36. Көру аясын сүлгімен зерттеу әдістемесі
Ол үшін дәрігер сырқаттың қарсы алдына отырып, өзінің көзіне тура қарауды ұсынады да, науқас бір көзін жауып тұрады, дәрігер сүлгіні екі шетінен ұстап тұрады. Науқас сүлгінің тура ортасын тауып, қолымен көрсетеді. Қалыптыда ортасын тура тауып, сүлгіні екі жағын беттестіріп бүктегенде, сүлгінің екі шеті бір-бірімен беттеседі.
Есеп №10
Науқас шұғыл түрде ауруханаға «жедел жәрдем» бригадасымен оң аяқ-қолының жансыздануына және әлсіздігіне, АҚ жоғарылауына, сөйлеуінің бұзылуына шағымданып жеткізілді.
Неврологиялық статусында: АҚ=190/90 мм с.б.б. Дизартрия. Оң жақ аяқ-қолында күші екі баллға дейін төмендеген, терең рефлекстер жоғарылаған, аяқ бұлшық еттері қалыпты, оң жақтан патологиялық рефлекстер және аяқ басы клонусы анықталады. Оң жағында гемигипестезия.
Зақымдану деңгейін анықтаңыз. Сол жақ жарты шарға қан құйылу
Салданудың түрін анықтаңыз. Оң жақтық гемипарез.
Зерттеу әдісін өткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |