88. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
Конкурс комиссиясы жеке қасиеттерді бағалау нәтижелерін ескереді.
89. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
90. Жалпы конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген тәртіпте өткізіледі.
91. Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 № 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |