Осы жіктелуге қарай педагог өзіне ыңғайлысын таңдап алып, портфолио толтырады. Портфолио жүргізудің реттел-ген ережесі бар. Кез-келген мұғалім соны ескеруі керек.
Портфолионы жүргізудегі ережелер:
1. Портфолиоға кіретін материалдар құр біреудің тәжірибесінің көшірмесі бол-май, керісінше сол педагогтың барлық сала бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстарын танытуы керек.
2. Ондағы жұмыс нәтижелері арқылы мұғалімнің құзыреттілігінің деңгейін баға-лау мүмкіндігі болуы қажет.
3. Портфолио арқылы мектеп әкім-шілігі мұғалімнің педагогикалық шебер-лігінің, жетістіктерінің өзгеру динами-касын бағалай алуы керек.