1. Мамандыққа кәсіби дайындыққа дейін қандай педагогикалық пәндермен таныстыңыз?
2. Кафедраның мамандық бойынша оқу үдерісінің жоспарымен танысыңыз. Сіз үшін кәсіби дайындықта қандай пәндер маңызды.
3. Аптаға, айға өзіндік жұмыстың жеке жоспарын жасаңыз.
4. Кітапханаға барып, библиографиялық бөліммен танысыңыз. Мұғалім еңбегі туралы кітап немесе мақала тауып анотация құрыңыз.
5. Ай сайын педагогикалық және психологиялық басылымдармен танысыңыз.
6. Баспа бетінен өзіңізді қызықтырған материалды таңдап, практикалық сабақта талқылаңыз.
7. Бір педагогикалық немесе психологиялық әдебиетке рецензия жазыңыз (оқытушымен келісе отырып)
8. Педагог, мектеп туралы кітапты немесе фильмді талқылауға дайындалыңыз.
8-лекция Педагог-психологты кәсіби дайындаудағы құзіреттілік тұғырының мәні Қысқаша мазмұн: «Құзіреттілік», «құзірет», «құзіреттілік тұғыры» ұғымдары. Құзіреттілік ұғымына сипаттама. Кәсіби құзіреттілік түрлері. Педагог-психолог қызметіндегі құзіреттілік.
Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы. Педагог-психологтың кәсіби-педагогикалық құзіреттілігі ұғымының мәні. Педагог-психологтың тұлғасына сипаттама. Педагог-психолог қызметінің ерекшелітер. Педагог-психолог тұлғасына тән қасиеттер.
Болашақ педагог-психологты дайындаудағы негізгі құзіреттерді қалыптастыру: әдіснамалық, жалпы мәдени, жалпы кәсіби, пәнге бағытталған.Кәсіби әдеп ұғымы. Педагог-психологтың кәсіби әдеп нормаларына сипаттама. Педагог-психолог қызметіндегі негізгі кәсіби әдепті дамыту жолдары. Кәсіби әдепті сақтаудың қоғамдық маңызы.
Құзіреттілік латын тілінен аударғанда "қатыстылық, сәйкестілік" деген мағына білдіреді. Кәсіби құзіреттілік- педагог-психолог қызметінің ең басты әтикалық қағидасының бірі болып табылады.
Педагогикалық шығармашылық, педагогикалық шеберлік және педагогикалық құзырлық ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Өз кәсібінің шыңына шығуды мақсат етпейтін, білім мен дағдының ең жоғары деңгейіне көтерілуді көздемейтін, бір сөзбен айтқанда педагогика саласында құзырлы маман болуға ұмтылмайтын педагог кемде-кем. Сондықтан педагогикалық іс- әрекетті жетілдіруде «педагогикалық шеберлік» және «педагогикалық құзырлылық» ұғымдарының маңызы зор екендігін айтып өткен абзал.
Қазіргі қоғам педагогтарға білім алушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру үдерісіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтың іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан құзырлы болу керек. Педагогикалық құзырлық мұғалімнің жеке тұлғасының байлығы және оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады.
Педагогтың кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады, қайта жанданады және шығармашылық сипаты арқылы білім беру жүйесіне жаңа мазмұн береді. Педагогикалық шеберлікті зерттеудегі өзектілік білім алушының жеке тұлғасын дамытудың оңтайлы жағдайларын анықтаумен қатар, практика барысында туындайтын қиыншылықтарға да байланысты.
Кейбір зерттеулерде құзырлылық ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі. Себебі құзырлылық іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады. Маманның алдында тұрған мәселелер мен міндеттерді шешу деңгейіне білім мен біліктің сәйкестігін айтады. Бұндай түсініктеме біліктілікке де балама бола алады. Дегенмен бұл екі ұғымның айырмашылығы жайлы тоқтала келіп, кейбір зерттеулерде (О.Б.Хонов) біліктілік ұғымына қарағанда құзырлылық ұғымының мағынасы ауқымдылау екендігі айтылады. Біліктілікке кәсіби білім мен білік тән болса, құзырлы педагог бойында сол қасиеттермен қоса өз кәсібіне деген ынталылықтың болуы, білім алушылармен атқаратын іс-әрекеттің ынтымақтастық сипатта болуы, коммуникативтік қабілеттердің т.б. болуы шарт.
Педагогтың іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық,әлеуметтік-психологиялық, философиялық т.б.) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы педагог кәсіби құзырлыққа ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады. Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениетке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Әсіресе азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу міндеті тұр. Сол құндылықтарды жүзеге асыратын педагогты даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады. Себебі қоғамның әлеуметтік-әкономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауды көздейді. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі жоғарғы оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісінде жаттандылықтан аулақ, психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер маман қажет.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, педагогқа өз қызметінде жүздеген жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды, сан-қырлы педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды білім, білік дағдысы және біліктілігіне қарай шешеді.
Педагогикалық кәсіпке басқарушылық сипат басым. Жеке тұлғаның даму үдеріске басқару үшін педагог құзырлы болу керек. Кез-келген мамандық бойынша педагог құзырлылығы біліктілік сипаттамасымен анықталады. Біліктілік сипаттамасына кәсіби білім, білік, дағдылардың ғылыми негізделген құрамын бейнелейтін педагог құзырлылығының моделі жатады.
Кәсіптік құзырлылыққа қол жеткізу үшін педагогикалық-психологиялық және арнайы біліммен (пән бойынша) шектелуге болмайды. Ол білімдер жинағы әрине қажетті, дегенмен кәсіптік құзырлы маман болу үшін әлі жеткіліксіз. Теориялық-практикалық және әдістемелік білімдер педагогикалық біліктер мен дағдылардың алғы шарттары.
Жалпы құзырлылық деп адамда белгілі бір сала бойынша білім мен тәжірибенің болуын айтады. Ол адам іс-әрекетін бағалайтын ұғым, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статусы бар адамдарға байланысты олардың шешілетін мәселелер мен міндеттердің күрделілік деңгейін ұғынуын, оған білім мен білігінің сәйкес келуін сипаттау үшін қолданылады.
Соңғы зерттеулерде педагогикалық құзырлылық деп маманның өз іс-әрекетінде білімін, білігін және әрекетті орындаудың жалпылама тәсілін жұмылдыра білу қабілетін айтады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулерде құзырлылықтың төмендегі түрлері анықталған:
1) Коммуникативті құзырлылық - әр тілде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау технологиясын меңгеру (бұған компьютерлік бағдарламалар, интернет арқылы қарым-қатынас жасау кіреді);
2) Ақпараттық құзырлылық – қажетті ақпаратты өздігінше іздеу, талдау, зерттеу білігі.
- педагогикалық іс-әрекетті нормативті – құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету;
- ақпараттық технологияларды меңгеру.
3) Жалпы мәдени құзырлылық:
- ұлттық, жалпыадами мәдениет саласындағы білімнің болуы;
- тұлғалық аксиологиялық жүйені меңгеруі;
- түрлі әтномәдениетке толеранттылық таныту.
4) Танымдық-шығармашылық құзырлылық:
- оқу-танымдық іс-әрекетке мақсат қою, жоспарлау;
- дамыған шығармашылық қабілеттің болуы;
- жаңа білімді өздігінше меңгеру қабілеті;
5) Әлеуметтік-еңбектік құзырлылық:
- өзіне жауапкершілік алу білу қабілеті;
- жеке мүддесінің қоғам талаптарымен сәйкес келуі;
- кәсіби әрекетті өздігінше орындауға дайын болу қабілеті;
6) кәсіби құзырлылық:
- белсенді өмірлік ұстаным;
- кәсіби білім мен білік;
- жеке кәсіби сипат;
- шығармашылық білік.
Кәсіби құзырлы болу үшін педагогтың жеке тұлғасына қойылатын психологиялық талаптарға тоқталып өтелік. Ең алдымен мұғалім тұлғасының ішкі және сыртқы әлеуетінің толықтығы оның қоршаған ортаға деген көзқарасына тікелей байланысты. Мұғалім тұлғасында түбірінде педагогикалық іс-әрекетке деген қажеттілік бар кәсіби бағыттылық маңызды орын алады. Оған жататындар:
балаларға деген сүйіспеншілік пен қызығушылық;
педагогикалық жұмысқа деген ынта-әуес;
психологиялық-педагогикалық байқампаздық пен зеректік;
Педагог-психологтың кәсіби біліктілігінің басты көрсеткіші оның мамандық бойынша базалық және кәсіптендіру пәндерді меңгеру деңгейі.
Педагог-психологтың кәсіби құзіреттілігі:
1) Педагог-психолог біліктілік деңгейіне сәйкес келетін тесттерді пайдалануға құқылы. Егер әдістеме біліктіліктің жоғары деңгейін талап етсе, онда тестіні қарапайым түрге немесе арнайы оқудан өту қажет.
2) Кеңес беруде де дәл сондай талап қойылады. Педагог-психолог біліктілігі жеткіліксіз кеңес беру техникаларын пайдалануға құқылы емес. Кеңес беруде бірнеше теориялық сипат тән. Педагог-психолог тарапынан нәтижеге жету ол қаншалықты теорияны және соған сай техниканы өз қызметінде пайдануына тәуелді болып табылады.
Кәсіби құзіреттілік- бұл белгілі бір еңбек функциясын өз бетінше, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеті.
Кәсіби құзіреттілік түрлері
Кәсіби ойлау- бұл түрлі іс-әрекетке қосылу және нақты жағдайларда белгілі бір тапсырмаларды шешуге бағытталған ойлау түрі.
«Кәсіби ойлау» ұғымын екі мағынада пайдалануға болады. Біріншіден, маманның жоғары кәсіби деңгейін көрсету үшін болса, екіншіден, кәсіби іс-әрекет сипатына негізделген ойлау ерекшеліктерін нақтылау.
«Кәсіби ойлау» ұғымына «кәсіби құзіреттілік» және «кәсіби интеллект» мазмұнымен қатар қойылып жатады. Психология ғылымында ғылыми және практикалық кәсіби ойлау түрлерін бөліп жатады. Практикалық кәсіби іс-әрекет терең зерттелген.
Практикалық ойлаудың негізгі міндеті- шындықты практикалық қайта құру амалдарын жасау болып табылады: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құру. Маман- практиктің ойлауы күрделі тапсырмаларды шешуге қосылған- іс-әрекеттің дара жүйесін құру.
Ғылыми кәсіби ойлау теориялық ойлаумен тығыз байланыста қарастырылады. Теориялық ойлау өзіне анализ, рефлексияны және әрекеттің ішкі жоспарын енгізеді. Ойлаудың бұл типі теориялық ұғымдарға сүйенеді, ол жалпылаудың ерекше типімен сипатталады. Теориялық анализ ғылыми ойлау компоненті ретінде ішкі байланыстарды ашады.
Кәсіби рефлексия –тұлғаға өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға, мақсат пен өз кәсіби іс-әрекетінің күтілетін нәтижесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Кәсіби рефлексия өзін-өзі тану аймағы ретінде кәсіби құрылудың алғашқы кезеңінен бастап –ақ туындайды.
"Тұлға" ұғымында дамудың жоғары деңгейіне жеткен биологиялық және әлеуметтік сапалары үздіксіз бітіскен ересек тұтастай адамды түсінеді. Педагогикалық іс-әрекетпен айналысатындарға қойылатын талаптардан тыс педагог-психологқа ерекше, атап кетсек, тұлғалық, қарым-қатынасшылдық, өзге адамдармен өзара әрекеттестікке түсуге дайын болу міндеті қойылады.
Педагог-психолог жұмысының табысты болуы әлеуметтік сезімталдыққа байланысты болып табылады. Әлеуметтік сезімталдық- өзге адамдардың психикалық көріністеріне, олардың ұмтылуларына, құндылықтар мен мақсаттарына әмоциялық сипатқа ие ерекше сезгіштік. Бұл маманның өзгелердің көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін байқау ептілігі, оны түсінуі мен қабылдауында бекітіледі. Әлеуметтік сезімталдықты дамыту үшін зейін мен қиялдың көрінісін дамыту қажет.
Әлеуметтік сезімталдыққа мыналарды енгізеді:
а) бақылаудағы сезімталдық- адамдардың қылықтары мен пікірлерін көру және есте сақтауу ептілігі;
ә) теориялық сезімталдық- оқушы туралы қорытынды жасау үшін теориялық білімдерді пайдалана алу ептілігі;
б) номотетикалық сезімталдық- белгілі бір типке жататын тұлға туралы білімдерді пайдалана білу қабілеті;
в) идиографикалық сезімталдық- нақты адамды ұзақ уақттық өзара әрекеттесуде тани білу және әрі қарайғы әрекет сапасын көтеру қабілеті.
Өзін басқара білу қабілетін дамыту- педагог-психологтың маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Өзін басқаруда төрт бағыт маңызды болып табылады: физикалық саулықты қолдау; күшін рационалды бөлу; қиындықтарды жеңу; уақытты дұрыс бөлу.
Педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзіндік сансыз көп қызметтері өнімді, сапалы болу үшін мамандарға жан-жақты дайындық қажет.
Педагог-психолог адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында тұлғаның мінез-құлқы мен ерекшеліктері туралы бар теориялық білімдер мен бақылаудың салыстырмалы нәтмжелері арқылы өзгелер туралы тұтас бейне қалыптастырады. Қалыптасқан бейне педагогтің әрекеттесушіге әмоциялық қатынасын, оған деген қызығушылық деңгейін анықтайды. Міне сондықтан құрылған бейне жалған болмай, барынша толық болғаны маңызды.
Әлеуметтік сезімталдықтың болмауы- педагогтардың, оның ішінде педагог-психологтардың білім алушылармен қарым-қатынасында туындайтын қиындықтардың қайнар көзі болып табылдаы. Сезімдерді, ойларды және әрекет-қылықты дұрыс анықтау және алдын болжау тәжірибемен және жаспен келеді. Бұл тек әрине ересек адамда рефлекссия дамыған жағдайда ғана мүмкін. Әлеуметтік сезімталдықтың дамуына "ореол әффектісі" (барлық адамдарға таратылатын бір ерекшелік туралы тұрақты пікір), проекция (өз қасиеттерін, әсіресе, қажет емес өзгелерге ығыстыру), стереотиптік бағалау кедергі келтіреді.
«Стереотип» грек тілінен аударғанда "тұрақты белгі", қайта жаңғырту, тұпнұсқаның дәлме дәл көшірмесі. Кез-келген стеореортиптің жағымды және жағымсыз бастамасы бар. Стеориптің жақсы жағы "ортақ тіл табысып" адамдардың бір-бірін түсінісуін жеңілдетеді. Оның негативті қарқыны педагогтың орамсыздығы, ол таңдаған "шаблонға" білім алушының сәкессіздігін байқауға құлықсыздығы көрініс береді.
Зерттеулер көрсеткендей, әрқайсысының өзгелерді қабылдау және бағалауының өзіндік типологиясы бар. Әрбір типке мінез, әрекет қылық және сыртқы ерекшеліктер сипатты.
Педагог-психологтың маңызды ерекшеліктерінің бірі өзін басқару қабілетінің дамуы. Өзін басқару төмендегі төрт бағыт үшін өте маңызды:
- физикалық денсаулықты қолдау;
- өзінің күшін рационалды бөлу;
- қиындықтарды жеңу;
- уақытты тиімді пайдалану.
Денсаулықты қолдау тәсілі көпшілікке белгілі. Әрдайым отырып әрекет ететін адамдар үшін қозғалыс өте маңызды. Әсіресе, таза ауада жүру, үйлестірілген тамақтану, ұзақ уақыттық ақыл жүгінен кейін демалыс болуы керек.
В. Левипедагогтың бойынан күтілетін әлеуметтік рецептуарларды жүйелеген.
кумир
Педагогтың рөлдік рецептуары (В. Леви бойынша) Жұмыста өзін дамытуға және шығармашылыққа тырысу- педагог-психолог тұлғасы ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Шығармашылық (ән, көркем өнер, колөнер, жұмыста, үйде жағдай жасау) педагог-психологтың заттарға, жағдаяттарға стандартқа сай емес қатынас таныту қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, жағдайларға тез ыңғайлануға көмектеседі. Өмірге және адамдармен қарым-қатынасты шығармашылықпен жасауға төмендегідей қарапайым жаттығулар көмектеседі
- өзге адамның немесе заттың бейнесіне ену жаттығуы жақсы көмектеседі, мысалы:
сыныптағы болған оқиғаны сіз бір оқушы немесе бақылаушы ретінде баяндау немесе тақта, бор, терезеден бақылап тұрған құс.
- заттарға стандарға сәйкес емес сипатта қарау, мысалы: кез-келген затты пайдалану тәсілдерін білу.
Өзгелерге әсер ету дағдысынының дамуы- жақсы педагог-психологтың тұлғалық ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Дәстүрлі қарым-қатынаста, сонымен қатар, педагогикалық әсер етудің негізгі төмендегідей төрт тәсілін бөледі:
- жұқтыру;
- еліктеу;
-иландыру
-сендіру;
Жұқтыру- бір адамнан екінші адамға әмоциялық қалыптың берілуімен байланысты әсер етудің ерекше тәсілі. Адам жұқтыру үдерісіне ұшырағанда санадан тыс, еріксіз белгілі бір психикалық (әмоциялық) қалыпқа тап болады. Бұл жағдайда ақыл әрекеті емес, болып жатқан жағдайларға гормондық ауысу жүзеге асады. Ол өзінің әрекет-қылығын бақылау, жағдаяттың алдын болжау және өзі мен өзгелерді қадағалау қабілетін жоғалтады. Тәжірибелі педагогтар және лекторлар жұқтыру әдісін өз мақсаттары үшін пайдаланады. Яғни, аудиторияның әнтузиазмін жоғарылату мен маңызды істі ұтқыр орындау.
Еліктеудің жеке топтарда (жеткіншектерді қосқанда) рөлі жеткілікті түрде жоғары. Еліктеу- әрекет-қылықтың түрлі формаларын, әрекеттерін, қоғамдағы қарым-қатынас нормаларын, ұлттық мәдениет, мамандық ерекшеліктерін игеру механизмдерінің бірі болып абылады. Жас келе еліктеу мағынасы өзгереді. Жеткіншектік кезеңде еліктеу үшін образдардың қалыптасуында педагог-психологтың рөлі ерекше.
Сендіру- мақсатқа бағытты түрде, аргументсіз бір адамның өзгелерге немесе топқа ықпал етуі. Балаларға сендіруді пайдалану өте қарапайым, біріншіден, ерсектерге қарағанда балалар сенгіш, екіншіден, педагогтың беделіне сенімі сөзге сенуге мүмкіндік береді.
Сендіруде логиканың болуы басқа әдістерге қарағанда негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Логика мен риториканың көмегімен сендіруде белгілі бір міндетке негізделген мақсатты таңдау жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалануда әңгімелесу тақырыбынан ауытқымау керек. Барлық дәлелдемелер: фактілер, сандар, мысалдар- орынды, адал және сенімді шешімдер жасау үшін негіз болуы қажет.
Педагог- психолог өзінің жұмысында әдеп нормаларын сақтау маңызды болып табылады. Әдептің ұғымының кең және тар мағынасы бар. Кең мағынада әдеп- адам мұратын, мінез-құлықтың құлықтық қағидаларын және нормаларын, өмір мәнін түсіну. Бұл педагог-психолог қызметінде маңызды орынға ие. Бір жағынан ол балалармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтауы керек болса, екінші жағынан оны балаларға таратады, өзінің мінез-құлықын соның негізінде құруға көмектеседі. Көптеген әдеп нормалары педагог-психолог қызметінің негізі болып табылады. Олардың қатарына әмоциялық әсерленулер (абырой, ашу, махаббат, жаны ашу), еріктік сапалар, өзіне және басқаларға қатынас (сыпайылық, көмек көрсету, достық, аяушылық, талап қойғыштық), әлеуметтік сапалар (өмірлік позиция, принципшілдік, жаңаны сезіну), белсенділік, мінез-құлық мәдениеті, еңбек әдебі, қоғамдық сана түсінігі, құндылықтар енеді.
Әдеп тар мағынада, кәсіби- құлықтың жалпы қағидаларын және солардың негізінде жұмыста мінез-құлық ережелерін қадағалау. Әдетте мұндай ержелер кодекске біріктіріледі, яғни, мамандықтың барлық өкілдері сақтауы тиіс.
Педагог-психолог міндеті- психологиялық ақпараттарға бағалаусыз қатынасқа негізделген білім беру үдерісіне қатысушылардың әсерленуін туындату, ол ақпаратты түсіндіруге, қажет кезінде өзгертуге мүмкіндік береді.
Педагог-психологтың қызметінде кәсіби әдепке негізделген өзара әрекеттестің 4 типте сипаты бар:
1. Өзара әрекеттестік әлеуметтік міндет деп аталуы мүмкін: әлеуметтік бағалаулар : «дұрыс –дұрыс емес» немесе «нормаға сәйкес- нормадан шығады- нормаға сәйкес емес» шкаласымен ранжіленеді. Адам өз әсерленулері мен басқа адам туралы психологиялық ақпараттарды әлеуметтік критерийлер мен нормаларға бағдарлана отырып, бағалайды. «Басқалар не ойлайды?», «мені тексеріңіз, мен қалыптымын ба?» Бұл әлеуметтік критерий адам өмірін кедейлендіреді, дискомфорт қалпына алып келеді, психосоматикалық ауруларға, мысалы, қант диабетіне алып келеді.
2. Педагог-психологтың өзара әрекеттестігі әтикалық міндеттерді білдіреді. Білім алушы әсерленулері «жақсы-жаман» - әтикалық бағалау шкаласына бағдарланады.
Этикалық міндет білім алушыларға басқалар мен өздерінің әсерленулері арасында бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Егер мектепте білім алушы басқалар бағасына бағдарлануды таңдаса, онда психологиялық ақпарат мазмұнының құндылығы ретінде әсерлену мүмкіндігінен айырылады.
Егер, ол өз әсерленуіне бағдарланса, онда ол психологиялық ақпаратты ажыратуға жақындайды.
3. Педагог-психолог пен білім алушының өзара әрекеттестігі рухани міндеттер деп аталуы мүмкін. Мейірімді және зұлым критерийлеріне әсерленумен байланысты. Мейірімділік (қайырымдылық) табиғаты бойынша шартты, ол өзіне және басқа адамдарға ерекше қатынасты талап етеді.
4. Педагог-психологтың өзара әрекеттесітігіндегі психологиялық міндеттер ақпараттар мазмұнын немесе мағынасын анықтау мәселесін қояды.
"Қалай түсіну керек", "Бұл нені білдіреді", "Соңына дейін түсінбедім?"
Педагог-психолог психологиялық міндеттерді суреттегенде төрт модальдік құрылым пайдаланылады. Бұл модальдік төмендегідей:
- "Мен қандаймын"» (қажеттілік, мотивтер, құмарлық және мотивациялық-қажеттілік сферасы);
-"Мен жасай аламын" (орындау, адам қабілетінің көріністері);
- "Мен сезінемін" (сезім тоны, әмоция, көңіл –күй, әмоциялық –еріктік көріністер);
- "Мен ойлаймын" ( түйсіну, қабылдау, ес, елес, ойлау бейнесі және адамның басқа когнитивті сферасы).
Адамдармен жұмыс жасайтын барлық мамандық иелеріне міндетті бірнеше кәсіби әдептік қағидалар бар. Мысалы, психологтардың халықаралық әдеп стандарты жауапкершілікті, құзіреттілікті, әдептілік және заңи құқықтылықты,психолог мамандығын біліктілікті дәріптеуді, конфеденциалдылықты (кәсіби құпияны сақтау), тұлғаның саулықты, азаматтық және ұлтжандылықты енгізеді.
Жоғарыда аталған әдеп нормаларының бірнешеуіне тоқталамыз:
1. Конфеденциалдылық қағидасы- бұл жұмыс барысында басқа адам туралы алынған барлық мәліметті міндетті түрде құпияда сақтауды талап етеді.
Педагог-психолог пен білім алушы талқылаған барлық мәселелер, сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақыттағы мәліметтер тек екеуінің арасында қалуы тиіс. Не нәрсе болса да педагог-психологқа да, білім алушыға да зиян келтірмеуі тиіс. Егер, қосымша жағдай сақталмайтын болса, басқа адамдармен талқыланбауы тиіс: ата-ана, білім алушылар мен педагогтар. Маман бөгде адамдармен өз ойларын және сезімдерін сенген жағдайда ғана бөлісе алады.
Кейде педагог-психолог баланың мүддесі үшін кейбір жағдайларды кәсіби мақсатта құзырлы тұлғамен немесе балаға ықпал ететін адамдармен бөлісуге мәжбүрлі болады. Бала келіспеген жағдайда педагог-психолог білім алушымен алдын ала қандай тұстар айтылатынын келісіп алады. Бұл балаға
қатерлі жағдаятта немесе қауыпті мінез-құлықтың алдын алу үшін маңызды. Бұл ереже тұлғаның барлық ерекшеліктері, мінезі, әрекет-қылығы және үлгірім үшін таратылады. Әрине, білім алушыдан әрдайым рұқсат сұрау қиын. Бұл қиындықтан құтылуға мына қарапайым ережелер көмектеседі:
- егер көмек қажет болмаса балалар туралы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ; одан да баланың қандай бір қылығына өзінің әсерленгенін немесе тәжірибесін айтқан дұрыс;
- болған жағдайдың қандай да бір жерде талқыланбауын келісу.
2. Қабылданатын шешімге объективтілік және жауапкершілік қағидасы. Барлық қабылданған шешім, әсіресе білім алушыға қатысты- оның үлгірімі, пәнге қатынасы, мінез ерекшеліктеріне педагог-психолог жеке-дара жауапты. Бұл қағиданы ұстануда теориялық білімдерін қабылданған шешімді негіздеу үшін қажет.
Егер маман объктивті болғысы келсе, өзгелердің пікіріне көз жұма қарайды. Күдікті және талас жағдайларда педагог-психолог әксперттердің кеңесіне- тәжірибелі педагогтарға, психологтарға, өзінің ұстаздарына- әдебиеттерге жүгіне алады. Педагог-психолог өзгелердің пікірін өзінің шешімімен салыстырып, қабылдауы тиіс. Педагог-психологқа объективті болу үшін "зиян келтірме!" құлықтық заң көмектесе алады. Бұл білім алушыға бағытталған сөздер мен әрекеттерге, сонымен қатар, шешімдер мен әңгімелерге қатысты болып келеді. Объективтілік қағидасын ұстану баланы бағалауда көптеген қателіктердің алдын алуға көмектеседі.
3. Моральдік құлықтық қағида педагогтың имиджін қолдау үшін маңызды. Педагог-психолог мектепте ерекше позицияға ие. Балалар үшін де, педагог үшін де ағымдағы жұмыстармен аз жүктеулі, зейінді, сабырлы болып көрінеді. Сондықтан да мектеп педагог-психологының кабинетінен қанағаттанбай немесе қапаланып кетуін болдырмау қажет.