70. Жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
Орталық мемлекеттік органның ведомстволарында және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органның интернет-ресурсында да жарияланады.
Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландыруларды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға жол беріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға жол беріледі.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
71. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағындакөзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
72. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) осы Қағидалардың 76 немесе 78-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны.
73. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |