Дәріс №15. АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІСТЕР – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ. АРНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІС
Аналогты-кодтық түрлендіргіштер.
Тиімді кодтау.
Аналогты-кодтық түрлендіргіштер
Бөгетке қарсы кодтарға қатысты жалпы ескертулер жасайық.
Біріншіден, кодтың маңызды сипаттамасы қателікке қарсы тұра алатын оның мүмкіндігі болып табылады. l ұзындықты қателікті xi – xi + l көрші разрядтар жинағы түсіндіреді, мұнда xi мен xi + l разрядтар қате, ал аралық xj () қателіктер ортасында дербес бөлінген. l >> dmin ұзындығымен қатені табатын кодтар бар.
Екіншіден, кодтық сөздің ұзындығы үлкен болған сайын, соншалықты аз бөлігін берілген деңгейді dmin қамтамасыз ететін шығынды разрядтар құрайды. Яғни шығынды кодтау ұзын сөздер үшін орындау тиімді.
Үшіншіден, шығынды разрядтар сөздің барлық ұзындығы бойынша бөлінуі мүмкін. Бұл жағдайда кодтық сөз келесі құрылымға ие:
x1 … xk
|
xk+1…xk+m
|
Ақпараттық разрядтар
|
Шығынды разрядтар
|
Кодтау процедурасы k ақпараттық бойынша хj шығынды m разрядты алуды білдіреді.
Нақтылыққа тексеретін код
Бұл код өзінің жеңілдігімен кең таралды. Мұндай кодтаудың мысалы жоғарыда қарастырылды. Жалпы түрде оны былайша сипаттауға болады:
кодтау (6.4) операциясына келтіріледі, к+1 номерімен бақылаушы бит k ақпараттық разрядты нақтылыққа дейін толықтырады;
декодтау (6.5) есептеу жолымен орындалады, егер Z=0 (реттілік сақталған), берілу қатесіз өтті, Z=1 берілу қате болғанын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |