Поэмасы, Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



Дата10.02.2022
өлшемі17,38 Kb.
#131366
түріПоэма
Байланысты:
0941e66e096aa10d02d1a76e6882d1df99efc299


«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқушының аты жөні ____________________________________________________



Оқылатын шығарма:

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты



Оқу мақсаты:

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.



Бағалау критерийі:

Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады ;
Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады.



Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану,жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

Тапсырма.
Үзіндідегі Шұғаның басына түскен ауыр сәтін өз бетіңізше қайта жазып көріңіз, үзiндiге байланысты қандай өзгерістер енгізер едіңіз? (8-10 сөйлем)

— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды… — Тәуір емеспін. Тәуір болуды тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.- Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен…


— …Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.
— Жазылып керегі не? Бәрібір мен баңытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жанына батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам, қайта күйсеуден тайынбайды…»
[5] ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________

2-тапсырма. Берілген үзіндімен танысып, өлеңді қара сөзге айналдырып, Құлагердің бейнесін көркемдеп жазыңыз. Сөз саны -70-80 сөз. [5]
Сүйегі жануардың жылқыдан жат,
Бұл емес текежаумыт, не қазанат.
Күйкиіп көзге қораш көрінсе де,
Шапқанда шалдырмастай бітер қанат.
Екпіні үй соққандай пысқырғанда,
Шалдырмас көктен құсқа, жерден аңға.
Жықпаса жалғыз қазық жануарды,
Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға.
Бұл тұлпар келіп тұрған әбден бабы,
Салбырап тұрғанына деме «жабы».
Маңдайы жарқырап тұр жануардың,
Ашылып тұр осы аста мұның бағы.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

1

Шығарма үзіндісіне өзгерістер енгізеді;

1

шығармаға өзгеріс енгізіп, қайта өңдеп жазады;

1

үзінді бойынша өз нұсқасын ұсынады ;

1

сөз санын сақтайды;

1

шығармашылығын танытады;

1

Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады

2

үзіндідегі ойды сақтайды;

1

берілген сұраққа дәлелді мысалдар келтіреді;

1

эссе құрылымын сақтайды.

1

автор стиліне сүйеніп,әдеби эссе жазады;

1

өз көзқарасын білдіреді;

1

Барлығы – 10 балл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет