Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


Психологиялық ағарту, кеңес жұмыстары



бет14/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

3. Психологиялық ағарту, кеңес жұмыстарыпедагог, ата анасы, оқушының психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу.
1) Педагогке.
Педагогтарға психологиялық кеңес беру және ағарту. Психологиялық кеңес беру – педагог-психологтың мектептегі тәжірибелі іс-әрекетінің маңызды бағыты. Педагог-психологтың мектептегі әрекетінің тиімділігі, оқушыларды қамтамасыз ету міндетін шешуде, педагогтар мен мектеп әкімшілігімен қарым-қатынас орната білуі арқылы көрінеді. Бұл жұмыс, әрине кеңес беруде жүзеге асырылады. Көптеген жағдайларда педагог-психологтың кеңес беруінен педагогтар, тәрбиешілер қандай да бір педагогикалық жағдайда өзін қалай ұстап, қалай әрекет етуіне байланысты дайын кеңестер, нақты түсіндірулерді күтеді. Мұндай жағдайда педагог-психолог тек мәселені, сұрақты шешуге айланысты шарттар құрады және өзіне барлық жауапкершілікті алмайды. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру – бұл педагогтардың кәсіби және мектеп өмірімен байланысты мәселелерін шешуге бағытталған, оларды біріккен іс-әрекетке ұйымдастыратын әмбебап жұмыс формасы. Ол келесі принциптерге сүйенеді:
педагог-психолог пен педагогтың тең құқықтық өзара әрекет етуі;
педагогтың бойында туындаған мәселені өзі шешуі үшін бағытты
қалыптастыру;
мәселені шешуге деген жауапкершілікті кеңес беруге қатысушылардың
бірдей алуы;
педагог пен педагог-психолог арасындағы кәсіби қызметтерді бөлу.
Пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге кеңес беру оқыту және тәрбиелік бағдарламаларды психологиялық адекватты түрде құрып, жүзеге асырумен байланысты. Психологиялық адекваттылық ұғымы бағдарламаның психологиялық-педагогикалық және психологиялық-физологиялық талаптарға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне мүмкіндіктеріне сәйкес келуін білдіреді. Жекелеген оқушылар мен оқушылар тобына байланысты оқыту, жүріс-тұрыс және жеке адам аралық қатынас мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру,
маңызды жұмыстардың бірі ретінде саналады. Мектеп педагог-психологының келесі тәжірибелік іс-әрекетінің бір түрі ретінде, психологиялық-педагогикалық консилиумды айтуға болады. Бұл жұмыс түрі оқыту үдерісінде әрбір оқушыны психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге бағытталған бірдей стратегияларды құру және жоспарлау арқылы көрінеді. Консилиум барысында баланың оқушы статусына байланысты педагогтың, сынып жетекшісінің дәрігердің және психологтың ақпараттары жинақталады. Осының негізінде баланың өзекті қалпы мен мүмкіндіктері және алдыңғы даму динамикасы ескеріле отырып, оның әрі қарайғы оқуы мен дамуының бағыттары анықталады. Педагогтарды психологиялық ағарту оладың кәсіби және жеке адамдық мәнді білімдерді алу жұмысын айтамыз. Ең бастысы, мұнда алынған психологиялық білімдер мен дағдылар, педагогтарға мынадай ерекшеліктерге мүмкіндік береді:
мазмұндық және әдістемелік көзқарас тұрғысынан, оқушылардың пәндік оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру;
әріптестермен және оқушылармен жағымды өзара қатынас орната білу;
өзара әрекет барысында мектептің басқа мүшелерімен қызметтегі және
қарым-қатынастағы тұлғасын саналы түрде ұғыну.
2) Ата – анаға.
Педагог-психолог ата-аналарға жүйелі психологиялық білімдерді бермейді, керісінше, кездесулерді пайдалана отырып, оқушының балалық даму динамикасы туралы терең түсіндіре отырып, баланың өзекті мәселелерімен таныстырады. Ол үшін жиналыстарда қысқа психологиялық әңгімелесулер, арнайы ата-ана күндер пайдаланылады. Ата-аналараға берілетін психологиялық-педагогикалық кеңес әр түрлі қызметтерді атқаруы мүмкін. Кеңес беру баланы мектепте оқытуда кездесетін қиындықтарды ата-ана мен баланың тиімді қарым-қатынас ұйымдастыруына бағытталады. Сонымен қатар кеңес беруді педагог-психологтың бастамасына байланысты, диагностикадан кейін, бала туралы қосымша ақпарат алу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар отбасындағы күрделі мәселелерді әмоциялық уайымдауына, ата-аналарға кеңес беру мақсатында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет