Блок – сызба құрастыру – нақты бір салықтың түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді. Кейбір бағыттары: салықтың қалыптасу және даму кезеңдері (реформа жүргізілген кезеңдер) объекісі мен төлеушісі, жеңілдіктерінің түрі (бар болса), ставкасы, төлеу мерзімдері, есептеу механизмі және т.б.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
Экономикалық талдау жасау – сіздерге ұсынылатын сандық мәліметтер негізінде салықтық түсімдердің өсу қарқынын, үлес салмағын, өткен жылдармен салыстыра отырып талдау жасау керек. Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.
Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |