздік жұмыс

Реферат


Сөздік

4

2

4



4

2



Оқу үрдісінде студенттерге әкімшілік тарапынан қойылатын талаптар:

  • кешігуі – минус 0,5 балл

  • сабақ босатуы – минус 2 балл

  • жұмысты уақытында өткізбеу – минус 1 балл

  • емтиханға қатысу – емтиханды босатуға болмайды

  • Студент білімін қорытынды емтихан бағасы бойынша анықтау

Аралық бақылау – 40%

Емтихан - 60%

Қе – қорытынды емтихан бағасы процентпен – 100

Мқ – қорытынды межелік бақылау бағасы процентпен

Е – емтихан бағасы процентпен

0,6 және 0,4 коэфициенттері


2. Тәжірибелік сабақ тақырыптары және оны жазуға әдістемелік нұсқау
2.1. Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен жетілдіру. Пән бойынша жан-жақты мағлұмат беру.

Міндеттері:

  • әр тақырыпты сапалы меңгерту мақсатында жүйелі білім беру;

  • әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру, меңгерту;

  • үлгімен жұмыс істей білуге және оны сауатты толтыра білуге машықтандыру;

  • Тиісті білімді меңгеру үшін материалдық қамтамасыз ету.


2.2 Тәжірибелік сабақтардың қысқаша мазмұны.

1.Тақырыбы: Тіл туралы Заң.

Қазақ терминологиясының тарихы.

Терминком бекіткен сөздер.



Мақсаты: Тіл туралы Заңды оқу.Қазақ терминологиясының тарихын білу.
Лексикалық минимум:

Тілдердің қолданылуы, құқықтық негіздер, қамтамасыз ету, бап, жалпы ережелер, қолдану заңдылықтары, уәкілетті орган, мемлекеттік саясат, тілді меңгеру, беделін нығайту, парыз, дамыту, міндет, қамқорлық жасау, тегін жазу, уәкілетті органның құзыреті, халықаралық ұйымдар, шарттар, уағдаласушы тараптар, шаралар кешені, мөрлер, мөртаңбалар, мемлекеттік тіл, ауызша ақпарат, хабарландыру, маңдайшалар, тілді құқықтық қорғау, құжаттама жүргізу тілі, сот ісін жүргізу, алқа мәжілістері, ілеспе аударма, почта-телеграф жөнелтілімдері, жергілікті атқарушы орган, өңірлік бағдарлама, іс қағаздарын жүргізу, азаматтардың өтініштері. Қазақ терминологиясының тарихы.

Ғылым мен техниканың әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы сөздер терминдер деп аталады.Терминдер жеке бір ғана ұғымды білдіргендіктен, бір мағыналы болып келеді.

Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

1.Басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінен балама табу.1) жергілікті және көне сөздер алынған: кеден - таможня, кешен – комплекс, бап – статья, жарғы –устав; 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, төлқұжат – паспорт, мұражай – музей, елтаңба –герб, т.б.

2.Тілімізге басқа тілдер арқылы енген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат, куб, т.б.; химия терминдері: аммиак, азон, гидрат,т.б.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Лексикалық минимумда берілген сөздерді аударыңыз, сөйлемдер

құраңыз.

2. Қазақ терминологиясының тарихы

3. Терминком бекіткен сөздер

4. Топонимика дегеніміз не?

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп нешінші бапта жазылған?

6. Диаспора дегеніміз не?

7. Термин деген не?

8. Терминдердің мағыналық ерекшеліктері қандай?



Әдістемелік нұсқау:

Қазақ терминологиясының тарихымен танысу. «Тілдер заңындағы» баптармен танысу. Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау: Терминком бекіткен сөздерді жаттау (орысша варианттарын білу)

Әдебиеттер:

Б.Қалиұлы. Қазақ тілінің көкейтесті мәселелері Алматы, 1997

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы негізгі заң актілері.

Алматы:ЮРИСТ,2006.

2. Тақырыбы: Фонетика.Орфография.

Сәлемдесу этикеті.Танысу. Жұмыс орны қай жерде?



Мақсаты: Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы: род категриясының жоқтығы, екпіннің соңғы буынға түсуі, т.б. ерекшеліктері туралы мәлімет беру.

Сәлемдесу- ел ішіндегі береке, ынтымақ, бірліктің, сыйластықтың негізі екендігін түсіндіру.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығын және оны қарастыратын тіл білімінің саласы

Фонетика - тілдегі дыбыстардың жасалуын, пайда болуын, ол дыбыстардың жүйесі мен заңдылықтарын зертейтін ғылым.

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстар - ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ.

Қазақ тілінде екпін соңғы буынға ғана түседі.

Қазақ тілінде заттың меншіктілігін білдіру үшін тек есімдіктер ғана емес, олармен бірге тәуелдік жалғаулар да қолданылады: менің үй-ім, сенің анаң

Қазақ тілінде предлогтар жоқ.

Орыс тіліндегі предлогтардың мағынасы қазақ тілінде септеулік шылаулар және жалғаулар арқылы беріледі: для экономики-экономика үшін;
Лексикалық минимум:

Ассалаумағалейкүм!, Халыңыз қалай?, Жағдайыңыз қалай?, Сәлеметсіз бе?, Аман-есенсіз бе?, Көңіл-күйіңіз қалай?, Сәлем, Амансыз ба?, Денсаулығыңыз қалай?, Сіз қай жақтан келдіңіз?, Не шаруамен келдіңіз?, Мені түсіндіңіз бе?.

Сәлемдесу- ел ішіндегі береке, ынтымақ, бірліктің, сыйластықтың негізі.

Танысу- бөтен адамдармен жүздесіп білісу немесе бір заттың мән жайын білу, тексеру, зерттеу.Қарым-қатынастың танысуға қатысты үлгілері өте көп. Адамдардың бір-бірімен танысуы, мекемемен, кітаппен, бағдарламамен, өнермен т.б.танысуы.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстар.

  2. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері, олардың жалғануы

  3. Қазақ тілінде род категориясы, предлогтар бар ма?

  4. Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады?

  5. Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде қалай беріледі?

6.Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың емелесі.

7. Лексикалық минимумда берілген сөздерді аударыңыз, сөйлемдер

құраңыз.

8.Жұмыс орның қай жерде? деген сұраққа түрлі жағдаяттарда жауап қайтару.



Әдістемелік нұсқау:

Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы оқу, олармен танысу. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу.

Берілген тапсырмаларға сұхбаттар құрастыру. Жаттығу жұмыстарын орындау. Жазылуы қиын сөздерге тапсырмалар орындау. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі . Арман-2002

Қазақ тілі. А.С.Сейдімбекова . А-1999

К.Сариева Қазақ тілі және елтану. Алматы, 2000


3.Тақырыбы: Морфология. Сөз құрамы. Кәсіптік терминдер. Менің мамандығым Қазақстан экономикасында.

Мақсаты:

Кәсіптік терминдерді жаттау.Термин сөздерді пайдалана білу. Түбір және туынды сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қосымшалар, жұрнақтар, есім сөздер туралы түсініктеме беру.

Морфология - сөз таптарын қарастыратын тіл білімінің бір саласы

Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар туралы мәлімет беру. Өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ – сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, етік+ші- етікші, қой+шы, қойшы, өнер+паз-өнерпаз.

Жалғанған сөзінің негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақ-сөз түрлендіруші жұрнақ деп аталады.

Мысалы, су-ла+сула, қызыл-ырақ, қызылырақ.



Лексикалық минимум:

Екіталай, тиімділік, әл-ауқат, жұрдай, өзегі өртеніп тұрып, ерекше, тұтас, шеңбер, мүдде, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, егемендік, білім, ғылым, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, экономикалық прогресс, ғылымды пайдалану, әлеуметтік сана, отан қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, саяси тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік , ауыл шаруашылығы.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Морфология нені зерттейді?

2. Сөз құрамы неден тұрады?

3. Қосымшаның қазақ тілінде неше түрі бар?

4. Жұрнақ дегеніміз не?

5. Лексикалық минимумда берілген сөздерді аударыңыз, сөйлемдер

құраңыз.

6. Мамандығына байланысты термин сөздерді жазып, жаттау.

7. Грамматикалық тапсырмаларды орындау.

8. «Менің мамандығым Қазақстан экономикасында» деген тақырыпта шығарма жазу.



Әдістемелік нұсқау:

Жалқы есімдердің жазылуыны, сан есім /жыл, ай, күн аттары/, мамандық, кәсіп, лауазым аттарын жаттата отырып номенклатуралық атаулардың емлесіне назар аударту. Сұхбаттар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. Еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. Мемлекеттік қызметшілерге арналған анықтағыш. А-2002


4.Тақырыбы: Зат есім.

Жұмыс аптасын жоспарлай білесіз бе?

Уақытты үнемдеу.

Мақсаты: Сөз табы туралы түсінік беру. Уақытты үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру.

Белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табы - зат есім деп аталады. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер.



Лексикалық минимум:

Қас кағым сәт, мазалау, өтіну, жігер, тындыру, өкіну, бос уақыт, жоспар, тәулік, қадағалау, күнделікті жұмыс, кешігу, үлгеру, ертеңге қалдыру, еріншектік, телебағдарлама, шаршау, кітапшаға жазу, шарт қою.

Жұмыс аптасын жоспарлау.

Уақытты басқару- өнер. Біреу жұмысқа уақытында келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгере алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында орындап тастайды.

Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Сондықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын меңгере ала ма? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба?

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

2. Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

3. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалтырасыз ба?

4. Уақытты меңгеру не үшін қажет?

5. Апталық ,айлық, жылдық жұмыс жоспарын құрастырыңыз.

6. ”Уақыт алтыннан қымбат” тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

7. Уақыттың жауы не деп ойлайсыз?


Әдістемелік нұсқау:

Етістік минимумы: асығыс, басқару, меңгеру, үлгеру, қажеттілік, құпия, шынайы, шешім, армандау,жігер,әуен, мүмкіндік, ұмытшақтық, табыс кепілі.

Тақырыпқа байланысты кесте толтыру, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау. Сұхбаттар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. Еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізі. Алматы-2004

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006
5.Тақырыбы: Етістік.

Іскерлік кездесулер. Ресми қабылдауда.



Мақсаты: Етістік, етістіктің түрлері туралы түсінік беру. Морфологиялық құрылымын, жасалу жолдарын түсіндіру.

Түрлі тақырыптарда іскерлік кездесулер туралы материалдар жинау. Сөздік қорын молайту.

Етістік – заттың қимыл-әрекетін, қалпын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? не істейді? қайтіп?

Тұлғасына қарай етістіктер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі етістіктер деп әрі қарай бөлшектенбейтін бір морфемадан тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады: кел, бар, жүр, айтты, көріп, жазды т.б.

Туынды түбір етістіктер деп негізгі түбір сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын етістіктер аталады: таза-ла, ақыл-дас, жыр-ла т.б.

Дара етістіктер деп бір сөзден тұратын мағыналы етістіктер аталады: ойна, отыр, оқы, тыңда, басқар т.б.

Күрделі етістік деп екі мағыналы етістіктен жасалып, біртұтас күрделі қимылды білдіретін етістік аталады: келіп кет, айтып бар, кіріп шық, алып кел т.б.

Лексикалық минимум:

Жеке мемлекет, елші, елшілік, заңға бағыну, кәсіпкерлік, баспасөз, екі жақты, құжат, ел ішінде, сапарлар, сапармен бару, қарсы алу, өзара түсіністік, жан жақты қатынас, делегация, ынтымақтастық, келісу.



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Етістік қандай сөз табы?

2. Негізгі түбір, туынды, күрделі етістіктердің айырмашылығы неде?

3. Туынды етістіктер қалай жасалады?

4. Күрделі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

5. Газеттерден кездеулер туралы материалдар жинаңыз

6. Ресми қабылдауға сұхбаттар құрастырыңыз.

7. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.



Әдістемелік нұсқау: Етістіктің қолданылу аясы да, мағынасы да кең сөз табы екендігін меңгерту. Сұрақ-жауап арқылы өтілген материал пысықталады.

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізі. Алматы-2004

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006
6.Тақырыбы: Етістіктің шақтары.

Келіссөз.Үлкен табыстарға қалай қол жеткізуге болады?

Мақсаты: Етістіктің шақ категориясы туралы мағлұмат беру; шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің морфологиялық құрылымын ұғындыру.

Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіреді.

1. Осы шақ, түрлері: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.

2. Келер шақ, түрлері: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.

3. Өткен шақ, түрлері: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ.
Лексикалық минимум:

Терең білім, денсаулық, қажырлеқ, достарыңның,туыстарыңның ықпалы, отбасы, қоршаған орта, табандылық, сыпайылық, ездейсоқтық, үнемдеу, жолы болғыштық, шыдамсыздық, бәсекелестік, мақсаттар, армандар.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Етістіктің шақтарын атаңыз, мысалдар келтіріңіз.

2.Осы шақ, келер шақ, өткен шақтардың жасалуын кескіндейтін таблица жасаңыз.

3. Осы шақ формасындағы етістіктердің жіктелуінің әр түріне көркем шығармадан мысал теріңіз.

4. Үлкен табыстарға қалай қол жеткізуде адам мінезінің әсері бар ма?

5. Үлкен табыстарға қалай қол жеткізуге адамның жас мөлшері әсер ете ме? Өзіңіз білетін ұлы адамдардан мысал келтіріңіз.

6. Бәсекелесу арқылы үлкен табыстарға қалай қол жеткізуге болады ма?
Әдістемелік нұсқау: Шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің іс жүзінде қолданылу жолдарын түрлі тапсырмалар беру арқылы үйрету
Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
7. Тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Мақсаты: : Өткен тақырыптар бойынша студенттердің білім деңгейін анықтау.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалары.



Әдістемелік нұсқау:
Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006

Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

8.Тақырыбы: Сан есім.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Өз бизнесіңізді қалай ұйымдастыруға болады?

Мақсаты: : Сан есім туралы мағлұмат беру. Өз бизнесін ұйымдастыруы туралы ой пікірлерін білу.

Сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.

Реттік сан есімдер заттың ретін білдіреді: бірінші, бесінші, алтыншы т.б. «Жиырмасыншы» деген сан есімде ғана ерекшелік бар.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де жинақтық сан есімдер жетеу ғана: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу, (двое, трое, четверо, пятеро, шестеро, семеро).

Топтау сан есімдерді –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, оннан, жиырмадан деп те айтуға болады.

Болжалдық сан есімдер: -дай, -дей, -тай, -тей, -даған,-деген,-таған,-теген жұрнақтардың орнына мына сөздерді пайдалануға болады: шақты, шамалы, жуық, тақау.

Уақытты мөлшерлеп, айту: сағат ондарда, сағат жетілерде, сегізге таман, сегіздер шамасында.

Өз бизнесіңізді қалай ұйымдастыруға болады?



Лексикалық минимум:

Қаржыландыру, өнеркәсіп, ұту, тәуелел, табу, әріптес, қабілет, мемлекеттік тіркелу, көшірме, тағайындау,кепілдемелік міндеттемесі, ұйымдастыру жоспары, бизнес жоспар, нәтиже, іскер адам, өндірістік жоспар, қаржылық жоспар,іс ашу, іскерлік, несие, несие, меншікті қаржы, шетелдік әріптес,өткізу жоспары, қауіптілік.



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Сан есім дегеніміз не?

2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Сан есімнің қандай мағыналық топтары бар?

4. Реттік , жинақтық сан есімдерге мысалдар келтіру, Топтау, болжалдық сан есімдер қалай жасалады?

5. Бөлшектік сан есімдердің жасалу жолы.

6.Уақытты (сағат) айтқанда болжалдық сан есімдердің қолданылуы немесе уақытты болжап, нөмірлеп қалай айтамыз?

7. Өз ісіңізді қаржыландырудың негізгі көзі не деп ойлайсыз?

8. Бизнес жоспарды қалай жасауға болады? Бизнес жоспар жасаңыз.

Әдістемелік нұсқау:

Сан есім туралы мәліметтермен танысу. Жаттығу жұмыстарын, тапсырмаларды орындау

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова. Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002
9.Тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Кәсіби шеберлік адамгершіліктен басталады.



Мақсаты: Сын есім туралы, сапалық, қатыстық сын есімдер туралы мәлімет беру.

Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, исін т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Негізгі сын есімдерге –түбір сын есімдер жатады.

Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, ауыз жолды, көп балалы, қара көк, жібек көйлекті т.б Кәсіби шеберлік адамгершіліктен басталады

Лексикалық минимум:

Сыйластық, жолдас, адалдық, қайырымдылық, жомарттылық, шыншылдық, тазалық, адамгершілігі жоғары, білімді, сыйлы.



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

2. Қатыстық сын есімдер қалай жасалады?

3. Сапалық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады?

4. Негізгі, туынды сын есімдерге мысалдар келтіру.

5. Кәсіби шеберлік деген не?

6. Кәсіби шеберлік адамгершіліктен басталады сіз қалай түсінесіз?

Әдістемелік нұсқау:

Сын есім туралы жоғарыда берілген мәліметтермен танысу. Сын есім тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау.


Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова. Ресми-іскери қазақ тілі. Арман-2002

В.И.Скала, Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006

Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

10.Тақырыбы: Тыныс белгілер.

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.

Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу. Жарнама –кіріс кепілі.

Мақсаты: Тыныс белгілер және тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы туралы түсінік беру.

Әрбір маман, әрбір кәсіпкер өз жұмысын дұрыс жолға қойып, елеулі табыстарға жету үшін, әлемдегі барлық жаңалықтардан, ақпараттар мен мәліметтерден дер кезінде хабардар болу керектігін түсіндіру.


Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына әуелі үтір, содан кейін сызықша қойылады.

Төл сөз, одан кейін автор сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады да автор сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем хабарлы болса, үтір мен сызықша; лепті болса, леп белгісі мен сызықша; сұраулы болса, сұрау белгісі мен сызықша қойылады. Сондай-ақ көп нүкте мен сызықша да қойылады. Мұндайда үтір тырнақшаның сыртынан қойылады, ал сұрау,леп белгілері және көп нүкте тырнақшаның ішінен қойылады.

Мысалы:

”Мен бұрын бір жерден көрдім”, деп ойлады ұста.

”Кім екенін қайтсем де біліуім керек! ”- деп өзіне серт берді ұста.

”Бұл кім болды екен, әлде... ” - деп ойлай бастады ұста.

Сөйлем тырнақшаға алынған төл сөзбен аяқталып тұрса, нүкте тырнақшаның сыртынан, ал леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның ішінен қойылады.

Мысалы: Ұстаның ойлағаны: ”Мен мұны бір жерде көрдім”.

Ұстаның ойлағаны: ”Мен мұны қайдан көрдім? ”.

Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу. Жарнама –кіріс кепілі.



Лексикалық минимум:

хабарлар, газет, журналдар, телебағдарламалар, теледидар, жарнама, хабарламалар, оқу, танысу, білу, беру, жаңалықтар, шолу, тыңдау, радио,



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Қандай ақпараттық хабарларды көресің?

2. Нүкте қандай жағдайларда қойылады?

3. Қос нүктені қай кезде қоямыз?

4. Қандай сөздер тырнақшаға алынып жазылады?

5. Жақшаның қолданылуы.

6. Үтір мен сызықша қандай жағдайларда қойылады?

7. Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу. Өз ойыңызды

айтыңыз.

8. Жарнама –кіріс кепілі. Жарнамалар жазыңыз.



Әдістемелік нұсқаулық:

Тыныс белгілеріне жаттығу жұмыстарын орындау. Қатемен жұмыс жүргізу. Өз ойын дұрыс жеткізе білуге машықтандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет