Орындаған: Әбіләкім Зерде
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Темперамент
Жоспар:
Темперамент туралы жалпы ұғым.
Темперамент түрлері.
Темперамент – бұл жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан, психиканың күші мен тереңдігінен, көңіл-күйінің ерекшеліктерінен, эмоция сезімдерінен жақсы байқалады.
Темперамент туралы теориялар
Гиппократ – ежелгі ұлы грек дәрігері. Б.з.д 460 туылған.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.
Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады..
Біздің дәуірімізге дейінгі 460 - 377 жылдар шамасында өмір сүрген Гиппократтың мектебі өмірді өзгермелі үрдіс ретінде қарастырды. Заттардың алуан түрлілігіне сүйенетін бірегей стихия туралы ілімді төрт сұйық (қан, сөл, сары өт және қара өт) туралы ілім алмастырды. Гиппократтың пайымдауынша «дененің табиғаты да осылардан құралған, осылар арқылы ғана ауырады, осылар арқылы ғана айығады. Күші мен саны жағынан алғанда олардың тұтасу тепе-теңдігі сақталған жағдайда және олар жақсырақ араласа түскен кезде ғана дене сау-сергек бола түседі». Жұртшылыќқа әйгілі Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдей алмады.
Жеке адамның өскелең белсенділігі, оның табиғи және әлеуметтік ортамен байланысының сипатын зерттеуге мәжбүр етті. Осы байланыс қазіргі кездің ең басты теориялық тақырыптарына айналып отыр ғой. «Ауа, су және мекенжер туралы кітабында кейбір азиялық халықтардың өмір салтын алға тарта отырып, Гиппократ әдет – ғұрып, яғни адамдық болмыс ағзаның табиғатын өзгерте алатынын дәлелдеп шықты. Мұның өзі адам бойындағы әлеуметтік және биологиялық сәйкестілік туралы мәселені талқылауға ұмтылған алғашқы талпыныс еді.