156. Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуі кімдермен атқарылады:
а) әділет министрлігі
б) нотариалдық кеңсе
с) салық органы
д) статистикалық комитет
е) әкімшілік
157. Салық төлеушілер жер учаскесін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдерді:
а) бірдей мөлшерде 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада төлейді;
б) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 науырызында;
с) есепті жылдан кейінгі айдың 15 жұлдызында;
д) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 жұлдызында;
е) бірдей мөлшерде ағымдағы жылдың 20 қазанында, есепті жылдан кейінгі 20 наурызда төлейді.
158. Әлеуметтік салықты әр жұмысшы үшін бір АЕК және екі АЕК мөлшерінде өзі үшін төлейтіндер:
а) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, жеке нотариустар, адвокаттар б) патент негізінде кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар
с) шаруа қожалықтары
д) заңды тұлғалар
е) шаруа қожалықтары және патент негізінде кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар
159. Бірыңғай жер салығын төлеу негізіндегі арнайы салық режимдері келесі қызмет түрлеріне қолданылады:
а) ойын бизнесі аумағы
б) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар
с) жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын заңды тұлғалар
д) шаруа қожалықтары
е) шағын бизнес субъектілері
160. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкердің тоқсандық табысы 2000,0 мың теңгені құрайтын болса, қандай салық ставкасы қолданылады:
а) табыс сомасынан 3%;
б) табыс сомасынан 4%;
с) табыс сомасынан 5%;
д) табыс сомасынан 2%;
е) табыс сомасынан 6%;
161. Шағын бизнес субъектлері үшін АСР келесі салықтарды есептеу мен төлеуді жеңілдетеді:
а) әлеуметтік салықты
б) корпоративтік табыс салығын
с) жеке табыс салығын/ төлем көзінен алынатын жеке табыс салығынан өзге/
д) әлеуметтік салықты және корпорациялық табыс салығын;
е) әлеуметтік салықты және корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын;
162. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданушы жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлерінің орташа айлығы ең төменгі жалақының 2-еселенген мөлшерінен асатын болса, онда салық сомасына мынандай түзету қолданылады:
а) әрбір жұмысшының салық сомасы 1,5 % мөлшерінде көбейтіледі;
б) әрбір жұмысшының салық сомасы 1,5 % мөлшерінде азайтылады;
с) әрбір жұмысшының салық сомасы 2 % мөлшерінде көбейтіледі;
д) әрбір жұмысшының салық сомасы 2 % мөлшерінде азайтылады;
е) түзетуге жатпайды
Достарыңызбен бөлісу: |