Байланысты: ПО К «Салы ж не салы салу» п ні бойынша
2. Аннотация – қандай да бір мақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгіңгі жағдайына сипаттама» (тақырып 2) деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Аннотация тақырыбы «ҚР-да қазіргі кездегі салық жүйесінің проблемалары мен міндеттері». Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).