Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: - сангвиник (sangius – қан), - флегматик (phlegma – шырын), - холерик (chole - өт), - меланхолик (melaschole – қара өт)
Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген: 1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған. 2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас. 3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған. 4 Диспластик- дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар. Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- неміс психиатры Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелдон болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.