Көру аясын зерттеу әдістемесі
Әрбір көздің аясы периметр көмегімен жеке-жеке тексеріледі. Периметрге жарық жақсы түсіп тұруы керек. Сырқат жарыққа арқасын беріп отырады. Көру аясын тексеру кезінде көз қозғалмау керек. Ол үшін сырқат көзін аспаптың ортасындағы ақ нүктеге қадап отырады. Дәрігер периметрдің әр жағына сырқатқа бетін қаратып, оның көз алмасының ауытқымауын қадағалай отырып, ұшы аққа боялған арнайы таяқшаның көмегімен әрбір көздің көру аясының сыртқы, ішкі және жоғарғы, төменгі көру аясын анықтайды.
Көру аясын тексеру нәтижесін сырқат шежіресіне былайша жазады.
Оң көз Сол көз
60 60
90 + 60 60 + 90
70 70
Төмектен тұра алмайтын сырқаттардың көру аясы шамамен анықталады. Ол үшін дәрігер сырқаттың қарсы алдына отырып, өзінің көзіне тура қарауды ұсынады да сұқ саусағын оның көзіне таяп, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқаттың саусақтың қозғалу аясын қаншалықты айырып тұрғанын байқайды. Егер дәрігер өзінің саусағын сырқаттан бұрын көретін болса, сырқаттың көру аясы тарылғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |