Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР



бет20/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Коррекциялық-дамытушы іс-әрекет ерекшеліктері.


2. Педагог-психолог пен сынып жетекшісінің қызметін салыстырыңыз.
3. Педагог-психологты басқарушы деуге бола ма? Өз позицияңызды негіздеңіз.
4. "Мектептің әлеуметтік ортасының үйлесімдігі" және "оның психологиялық климаты" түсінігінің байланысы қандай?
5. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби ниеттерін анықтауға арналған жабық анкета құрастырыңыз.


7-лекция
Жоғары мектепте педагог-психологтарды даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері.
Қысқаша мазмұны
Жоғары мектепте педагог-психолог мамандарды даярлау ерекшеліктері. Жоғар мектепте маман дайындаудың теориялық негіздері. Жоғары мектепте педагог-психолог мамандарды дайындау сипаты.
ЖОО-да білім алушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру.
ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері. Лекциялық, практикалық сабақтардың ерекшеліктері. ЖОО-да педагог-психологтардың оқу еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Өздігінен білім алу іс-әрекеті - педагог-психологтың үздіксіз білім алуының шарты. ЖОО-да өздігінен білім алуға сипаттама. Өздігінен жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың дидактикалық шарттары.
Жоғары мектепте білім алушылардың педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен жұмыс жасауы. ЖОО-дағы оқулықтармен жұмыс жасау ерекшеліктері. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен жұмыс жасудың теориялық негіздері. Мерзімді басылымдармен жұмыс жасау.
Педагог-психолог біліктілігі жоғары оқу орнында сәйкес бөлімді бітірген кезде беріледі. Оқыту мерзімі- 4 жыл. Педагог-психолог біліктілігін беруде білім беру мазмұны "мемлекеттік білім беру стандарты" арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартының талабына сай студенттердің апталық жүктемесі 54 сағаттан аспайды.
Университетте педагог-психологтарды даярлау кредиттік оқыту технологиясын басшылыққа алып жүзеге асады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетіндегі білім беру қызметі бакалавриат бағдарламасы бойынша 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен 2012 жылы 11 желтоқсанда шектеусіз мерзімге берілген лицензиясы (№12019394) және университет Жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 11.12.2012 жылы № 1639 бұйрықпен №12019394 мемлекеттік лицензияға қосымша берілген.
5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012, 2013 жылдары бекітілген үлгілік оқу жоспары негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес аталмыш мамандықты бітірушілерге 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Университетте 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар дайындау 2001 жылдан бастап жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру пәндері циклі бойынша кредит саны – 33. Базалық және бейінді пәндер циклі бойынша кредит саны - 96.
Жоғары мектепте оқытудың ерекшелігі курстан курсқа көшкен сайын білім алушылардың кәсіби қызығушылығын қанағаттандыру мен дамытуды қамтамасыз ететін таңдау сабақтарының көбеюі болып табылады. Сонымен қатар, жоғары курстарда кәсіби іс-әрекеттің әртүрлі бағыттарында мамандану жүзеге асады. ЖОО-ның кафедрасы ұсынатын сала бойынша екінші мамандықты иелене алады. Мысалы, "Әлеуметтік педагог", "Өзін-өзі тану" курстарына қатысып, сертификат иеленсе бұл салада жұмыс жасай алады.
Жоғары мектеп жалпы білім беруден өзінің міндеттерімен, оқыту тәртібімен және формасымен ерекшеленеді. Ең алдымен, жоғары мектепте кәсіби бағыттылығ бар ересек азаматтар білім алады. Жалпы білім беретін мектептер бір оқулықпен оқыса, ЖОО-да оқу құралдарының әртүрлілігмен ерекшеленеді.
Мектепте педагог оқушыны оқытады, ал, ЖОО-да студенттің өзіндік жұмысына жетекшілік жасайды. Сондықтан "студент" деген ұғым "ізденуші, әрекет етуші" деген мағына білдіреді. Студенттің өзіндік жұмысы ЖОО-да оқудың негізі болып табылады
Шартты түрде студенттің мұндай жұмысының төрт бағытын бөледі: сабақ шеңберінде оқу материалын өзбетінше меңгеру; өзіндік білім алу, өзіндік қадағалау; өзіндік тәрбие.
Өзіндік білі алу бастамашылдықпен мақсатқа бағытты білімін толықтыру және жетілдіру. Көп жағдайда өзбетінше білім алу арқылы жүзеге асады. Мұнда тұлғаның өмірлік мақсаттары мен қызығушылықтарына сәйкес болуы шарт.
Өзін-өзі тәрбиелеу- өз тұлғасын мақсатқа бағытты жетілдіру. ЖОО-да маман дайындаудың тағы бір ерекшелігі оқу үдерісінде ғылыми жұмыспен айналысады. Бірінші курстан бастап ақ, стуженттер практикалық сабақтарға дайындалғанда ғылыми негіздемелерге талдау жасайды.
Педагог-психологтың теориялық дайындығы көбіне оның кәсіби құзырлылық құрылымындағы психологиялық-педагогикалық және арнайы білімінің ұштасуымен айқындалады. Алайда оның білімінің қалыптасуы негізгі мақсат емес. Педагог-психолог тәжірибесіндегі білім, егер ол белгілі бір жүйеге келмесе ешкімге қажет емес құндылық болып қалады. Бұл педагог-психологтың педагогикалық ойлауынан немесе басқаша айтқанда оның конструктивті және гностикалық біліктерінен байқалады.
Конструктивті және гностикалық іс-әрекет педагог-психологтың аналитикалық, болжаумдаушы және жоспарлы білігінің танылған кезінде ғана жүзеге асады.
Гностикалық іс-әрекет рефлексивті білікті талап етеді.
1) Аналитикалық біліктің қалыптасуы – педагог-психологтың кәсіби құзырлылығының бір өлшемі. Олар толыққанды педагогикалық-психологиялық міндеттерді шешкенде жекелеген мынадай біліктіліктерден тұрады:
- психологиялық-педагогикалық әрекетті олардың құрылымдық әлементтеріне жіктеу (шарт, себеп, мотив, стимул, құрал т.б.);
-мәрбір психологиялық-педагогикалық жағдайда педагогикалық үдерістің барлық бөліктерімен байланыста қарау;
-психологиялық-педагогикалық теориядан қаралып отырған жағдайға сәйкес келетін идея, шешім, заңдылықтарды табу;
- психологиялық-педагогикалық жағдайды дұрыс анықтау;
- негізгі психологиялық-педагогикалық мәселені белгілеп алу және оның тиімді жолдарын анықтау.
Осыған байланысты шығармашыл педагог-психолог педагогикалық құбылыстарға теориялық талдау жасайды. Оған:
- фактінің не көріністің ерекшеленуі, оның басқалардан айырмашылығы;
- аталмыш фактінің әлементтер құрылымын белгілеу;
- әрбір әлементтің мазмұнының ашылуы мен қызметінің ажыратылуы;
- бір әлементтің басқа әлементтермен байланысының көрінісі;
- белгілі бір жағдайдың білім беру процесіндегі орнының айқындалуы.
Педагогикалық факті деп педагогикалық өзара байланыстың типтерін атауға болады; ал педагогикалық жағдай осы өзара байланыстың нәтижесі болып табылады.
2) Болжамдаушы білік. Әлеуметтік үдерістер, сонымен бірге білім беруді басқару субъектінің санасында соңғы шешімді қабылдауды нақты елестететін бағдарын байқатады. Алдағы таңдап алуда психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешудегі мүмкін болған варианттарды таңдаудың мақсатты негізі жағдаяттардың қорытындыларын көрсетеді. Сол себепті мақсатқа жету тек аналитикалық қызметтің нәтижесінен ғана тұрмайды. Көп жағдайда антиципатияға қабілетімен, яғни, әрекеттің нәтижесі білінгенге дейін, шынайы
жүзеге асқанға дейін анықталады. Осы кәсіби қабілеттің болуы шығармашылық педагог-психологтарды әрдайым да ерекшелеп тұрған.
Педагог-психологтың іс-әрекетін болжамдау педагогикалық үдерістің жай-күйі жайлы білімі, оқушылардың жас ерекшелік және жеке даму заңдылықтары негізінде құрылады. Бұл оқушылардың нені дұрыс түсінбегені, педагогикалық әрекеттерге қандай мазмұны бере алатындығы, қандай тәжірибелерінің оқытылып жатқан материалдың мән-мазмұнын терең игеруге ықпал болатындығын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
3) Жобалау білігі- «талдау –– болжамдау - жобалау» үштігінен тұрады. Педагогикалық іс-әрекет жобасын жүзеге асыру ең алдымен білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарын, оларды барынша нақтылап, педагогикалық мәнге келтіру, кезең-кезеңімен жүзеге асу жолдарын негіздейді.
4) Рефлексивті біліктер педагог-психологтың өзіне бағытталған бағалау-бақылау іс-әрекетінде байқалады. Бақылауларды берілген үлгілер негізінде алынған нәтижелер бойынша бақылау; дайын нәтижелерге талдау жасау негізіндегі бақылау; нақты орындалған әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау арқылы болатын бақылау деп бөлуге болады.
Бұлардың бәрі психологиялық-педагогикалық мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталғанымен педагогикалық іс-әрекетте теңесіп, бір дәрежеде көрінеді. Мұнда ерекше көңіл аударатын бақылау, ең алдымен, пән
мұғалімінің іс-әрекетінде қолданылатын алдын ала алынған нәтижелерге талдау жүргізуге жасалынған бақылау. Бұл бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін педагог өз ой-тұжырымын және іс-әрекетін терең және объективті бақылай алу мақсатында рефлексияға қабілетті болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет