PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файлакомандасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет. Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.