167. Тіркелген жиынтық салықтың құрамына:
а) 50 % - корпорациялық табыс салығы және 50%-ҚҚС;
б) 50 % - әлеуметтіе салық және 50%-ҚҚС;
с) 70 % - корпорациялық табыс салығы және 30%-ҚҚС;
д) 30 % - корпорациялық табыс салығы және 70%-ҚҚС;
е) 60 % - корпорациялық табыс салығы және 40%-ҚҚС;
168. Салық қызметінің ең басшы органы:
а) ҚР Қаржы Министрлігі;
б) ҚР Әділет Министрлігі;
с) ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті;
д) ҚР Үкіметі;
е) облыстық салық комитеті.
169. Салықтық есептің кассалық әдісіне орай:
а) табыстар жұмыс орындалып, қызмет көрсетілгеннен кейін есепке алынады;
б) шегерімдер жұмыс орындалып, қызмет көрсетілгеннен кейін шегеріледі;
с) табыстар мен шегерімдер жұмыс орындалғаннан кейін, қызмет көрсетілгеннен кейін есепке алынады; мүліктерді тиеп жіберу мен қабылдап алу төлеу мерзіміне байланыссыз болады;
д) табыстар жұмыс орындалғаннан кейін есепке алынады, қызмет көрсетулер төлеу мерзіміне байланыссыз болады;
е) табыстар мен шегерімдер жұмыс орындалғаннан бастап, қызметтер көрсету мен мүліктерді қабылдап алу олар бойынша төлем жүргізілгеннен кейін есепке алынады.
170. Қазіргі кездегі ҚР салық заңдылығында салық есебінің келесі әдісі қолданылады:
а) декларация бойынша, кассалық және есептеу әдісі қолданылады;
б) кассалық әдіс;
с) есептеу әдісі;
д) декларация бойынша;
е) кассалық және есептеу әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |