Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе



бет6/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

Қосымша әдебиеттер:

  1. Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. 12-басылым.-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018

  2. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе.- 11-ші басылым.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.

  3. Жаңа және ең жаңа педагогикалық технология: оқу құралы / В.К. Дьяченко, Г.М. Кусаинов, Б.Т. Абыканова, Д.К. Садирбекова, Г. Мырзагерейқызы. - Алматы : "Отан" ЖК, 2020. - 186 б.

  4. Бапаева М.Қ. Психологияны оқытудың белсенді әдістері: Оқу құралы. - Алматы : "Отан" баспасы, 2018. - 188 б.

  5. Шульц Д.П., Шульц С.Э. Қазіргі психология тарихы. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.


ЛЕКЦИЯЛАР ТЕЗИСІ
Лекция 1
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері
Қысқаша мазмұны.
Білім берудің жалпы сипаттамасы. Білім беру туралы түсінік. Бүгінгі таңдағы білім беру сипаты. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Білім беру парадигмасының қағидалары (А.Б. Орлов бойынша). Білім беру ұғымының тарихи мазмұны.
«Білім беру ортасы» түсінігі және оның типологиясы мен құрылымы. Білім беру ортасы туралы түсінік. білім беру ортасының тұжырымдары. Білім беру ортасының типологиясы мен құрылымына сипаттама.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
Парадигма ұғымының сипаттамасы. Қазіргі білім берудің негізгі парадигмалары (Е.В.Колесникова). Білім беру парадигмаларының түрлері.
Білім беру жүйесінің психологиялық қамтамасыз етілуі. Білім беру ортасы ұғымы. Білім беру жүйесіндегі пихологиялық қауіпсіздік негіздері. Білім беру жүйесін психологиялық қамтамасыз ету негіздері.
Білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық денсаулығы. Психологиялық денсаулық ұғымы. Физикалық, психикалық және психологиялық денсаулық ұғымдарының ерекшеліктері. Психологиялық денсаулықты зерттеу мәселелері.
Қай уақытта болмасын әлеуметтік институт ретінде білім беру қоғамдық ұсақ, әрі күрделі құрылымдардың бірі ретінде қарастырылып келеді. Білім берудің мазмұны – қоғам жағдайының көрінісі бола отырып, бірінен екіншісіне ауысып отыратын жүйе болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру ХХ ғасырдың индустриалды қоғамынан ХХІ ғасырдың постиндустриялды және ақпараттық қоғамына көшу сипатымен анықталып жүр. Білім берудің дамуы мен қызмет етуі қоғамның өмір сүруінің әкономикалық, саяси, мәдени тағы да барлық басқа шарттары және факторларымен шартталған. Білім беру мен мәдениет ең тығыз байланыста "білім беру институтының қалыптасуының ең бірінші сатыларының өзі табыну (культ) ғұрыптармен байланысты: сол кездегі мәдениет ұдайы өңдіруді талап етіп отырған. Бұл жердегі білім беру ең алдымен "... адамның ұдайы өңдірілу немесе қоғамдағы адам мәдениетінің ұдайы өсуі" міндетін атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырылды. Бұл қағида Я.А. Коменскийдің ұсынған оқытудағы тәбиғи сәйкестілік ережесінің орнына келді. Кезінде А.В. Дистервегтің "мәдени сәйкестікпен оқыту" деп тұжырымдаған (мәдени сәйкестілік) қағидасы мәдениет контексінде оқытуды, білім беруді мәдениеттің сипатымен оның құндылықтарына бағдарлау, оның жетістіктерін меңгеру және ұдайы өңдіруге, әлеуметтік мәдени нормаларды қабылдау және оларды ары қарай дамытуға адамды тартуды білдіреді.
Субординация қағидасыбалалық әлемі — бұл ересектер әлемінің бір бөлшегі, оның дербес емес қосалқы, тұтасқа сай келмейтін және оған бағынышты бөлігі болып табылады.
Монологизм қағидасы — балалық әлемі-оқушылар мен тәрбиеленушілер әлемі, ерсектер әлемі- мұғалімдер мен тәрбиешілер әлемі. Өзара әрекеттесу мазмұны тек бір бағытта ғана беріледі, яғни, ересектерден балаларға қарай жүреді.
Үстемдік жүргізу қағидасы — ересектер әлемі үнемі өз заңдарын балаларға жүргізіп отырған, балалар әлемі үлкендер әлеміне қарағанда үнемі қорғансыз болған. Ол ешқашан және ешқандай түрде оған әсер етпеген.
Басқару қағидасы — оқыту мен тәрбие берудің қажетті бөлшегі ретінде қарастырылатын ересектер әлемін бақылау. Бұл бақылау балалар әлемін ересектер әлемімен күштеп ассимиляциялауды қамтамасыз етеді.
Есею қағидасыбалалық әлемінің дамуы ылғи есею ретінде, яғни балалардың қозғалысы үлкендердің құрған жас ерекшелік баспалдақтары бойынша қарастырылған.
Инициация қағидасы — ересектер мен балалар әлемінің арасындағы шекараның болуы болып табылады. Сонымен қатар, адамды әлемнің бірінен екіншісіне ауыстыру.
Қабылдау қағидасы — адам басқа адамдармен бар болмысымен қабылдануы тиіс. Оның ерсектік және балалық бағаланулары қалыптылыққа қатысы жоқ болып келеді.Білім беру дәстүрлі түрде адамның өз өн бойы мен бейнесіне ұқсастықты құру ретінде анықталады. "Білім беру" ұғымы өзінің бастамасын ежелгі орта ғасырлардан алады, ол "бейне" ұғымдарымен байланысады.
Қайта өрлеу дәуірінен бастап білім беру адамның өзін-өзі дамыту, мәдениетке тартылу, оған ену басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарастырылады. Білім беру өз бейнесін, тұлғасын жасаудың құралы бола бастайды. Бұл жағдайда мәдениет бейнесі білім беруде қолданылатын мазмұнға, ұйымдастыру мен әдістерге түседі.
Білім беру ортасы- бұл оқыту мен тәрбие үдерісі жүзеге асатын педагогикалық психологияның қазіргі жағдайы болып табылады. Білім беру әлеуметтік “өмір” аймағы, ал, орта білім беру факторы. “Орта”- бұл адамды қоршаған жағдайлар мен ықпалдардың жиынтығы ретінде түсініледі. Кеңес психологиясында білім беру ортасын қарастырған ғалымдар: Г.А. Ковалев, В.П. Лебедева, А.Б. Орлов, А.В.Петровский, Б.Д. Әльконин және т.б.; шетел психологиясында: А. Бандура, К. Левин, К. Роджерс.
Я. Корчак білім беру ортасы мынадай негізгі типтердің біріне енуі мүмкін екендігін айтады: “Догматикалық білім беру ортасы”- баланың пассивтілігі мен тәуелділігі дамуға мүмкіндік береді; “Мансаптық білім беру ортасы”- баланың белсенділігі, сонымен қатар тәуелділігі дамуға мүмкіндік береді; “Мұңсыз білім беру ортасы”- еркін дамуға мүмкіндік береді, бірақ, бала пассивтілігі қалыптасуымен шарттанады; “Шығармашылық білім беру ортасы”- белсенді баланың еркін дамуына мүмкіндік береді.
Г.А. Ковалев білім беру ортасында өзара байланысты негізгі үш параметрді бөледі:
1) “Физикалық қоршаған орта”-құрылыс және мектеп дизайны, мектеп ғимараты;
2) “Адам факторы”- білім беру процесінің субъектілері арасындағы әлеуметтік тығыздық, оқушылардың,мұғалімдердің жыныстық және жастық ерекшеліктері.
3) Оқыту бағдарламасы- іс-әрекеттік құрылым, оқыту стильдері.
Е.А. Климов ортаның бірінші бөлігі әлеуметтік-байланысқа мыналарды енгізді: жеке үлгі, мәдениет, тәжірибе, өмір салты, іс-әрекет, мінез, өзара қатынас, мекеме, ұйым, оның өкілдерінің тобы.
Екінші ортаның ақпараттық бөлігіне: ішкі тәртіп ережесі, оқу орнының жарғысы, дәстүрі, жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережесі, көрнекілік тәсілдері, арнайы жолданған өзара әрекеттестікті жатқызады.
Үшінші ортаның соматикалық бөлігіне жеке тән және оның қалпы қарастырылды. Төртінші ортаның заттық бөлігіне материалдық қамтамасыз етілу енгізілді.
Бүгінгі заманауи педагогикада білім берудің парадигмасы ұғымы кеңінен қолданылып жүр. Парадигма ұғымы латын тілінен аударғанда: үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай деген балама мағынаға ие.
Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды Е.В.Колесникова енгізген. Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды қабылдау мен олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Мәдениетке деген үш амал және білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі бар.
Мәдениетке деген үш амал: 1) аксиологиялық – мәдениет құндылық ретінде қарастырылады; 2) әрекеттік – материалдық немесе рухани құнылықтарды игеру, жасау бағытындағы белгілі бір іс-әрекет; 3) тұлғалық – мәдениет тұлғаның белгілі бір типтерінде, оның қасиеттерінде көрініс табады. Осы мәдениетке деген үш амалға сәйкес білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі немесе үш парадигмасы бар:
1.Дәстүрлі-консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.
2.Рационалистік (әрекеттік амал) – баты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.
3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.
Білім беру ортасы- тұлғаның қалыптасуы мен дамуында білім беру субъектісі белгілейтін арнайы ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық жағдайларындағы білім беру үдерісінің материалдық факторлар мен тұлғааралық қарым-қатынастың жиынтығы. Білім беру ұйымдарының психологиялық қамтамасыз етілуінде қауіпсіздік маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. “Қауіпсіздік” сыртқы және ішкі қауіптерден тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің маңызды өмірлік мүдделерінің қорғалғандық жағдайы.
Психологиялық қауіпсіздікке төмендегі жағдайлар кіреді:
- адам психикасының сақталу жағдайы;
- тұлғаның тұтастығын, адамның, әлеуметтік топ және қоғамның функционалдануының беімділігін сақтау;
- ортамен өзара әрекеттесуде тұлғаның дамуы мен қалыпты функционалдануы;
- қауіптің алдын алу және жою бойынша орта мен тұлғаның мүмкіндіктері;
-өзара әрекеттесуде ортаның психологиялық зорлықтан қорғау жағдайын құру қалпы, тұлғалық сенімді қарым-қатынаста қажеттіліктердің қанағаттандырылуы. Білім беру үдерісіндегі психологиялық қауіпсіздікте қолданылатын ұғымдар: “қауіп”; “тәуекел”; “қорқыту”
Тәуекел факторларға мыналар кіреді: оқытушылар әлеуетімен, материалды техникалық базамен жеткіліксіз қамтамасыз ету, білім алушылардың және оқытушылардың төмен белсенділігі, әлеуметтік және практикалық дағдылардың, ептіліктермен, тәжірибенің қалыптаспауы, тәрбие және мәдениет деңгейі, психикалық және физикалық денсаулықтың бұзылуының алдын алу шараларының болмауы және т.б.
Психологиялық қауіпте: тұлғалық сенімді қарым-қатынаста маңызды базалық қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы, мұның салдары- деструктивті мінез-құлыққа, білім беру мекемелеріне негативті қатынасқа және психикалық және физикалық денсаулықтың бұзылуына бейімділік болып табылады.
Білім беру жүйесін психологиялық қамтамасыз ету келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: диагностикалық (тексеру), коррекциялы-дамытушы (түзете-дамытушы), профилактикалық, дамытушы, кеңес беретін, оқытатын, ағартушылық). Бұл қамтамасыз етудің негізгі мақсаты-білім беру үдерісінің қатысушыларының: балалардың, ата-аналардың және педагогтардың психологиялық аман-саулығы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет