Постковид дәуіріндегі ғылым, психология, жастар: трендтер, талаптар және перспективалар.
XXI ғасыр- нағыз ғылым мен білімнің заманы. Ал осы білім мен ғылымды ұштастырып, дамытушы ол әрине- жастар. Осыған сай Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті өз жолдауы туралы айтып өткеніміз жөн болар.
«Еліміздің ертеңі де – жастар! Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Бұл – бизнес ашу, білім алу, жұмысқа орналасу, табыс табу деген сөз. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Біздің елімізде бәсекеге қабілетті әрі талантты жастар көп. Сондықтан осындай креатив жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасау керек. Олар жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсайды деп сенеміз.»- деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында. Қазіргі уақытта, яғни, әлемдік ғылымның, білімнің нағыз бәсекеге толы қызып тұрған шағында жастарға әлеуметтік, психологиялық, тіпті экономикалық қолдау өте маңызды процесс. Әрине президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауынан кейін жастарды қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып, нәтижелі көрсеткіштер көрсетіп жатқанын да атап өткен жөн. Басты назардағы ғылым мен білімге көпшілік жастардың жылдан жылға қызығушылықтары артып келеді. Мәселен, жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жастардың қызығушылықтарының қатарында ғылым бірінші орынға ие болды — яғни, респонденттердің 74% - ы ғылымға қызығушылық танытады. Дегенмен ғылым мен білім өзгерістер мен түрлі қиындықтарға толы екені сөзсіз. Осындай өзгерістер әсіресе жастарға тигізетін әсері де орасан зор. Басты өзгерістер мен толқулардың үлгісі ретінде әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 пандемиясын айта аламыз. 2019 жылдан бастау алған Постковид дәуірі тек Қазақстанға ғана емес барша әлемге біршама зардаптары мен өзгерістерін алып келді. Короновирустық пандемия уақытында білім саласында жаңа бағдарламалар мен жобалар, жаңа талаптар мен қағидалар, түрлі ұсыныстар қабылданған болатын. Нақтырақ айтатын болсақ ОНЛАЙН оқыту бағдарламалары (ZOOM, ClassFlow, Microsoft Teams, Classroom) , қашықтықтан оқыту технологиялары (EASA PPL немесе LAPL, OnlineMektep), ОНЛАЙН жұмыстар қарқынды етек алды, электронды кітап қорлары көбейе түсті, оқыту бағдарламаларына енгізілген түрлі платформалар оқушылар, студенттер, тіпті тікелей түрлі саладағы мамандар үшін өте тиімді, оң әсерін тигізді, жалпы адамдардың өмірін біршама жеңілдете түсті деп айта аламыз. Әрине осының барлығы қазіргі цифрлық технологияның басты жемісі, жетістіктерінің бірі.
Осындай факторлардың барлығы білім саласымен қатар адамдардың, соның ішінде жастардың әлеуметтік жағдайына, психологиясына біршама өз әсерін тигізді. Әринре бастапқы уақыттарда адамдармен байланысқа шығу қиынға соққаны рас, дегенмен уақыт өте келе көптеген жастар онлайн немесе қашықтықтан оқу бағдарламасы арқылы өз мүмкіншіліктерін айқындап, уақыттарын барынша тиімді пайдаланып,, жаңашылдыққа, дамуға деген ұмтылыстары күшейе түскен болатын. Алайда көптеген жастар басты орынға білім мен оқуды емес, өзгешілікке қарай ұмтылуды, тек бір ғана дипломмен шектелмеуді, тәуекелге батыл түрде баруды, сондай-ақ осындай жолдарда жастардың бір-біріне деген қолдауы маңызды екенін барша адамзатқа түсіндіргендей болды.