Полимер сессия 13-билет 1-СҰРАҚ


Целлюлоза құрылымы тек түзу сызықты болады



бет6/7
Дата18.12.2022
өлшемі35,44 Kb.
#163139
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПОЛИМЕР СЕССИЯ

Целлюлоза құрылымы тек түзу сызықты болады:
С6Н10О5 — С6Н10О5 — С6Н10О5 — С6Н10О5 —
Мақта, зығыр, кендір, т.б. талшықты материалдардың
целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.

2 – сұрақ
Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу ғаламдық мәселенің біріне айналған. Әсіресе, пластмасса қалдықтары экологияға кері әсерін тигізіп, табиғи апаттарға себепші болып отыр. Пластмасса мен басқа да синтетикалық материалдар пайда болған өткен жүзжылдық экологияға үлкен зиян тигізді. Өндіріс иелері қалталарының қалыңдығын ғана ойлап, қоршаған ортаға келетін зардапты екінші орынға ысырып қойған. Тұтынушылар көп тауар сатып алып, ескісін қоқысқа тастайды. Ал ол қоқыс жан-жағын ластап сол жерде бірнеше жыл бойы жатып қалады.
Пластмассаларды жерге тастағанда ұсақ бөлшектерге ыдырайды да, өзінен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдары жетерлік. Мәселен, Швейцарияда әрбір азамат қоқысты сұрыптап төгуге міндетті. Пластмассаны пластмассаға, қағазды қағазға, темірді темірге тастайды. Әрқайсысына арналған жеке қоқыс жәшіктері орнатылған. Соның арқасында қоқыс қалдықтарының 90%-ы қайта өңделеді.


Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі пішіндегі қалыптар — күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделеді екен.
Пластикалық қалдықтар: Қоршаған ортаны таза ұстауды өзімізден бастайық!
Бір реттік қолданысқа арналған пластиктен жасалған заттар ғаламдық дертке айналды. Ғаламшарды ластап қана қоймай, адам денсаулығына зиян тигізіп отыр. Пластикалық ыдыстардың асым бөлігі азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады.
Пластиктен жасалған ыдыс, шөлмек, пакеттер топырақта ұзақ жыл ыдырайды. Олар жылдар бойы өте ұсақ бөлшектерге ажырап, қоршаған ортаға химиялық заттар бөледі. Сондай-ақ, оның ұсақ түйіршіктері мен химиялық қосындылары жерасты сулары арқылы жануарлардың жаппай қырылуы мен адамдардың түрлі ауруға шалдықтыраы. Осының салдарынан қазір жер бетінде жануарлардың 800-ге жуық түрінің жойылып кетудің алдында тұр. АҚШ ғалымдары жасаған зерттеулерде пластикалық ыдыстарды көп тұтынатын адамдарда бауыр ферменттері көбейіп, ішек-қарынның майлануы артқан. Ал кофе және шай секілді ыстық сусындар үшін қолданылатын пластикалық стақандар канцерогенді зат ретінде белгілі болған бензолдан жасалады. 
Пластиканың балаларға тигізер зияны көп. Тіпті кішкентай сәбилерге тамақ беріп жүрген шөлмектердің өзі зиянды. Оның барлығы баланың өсу процессіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тамақты пластикалық ыдыстың ішіне салып ысыту адам денсаулығын нашарлатады. Мұныі барлығы зерттеулер кезінде анықталған. 
3 – сұрак
: Эпоксид-бұл таза түрінде қолданылмайтын химиялық зат. Оны қолдану үшін композицияға қатайтқыштар қосылады. Тек осы формада шайыр қажетті қасиеттерге ие болады және құрылыс пен тұрмыста қолданылады.
Эпоксидті желім-бұл эпоксидті, қатайтқышты және фталий немесе фосфор қышқылы сияқты әртүрлі пластификаторларды қамтитын көп компонентті құрамы бар зат. Жабысқақ құрамның тығыздығы компоненттердің арақатынасына байланысты: ол резеңке тәрізді серпімді немесе шыны тәрізді қатты болады. Эпоксидті желімге сенуге болады: оның сапасы расталды .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет