Өзін-өзі анықтау - тұлғаның жалпы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі өзінің әлеуметтік рөлі мен позициясын таңдауы. Ш. Бюлердің көзқарасы бойынша, тұлғаның толымды өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, өзінің ішкі мәніне сәйкес мақсаттарды қоя білу мүмкіншілігі. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді.
Өзін-өзі анықтаудың және жүзеге асырудың репродуктивті жолдарын атап өтетін болсақ:
Бұл бағыттарды жүзеге асыруда жігерлілік және тәсілдер жүйесі қажет.
1. Мақсатты таңдау және оны негіздеу;
2. Мақсаттың шынайылығын, қолжетімділігін анықтау;
3. Шынайы емес мақсатты шынайыға ауыстыру;
4. Өз мақсаттарыңды белсенді тексеру, айқындап алу;
5. Мақсаттардың реттілігін анықтау;
6. Жеткен деңгейді ескере отырып, жаңа мақсат белгілеу;
7. Мақсаттарды нақтылау; мақсаттарды анықтау;
8. Мақсаттардың жағдайларға тәуелділігін анықтау;
9. Қалыптан тыс мақсаттарды белгілеу.
Өзін-өзі бағалау деп бұл адамның өте күрделі, көп бөлімді, құрылымды білімін айтамыз. Ол ерте балалық шақтан,яғни сәбидің «мен өзім» деген алғашқы сөзінен бастап, адамның бүкіл өмір бойына жалғасады , әрі дамиды. Бала «Мен өзім» деп айта отырып, үлкедерге белгілі бір нәрсені орындауға қажетті өзінің мүмкіндіктерін, біліктіліктерін бағалайтындығын білдіртеді.
«Өзін-өзі бағалау» және «өзін-өзі анықтау» ұғымдары психология мен педагогикда кеңінен, әрі көп мәнде қолданылатынын біз білеміз.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы және дамуының қажеттілігі бір жағынан оқыту әдістері мен түрлері, екінші жағынан – тәрбиемен байланыстан туындайды. Бұл байланыс оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушылар арасында орнайтын өзара қарым-қатынас жүйесімен қамтамасыз етеді. Өзін өзі бағалау білім берудің тиімділігі, оқыту мазмұны, әдістері және ұйымдастырылу түрі ғана емес, оқу үрдісінде пайда болатын өзара қарым-қатынас жүйесімен де қамтамасыз етеді.
Сонымен оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мәселесінің маңызы - мақсатқа бағытталушылық болды. Ол оқушылар бойында қалыптасатын өзіндік бағалау белгілі бір мақсат, арман-мұраттарға, нормалар мен құндылықтарға бағытталу екен.
Өзін-өзі бағалаудың нысанасы – бағалауға жататын нақты адам немесе топ ретінде анықтау, ал пәні – бұл адамдарда тікелей бағаланатын нәрсе ретінде анықтау десек болады. Бағалау нысаны және өзін-өзі бағалау адамның өзі, өзге адамдар, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, өзге адамдармен өзара тіл табысуын айтамыз. Оқушы үшін бұл олардың өздері, олардың мұғалімдерімен, ата-анасы және құрдастарымен, ортамен қарым-қатынасы, өзара іс-әрекеттерін бағалауын айтамыз.
Сонымен қорыта келе, оқушының өзін-өзі бағалауы оның білім, қабілет, мінез-құлық белгілері, жігерлілік, моральдық және өзге де жеке тұлғалық қабілетіне, оның физикалық ерекшелігіне, еңбек қасиетіне, іс-әрекетінің дамуында маңызы жоғары екен.
Достарыңызбен бөлісу: |