Алматы экономика және статистика академиясы « Қаржы » кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ «Салық және салық салу» пәні бойынша
«5В050600-Экономика», «5В050700-Менеджмент», «5В050800-Есеп және аудит», «5В050900-Қаржы», «5В051100-Маркетинг» мамандықтары
Оқыту нысаны
Күндізгі бөлім
Сыртқы бөлім
ЖБ
КжТБ
Барлығы кредит
3
3
3
Курс
1,3
1
1
Семестр
1,5
1
1
Емтихан (семестр)
1,5
1
1
Барлығы,
оның ішінде:
135
135
135
Лекция (сағ)
30
9
9
Практикалық (семинар) сабақтары (сағ)
15
6
6
СОӨЖ ( сағ)
45
СӨЖ (сағ)
45
120
120
Алматы, 2012 ж.
Оқытушы туралы мәліметтер:
Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы
«Қаржы» кафедрасы
Тел: 3095815
Уақыты: бекітілген сабақ кестесіне сәйкес
2. Пәннің пререквизитіпәнді игеру үшін алдын ала келесі пәндерді оқу керек «Қаржы», «Экономикалық терия», «Менеджмент», «макроэкономика», «Микроэкономика», «Бухгалтерлік есеп және аудит».
3. Пәннің постреквизиті келешекте бұл пән келесі сабақтарда қолданылады «Салық менеджменті», «Ақша-несиелік реттеу», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржы менеджменті», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру».
4. Пәннің сипаттамасысалықтар теориясы мен салық салу жүйесінің құрылымының теориялық аспектлерін оқып үйрену, оның ішінде салықтардың экономикалық мазмұны, олардың функциялары мен қағидалары, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін, елдегі негізгі салықтық реформалардың негізгі концепияларын оқып-үйрену; нақты бір салық түрлерін практика жүзінде есептеп үйрену, салық заңдылықтарын, түрлі салықтық әсер ету құралдарын оқып – үйрену.
5. Пәнді оқыту мақсатыКурста салықтардың теориялық аспектлері, оның ішінде әлеуметтік – экономикалық мәні мен мазмұны, Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің құрылымы, дамуы және қалыптасу кезеңдері біртіндеп қарастырылады. Бюджет жүйесі арасында салықтар мен алымдардың бөліну жағдайы сипатталып, Қазақстандағы салық жүйесі мен негізгі салық топтарының қызмет ету ерекшеліктері, оларды есептеу мен төлеу механизмі, салық төлеушілердің кейбір категориясына арналған арнаулы салық режимінің қолдану ерекшелігі, Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі алымдар, баждар және басқа да міндетті төлемдердің есептелу ерекшеліктері қарастырылады.