Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрін айтамыз.
Бөлімдер немесе Ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
1. Тоқсан ішіндегі бекітілген бағалау рәсімдері
2. Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1. Қорытынды рәсім әр тоқсанның аяғында өткізіледі
2. Тоқсанның оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3. Жылдық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу
(тоқсандық балдардың қосындысы)
Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау
1. Негізгі және жалпы орта мектепті аяқтағанда өткізілетін қорытынды рәсім
2. Пән бойынша күтілген нәтижелерге сәйкес оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3. Сыртқы бағалау
Иә, жауабыңызбен толықтай келісемін.
8 сұрақ
Ғылыми еңбектерге талдаулар жасау, бақылаудың білімберушілік қызметіне:тексеру барсында жаңа ұғымдарды бөліп алу; басты және болмашыны ажырату; білімнің тереңдетуге; көз алдына келтіруді бөлшектеу; қосымша ақпараттар алу; жаңа жағдайда біліммен әрекет жасау; практикалық әрекетінде білімді пайдалану мүмкіндіктері жатады. Ол «тексеру үдерісінде оқыту» деген ұғымды білдіреді.
Өте дұрыс жауабыңыз!
Жауабыңызға рахмет!
3. Өзін - өзі жүзеге - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің механизмдерін төртке бөліп қарастырсақ болады:
• тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану);
• адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);
• өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болуға дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау);
• өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту).
Достарыңызбен бөлісу: |