Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе



бет19/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

Тестті таңдау кезеңінде – күш пен уақытты аз жұмсай отырып, барынша тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін тест таңдалады.
2. Жүргізу кезеңінде - тестті жүргізуге қойылатын талаптарды (мысалы, балаларға керекті жауапты сыбырлап айтуға, олардың жұмысына көмектесуге және т.б. болмайды) сақтау. Көптеген адамдар тестілеу алдында толқиды, ол заңды да, А.Анастази көрсеткендей, әрбір тест адамның беделіне әсер етеді, ішкі дүниеңнің тереңіне араласады.

3. Нәтижелерді өңдеу немесе интерпретациялау кезеңі- арнайы білімдер мен біліктерді талап етеді. Өңдеу жұмысын жүргізу үшін математикалық (формаулаларға сәйкес нәтижелерді дұрыс есептеу) және тест жасалған психологиялық теориялар арнасы туралы білімдер болуы қажет. Кейбір тест нәтижелерін өңдегенде, әсіресе, проективті әдістерді көп жағдайда педагог-психологтың субъективті қатынасына тәуелді болады. Нәтижелерді интерпретациялау тікелей маманның кәсіби деңгейіне тәуелді: ол көп білген сайын, соғұрлым қарапайым тестердің өзінен біршама мол мәліметтер алады. Тесттер бірнеше топтарға бөлінеді. Мысалы, жетістіктер тестісі оқушы қаншалықты нақты білім, білік және дағдыға ие екендігін анықтайды. Олар қолдану мен өңдеуде біршама қарапайым болып келеді. Интеллект тесттері оқушының ойлау операцияларын орындау қабілетін анықтау үшін қолданылады. Тұлғаның жеке қабілеттіліктері мен бейімділіктерін, мәселен, шығармашылықты анықтауға арналған тесттің ерекше тобы да бар.
Педагогикалық мәдениет термині бүгінгі күні жалпылама қабылданып, нығайған ғылыми анықтамаға ие болған жоқ. Ғылыми әдебиетте «мәдениет» ұғымының көптеген анықтамасын кездестіруге болады. Бұл анықтамалар кейде бір-бірінен алшақтап кетеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында–ақ американдық зерттеушілер мәдениет сөзінің 300-ге жуық анықтамасын жинақтады. Содан бері анықтамалар саны өсіп келеді.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің әдіснамалық негіздерін В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, В.В. Краевскийлер, тарихи-педагогикалық аспектісін А.К. Колесова, әстетикалық тұрғыдан Ә.А. Гришин, Д.С. Яковлева, коммуникативтік негіздерін А.В. Мудриктің еңбектерінен көруге болады.
Кәсіби-педагогикалық мәдениетті педагогикалық іс-әрекеттің технологиясын айқындайтын әмбебап тәсілдері, тұлғаның кәсіби-құндылылық қасиеттері деп түсінуге әбден болады. Сол педагогикалық мәдениеттің педагогикалық әтика, әдеп, жоғары адамгершілік деңгей, тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынас дағдысы секілді құрамдас бөліктері негізінде оқу-тәрбие үдерісінің технологиялары тиімді жүзеге асырылады.
Педагогтың гуманистік мәдениеті – жалпы адами идеялар мен құндылықтардың, тұлғаның кәсіби-ізгілікті бағдарының және жеке сапаларының бірлігі. Осындай мәдениет деңгейінің болу педагогқа оқушылардың даму деңгейін диагностикалау, оларды рухани мәдениет әлеміне ендіріп, рухани іс-әрекетін ұйымдастырып, әлеуметтік құндылық бағдарларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Педагог-психологтың кәсіби қызметі білім беру мекемесінің әлеуметтік ортасының үйлесімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың әлеуметтік қорғалуы мен оларды өзін-өзі қорғауға даярлауды қамтамасыз етуді қарастырады.
Білім беру мекемесінің әлеуметтік ортасын үйлесімдендіру берілген мекеменің тәрбиелеуші ортасын және тәрбиеленушілердің өзін-өзі жүзеге асыру алаңын құрумен байланысты, әлеуметтік қатынастардың түрлі субьектілерінің балаға деген қарым-қатынасын коррекциялауға (түзетімге) бағытталған.
Тәрбиелеуші ортаны құру білім беру мекемесінде оқу және сыныптан тыс әрекеттерде шығармашылық бастамалардың басымдығын білдіреді. Мұнда оқушылар, педагогтар және педагог-психологтар шығармашылықты тұлға мен ұжымдағы қарым-қатынастарды бағалаудың әмбебап критериі ретінде қарастырылады.
Аталған бағытты жүзеге асырудың негізгі тетіктері:
- педагогтар мен оқушыларды біріктіретін ұжымның басым мақсаттарын айқындау;
- балалардың өзін-өзі басқаруын, балалар мен ересектердің бастамашылдығы мен дербестігін дамыту, жас ерекшілігі әртүрлі балалар бірлестіктерін құру;
- шығармашылыққа жағымды қатынасын қалыптастыру (тәрбиелеуші орта әвристикалық сипатта болуы тиіс);
- білім беру мекемесінің қайталанбайтындығы (әр мектептің өз бейнесі болуы керек);
- педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналарының арасында «жауапты тәуелділік» қарым-қатынастың (А.С. Макаренко) болуы.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет