лездік өзгеріс екпіні қажет болады. Шексіз қысқа уақыт ішінде (∆t→0) санының өзгеру мөлшерін лездік өзгеріс екпіні деп атайды. Уақыт (t) нөлге тақаған жағдайда ∆ белгісін d белгісімен ауыстырып белгілейді. Олай болса:
dN/dt – популяциядағы дарақтардың жалпы санының белгілі бір уақыттағы лездік өзгерісінің екпіні;
dN/dtN - популяциядағы 1 дарақтың санының уақыт бірлігінде өзгеруінің лездік сыбағалы екпіні.
Бұдан популяцияның санының өсу (немесе кему) екпіні, туу қарқыны және өлім – жітім жиілігінің орташа және лездік көрсеткіштері болатынын көреміз.
Генетикалық жүк.Ортаның мутациялық факторлары гетерозигота түрінде жасырынған өзгерген гендер санының көбеюіне алып келеді. Бұл адам денсаулығына және өміріне қауіпті рецессивті мутациялардың жасырын көлемі генетикалық жүк болып табылады .Көптеген рецессивтi мутациялар гетерозиготалы ағзалардың фенотипiне әсер етпейдi , алайдаолар популяциялардың генофондында сақталып, тұқым қуалайтын өзгергiштiктiң қорын құрайды.
Адам популяцияларында 5 % дейін генетикалық кемістікпен ұрпақтардың дүниеге келуі генетикалық жүкпен түсіндіріледі.Генетикалық жүктің бірнеше типтерін ажыратады
(Brues, 1969; Crow, 1970):
-мутациялық жүк
-сегрегациялық жүк
-«өз орнында емес" даралармен байланысты жүк
-субституциялық жүк.
Генетикалық жүктердің бұл типтері табиғи сұрыпталудың әртүрлі түрлерімен байланысты.
Генетикалық жүк
Мутациялық жүк – мутациялық процесстің қосымша өнімі. Бұл процесс тұрақтандырушы сұрыпталумен жойылуы тиіс зиянды мутациялардың пайда болуына әкеледі.
Сегрегациялық жүк - гетерозиготтардың басымдылығы байқалатын популяцияларда кездеседі.
Бұл жағдайда популяцияның орташа бейімділігін төмендететін әр ұрпақ сайын бейімділігі төмен гомизиготтар жойылады.
«Өз орнында емес" даралармен байланысты жүк тіршілік ортасы біртекті емес полиморфты популяцияларда кездеседі,
мұнда кейбір даралар өзінің арнайы нишасы (орнынан) шығып қалады.
Бұл жағдайда тұрақтандырушы
сұрыптаудың әсеріне ұшырайды.
Бағытталған сұрыптау субституциялық жүкті тудырады. Ескі аллельдің жаңа аллельмен ауысуы ескі аллельді дараларды генетикалық өлімге ұшыратады.
Генетикалық жүктің алдын алу
Бірінші реттік алдын алу – ауру баланың туылуын алдын алу
- ана жасын ескере отырып, бала
тууды жоспарлау
-тұқым қуалайтын патологияның жоғары қаупі
-туыстық некеде гетерозиготтық тасымалдау.
Басқа жолдары:
-адамның тіршілік ортасын жақсарту
-ондағы мутагендік және тератогендік факторлардың мөлшерін бақылау
Екінші реттік алдын алу
–жүктілікті үзу
-егер ұрықта жоғары дәрежеде ауру мүмкіндігі анықталса
-егер принатальды диагностика әдістерімен диагноз анықталса
Үшінші реттік алдын алу
–патологиялық геннің фенотипттік көрінісін дұрыстау (нормокопирование)
-баланы туылғанға дейін не туылғаннан
соң бірден емдеу (резуссәйкессіздік, галактоземия, ФКУ)
.
Достарыңызбен бөлісу: |