Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


Психокоррекциялық (түзетім, дамыту) жұмыстары



бет16/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

4. Психокоррекциялық (түзетім, дамыту) жұмыстары. Мектеп педагог-психологының дамытушы іс-әрекеті оқушылардың бірегей психологиялық дамуы үшін, әлеуметтік психологиялық шарттарды құруға бағдарланады. Ал психотүзетім іс-әрекет, осындай даму үдерісі барысында оқытуда, жүріс-тұрыста және психикалық өзін-өзі сезінуде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталады. Нақтылы жұмыс формасы, психодиагностиканың нәтижелерімен анықталады. Бірінші жұмыс формасы даму деңгейімен өзекті қалпы күрделі психологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін оқушылармен жұмыс істеуге бағдарланса, екінші форма дамуда, жүріс-тұрыста, психикалық өзін-өзі сезінуде анықталған психологиялық мәселелермен жұмыс атқаруға бағдарланады. Түзетім – дамыту жұмысы мектеп педагог-психологының балалармен жасөспірімдер мен жұмыс атқаруындағы негізгі бағыт болып саналады. Диагностика бұл жұмысты жүргізудегі негізгі ұйымдастырушысы болып саналады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы, оның мазмұны мен ұйымдастырылуында жатқан бірегейлілігі. Басқаша айтқанда түзетім – дамыту жұмысының мазмұны бала мен жеткіншектердіңң тұлғасына бірегей әсерді қамтамасыз ету керек. Баламен жұмыс істеуде, оның толық тұлғасымен, оның ішінде мотивациялық, әмоция-лық және басқа да өрістерінің көрінісімен бірге жүйелі түрде атқарылу керек. Мектептегі түзетуші-дамытушы жұмысты құруда, арнайы талаптарды ұстану керек. Ең алдымен бала не жеткіншек бұл жұмыстарға ерікті түрде қатысу керек. Ал, бұл жұмыс бастауыш сынып оқушыларымен және де 5-6 сыныптармен жүргізілетін болса, олардың ата-аналарының келісімін алған дұрыс болады. Түзете-дамытушы жұмыстың мазмұнын жоспарлауда тек қана қажеттілік, құндылық ерекшеліктеріне байланысты жас кезеңдерінің көріністерімен қатар, оқушының әлеуметтік және мәдени ортасының, жеке ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен қатар, мектепте жүргізілетін түзетім-дамытушы жұмыстың әдістері мен формаларының бірегейлігі мен жалғастығы туралы ұмытпау керек. Енді мектеп педагог-психологының түзетуші және дамытушы іс-әрекетіне толығырақ сипаттама берейік. Мектеп тәжірибесіндегі дамытушы жұмыс дәстүрлі түрде баланың өзіндік сана-сезімі мен психологиялық өмірінің әлеуметтік, әмоциялық тұлғалық, танымдық өрістеріне бағдарланады. Мұндағы жұмыс дәстүрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалға, психологиялық дамытушы ортаны ұйымдастыру. Мұндай жұмыс педагог-психолог пен оқушының сабақтан тыс уақытында ұйымдастырылуы мүмкін (тренингтік, дамытушы, оқытушы жұмыстар). Сонымен қатар, мұндай ортаны сабақ үстінде, тәрбиелеу үдерісінде және сабақтан тыс уақытта, психологиялық дамытушы технологияларды қолдана отырып, құра алады. Сонымен қатар, психологиялық дамытушы орта ретінде, оқытушы психодиагностика, басқаша айтқанда, әртүрлі психодиагностикалық шаралардың мәліметтерін педагог-психологпен біріге отырып талдау арқылы жекіншектер мен жастық шақтағы оқушылардың өз-өздеріне дамыту мен тануы. Оқу іс-әрекетінде дамытушы жұмысты педагог-психолог жанама түрде жүргізе алады. Ол психолог пен педагогтың біріге отырып, балалардың психикалық әлемдерінің әртүрлі жақтарын ескеретін, оқу үдерісіне енгізілетін формалар арқылы көрінеді. Мектеп тәжірибесіндегі психотүзетімдік жұмыс жоғарыда айтылғандай әртүрлі психологиялық қиындықтары, мәселелері бар оқушыларды анықтап, сол мәселелерді шешуге бағдарланады. Педагог-психолог үлкен топпен жұмыс атқаратындықтан, әрбір баланың мәселесіне байланысты даралық түзету бағдарламасын құрай алмайды. Ең алдымен бағдарлама жас ерекшеліктерін және осы жаста көптеп кездесетін мәселелерді ескере отырып, құрылуы керек. Әрине, мектеп педагог-психологы баланың барлық мәселелерімен жұмыс істей алмайды. Мектеп педагог-психологының біліктілігі мен жұмыс ауырлығын ескере отырып, оның міндетіне дамытушы жұмыс пен мектепке бейімделу мен танымдық өрісінің мәселелерін шешуге бағытталған түзету жұмыстарын ғана атқарады. Ал басқа мәселелерді шешу мүмкіндігі педагог-психологтың жеткілікті түрде дамыған кәсіби дағдыларына байланысты. Психотүзетуші жұмыс топтық және даралық түрде де жүргізіледі. Мұндағы нақтылы жұмыс формасын таңдау баланың жас ерекшелігіне, мәселенің сипатына байланысты болады. Сонымен қатар, бірегейлік қағидасын ұстану өте маңызды болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет