Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.
Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанна әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25г дейін айырмашылық байқалады.
Кинестикалық сезімталдылық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажаырата алуы керек.
Діріл сезімталдылығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін сұрайды. Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия. Камертонның дірілін сезбеу-апаллестезия.
Батыру – сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр д.а. аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қ.ж. батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.
|