Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12 бұйрығына 1-қосымша
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртiбiн айқындайды.
2. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
3. Конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.
4. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар кезде мемлекеттік орган конкурсты өткізбей тұрып, сәйкес келетін лауазым санаты бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тізімін қарастырады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қабылданған азаматтың мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны Заңның 68-бабына сәйкес «Б» корпусының кадрлық резервінде болудың жылдық мерзімі өткенге дейін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алады.
Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
5. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
6. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
7. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.
2. Конкурс өткiзудiң тәртiбi
8. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
1) ішкі конкурс;
2) жалпы конкурс.
9. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
3) мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай конкурс комиссиясын құру;
4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарау;
5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
6) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
10. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
11. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
12. Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.
13. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.
3. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
15. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен (аппарат басшысымен) қалыптастырылады.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша конкурс комиссиясының төрағасы болып персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы, ал ол болмаған жағдайда – өзге тұлға тағайындалады.
17. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешімімен құрылады.
18. Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
19. Конкурстық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органның ішінде құрылатын конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес мөлшерінде түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген тұлғалар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері енгізіледі.
21. Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
22. Конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметші кіре алмайды.
23. Конкурс комиссиясының құрамына конкурс қатысушысы кірмейді.
24. Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
25. Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
26. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту осы Қағидалардың
15-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
27. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін сол бір лауазымға үміткер кандидаттарға тең көлемде қойылатын сұрақтар тізбесін қалыптастырады.
28. Конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 60 және 101-тармақтарында көзделген жағдайларда әр бос лауазымға эссе тақырыптарының тізбесін бекітеді.
29. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
30. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
31. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
32. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
33. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
34. Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
35. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
36. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
37. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттік органның қызметкерлеріне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.
38. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.
4. Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
39. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс (бұдан әрі – ішкі конкурс) өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері,
сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
40. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.
1-параграф. Ішкі конкурс туралы хабарландыру
41. Ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
42. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
43. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні);
5) осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
45. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосуға рұқсат етіледі.
2-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың
құжаттарын қабылдау
46. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
47. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
48. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
49. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
3-параграф. Ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
50. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
51. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.
52. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды..
53. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.
54. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
55. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
56. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
4-параграф. Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
57. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
58. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.
Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi не техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға рұқсат беріледі.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
60. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы
61. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
62. Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағына енгізіледі.
63. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
64. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
65. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
66. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
67. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
68. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
5. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
69. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған ішкі конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.
70. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсті өткізу тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген ішкі конкурстың тәртібі мен мерзімдеріне ұқсас.
6. Жалпы конкурс
71. Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.
72. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс өткізіледі.
73. «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс орталық атқарушы органда не оның ведомствосында уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өткізіледі.
74. «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын төменгі лауазымға орналасу үшін өткізілетін жалпы конкурс уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатпайды.
75. Төменгі болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс өткізуді келісу үшін, бос орын бар мемлекеттік орган уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне сұрау жіберіп, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды растайтын мәліметті қамтитын;
2) ішкі конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының хаттамалары.
Мемлекеттік органдар осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген немесе толық табыс етпеген жағдайда, олар уәкілетті органмен не оның аумақтық бөлімшесімен қарастырусыз қайтарылады.
76. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі табыс етiлген материалдарды олар келіп түскен сәттен бес жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) жалпы конкурс өткізуге келіседі;
2) келiсуден бас тартады.
77. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткізуге келiсiм беруден бас тарту үшін негiз болып табылады.
1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру
78. Жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
79. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
80. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (жалпы конкурс үшін - жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні);
5) осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
Ескерту. 80-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
81. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
82. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосуға рұқсат етіледі.
2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын тұлғалардың
құжаттарын қабылдау
83. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
84. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
85. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
86. Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
87. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
88. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
89. Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
90. Осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес айқындалады.
3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру
91. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
92. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.
93. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды..
94. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.
95. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
96. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
97. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу
98. Әңгiмелесудің мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
99. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
100. Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.
Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi не техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға рұқсат беріледі.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
101. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы
102. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
103. Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағына енгізіледі.
104. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
105. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
106. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
107. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
108. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
109. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
7. Кандидаттың лауазымға орналасуы
110. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы (аппарат басшысы) лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы (аппарат басшысы) конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жауапты хатшы (аппарат басшысы) кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдайды.
8. Шағым жасау тәртiбi
111. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
112. Осы Қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
113. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
114. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
115. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
116. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 1-қосымша
Байқаушыға жадынама
Байқаушының:
конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
олармен әңгімелесуге қатысуға;
әңгімелесу өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз пікірін білдіруге;
әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;
конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.
Байқаушы:
конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялай алмайды;
әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасай алмайды;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесе алмайды;
конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер ете алмайды;
нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалай алмайды немесе пікірін білдіре алмайды.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш
Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша
САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)
1. Тегі________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________
2. Азаматтығы__________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________
Болған елiңiз _________________________________________________
Болған уақытыңыз ______________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ___________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе
шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды
атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,
бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және
ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,
немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба _________________.
8. Тілдерді білуі: ____________________________________________
9. Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________
_______________________________________________________________
_____________(жеке қолы)
«___»_____________ 20 ж.
(толтыру күні)
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 4-қосымша
Кандидатты бағалау парағы
(басқарушы лауазымдар үшін)
Кандидаттың Т.А.Ә (болған жағдайда) _________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_______________________
2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
|
Өлшем
|
Үлес салмағы
|
Балл *
|
|
1-сұраққа жауап (бейінді)
|
|
|
|
2-сұраққа жауап (ситуациялық)
|
|
|
|
3-сұраққа жауап (уәждемелік)
|
|
|
|
Кәсіби тәжірибе
|
|
|
|
Білім деңгейі
|
|
|
|
Басқару дағдылары
|
|
|
|
Коммуникативтік дағдылар
|
|
|
**
|
|
|
|
**
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
** критерий мемлекеттік органмен дербес айқындалады
1-сұраққа жауап (бейінді):
0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі
5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2-сұраққа жауап (ситуациялық):
0 балл – кандидат жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады
3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады
5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды
3-сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ
1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі 5 жылдан астам
Білім деңгейі:
1 балл – білімі сәйкес келеді
2 балл – тиісті саладағы магистр
3 балл – тиісті саладағы PhD доктор
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Басқару дағдылары:
1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі талап етілетінге тең
2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан астам
3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 4 жылдан астам
4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан астам
5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам
Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Кандидатты бағалау парағы
(атқарушы лауазымдар үшін)
Кандидаттың Т.А.Ә (болған жағдайда) _________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_______________________
2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
|
Критерий
|
Үлес салмағы
|
Балл *
|
|
1-сұраққа жауап (бейінді)
|
|
|
|
2-сұраққа жауап (ситуациялық)
|
|
|
|
3-сұраққа жауап (уәждемелік)
|
|
|
|
Кәсіби тәжірибе
|
|
|
|
Білім деңгейі
|
|
|
|
Коммуникативтік дағдылар
|
|
|
**
|
|
|
|
**
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
** критерий мемлекеттік органмен дербес айқындалады
1-сұраққа жауап (бейінді):
0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі
5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2-сұраққа жауап (ситуациялық):
0 балл – кандидат жауап бермеді
1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады
3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады
5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің дәлелді алгоритмін ұсынды
3-сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балл – кандидат жауап ұсынбады
1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі әлсіз дәлелденген, үйлесімсіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары үйлесімді, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ
1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі 5 жылдан астам
Білім деңгейі:
1 балл – білімі сәйкес келеді
2 балл – тиісті саладағы магистр
3 балл – тиісті саладағы PhD доктор
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ой қисынын жоғалтады
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |