Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР



бет23/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Педагог-психолог пен педагог тұлғасына қойылатын талаптарда айырмашылық бар ма?
2. Әлеуметтік сезімталдық дегеніміз не?
3. Стеореотиптердің құндылығы мен кемшілігі неде?
4. "Өзін басқару бағдарламасын" құрыңыз.
5. Педагог-психологтың кәсби әдебі дегеніміз не?
6. Конфиденциалдылық принципіне сипаттама беріңіз.
7. Объективтілік принципі неге негізделеді?
9-лекция
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика.
Қысқаша мазмұны
Педагогикалық практика болашақ педагог-психологты кәсіби дайындау факторы.
Педагогикалық практикаға сипаттама. Педагогикалық практиканың болашақ мамандарды дайындаудағы рөлі. Педагогикалық практиканың міндеттері.
Педагогикалық практика кәсіби бейімделудің бастапқы кезеңі.
Педагогикалық практика кәсіби бейімделу негізі ретіндегі сипаттары. Педагогикалық практикадағы жұмылдыру және ақпараттық біліктер.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың теориялық негіздері. Педагогикалық практикаға даярлықты жоспарлау. Педагогикалық практика бағдарламасын құру ерекшеліктері.
Жоғары меткеп жүйесіндегі оқыту үдерісінде теориялык даярлық, қоғамдық, педагогакалық және арнайы ғьшымдарды үйрету студенттердің практикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы - педагогикалық практика. Педагогтардың кәсіптік даярлығын арттыруға деген талаптың жылма-жыл күшейіп отыруына байланысты студенттердің педагогикалық практикасы ұдайы жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі кезде аталмыш проблема педагогтарды даярлау жүйесінің маңызды компонентіне айналып отыр. Педагогикалық практика болашақ педагогты кәсіби, психологиялық-педагогикалық дайындаудың бір үлгісі болып табылады. Практика барысында:
- оқытылатын пәндердің идеялық мазмұны терең ұғынылады;
- студенттердің арнаулы оқу пәндері бойынша кәсіби-педагогикалық даярлығы одан әрі жалғасады;
- болашақ педагогтардың педагогикалық шеберлігінің іргетасы қаланады.
Педагогикалық практика болашақ педагогтардың педагогикалық шеберлігін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың, танымдық және шығармашылық белсендігін дамытуыдың, олардың кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен даярлығының деңгейін тексерудің және олардың теориялық білімдерін бекіту мен тереңдетудің құралы больш табылады.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері - оқу-тәрбие үдерісін, педагогтар мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде меңгеру қажет.
Студенттердің педагогикалық практика алдында ерекше толқуының басты себептерінің бірі- олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практикантгардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысьша тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, өзін педагогикалық қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады, бұл түсінікті де. Тіпті ұзақ жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі педагогтың өзі де жаңа оқушылар ұжымымен кездесер алдында әрдайым толғанады, кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз дұрыс шешім таба алмайтын кездері болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір -екі жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тіл таба алмайтыны, олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Бұл кәсіби қалыптасу деңгейінің ілң төмендігі, пратиканың аздығының белгісі екендігін байқатады. Сонымен, педагогикалық практика үдерісінде болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, ал оған мыналар жатады:
- қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді игеру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерін шешу барысьшда қолдану;
- педагог мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік- педагогикалық тәрбиесі мен біліміне деген қажеттілігін, педагогикалық қызметке шығармашьілық тұрғьща қарауды ұдайы тәрбиелеу;
- мектептегі, орта білім беретін ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибемен танысу.
Педагогикалық практика нақты педагогикалық ақиқат жағдайында өткенімен, оның тәлім алу сипаты бар. Студенттер қызметінің мұғалімдер қызметінен түбегейлі айырмашылығы болады. Педагог күн сайын, сағат сайын тұтастай оқу-тәрбие үдерісін жасайды, оның қызметінің мақсаты мен міндеті-оқушылардың жеке өзін қалыптастыру. Студент қызметінің мақсаты мен міндеті ең алдымен жеке өзін қалыптастыру, күрделі оқу- тәрбие үдерісін тұтастай құра білуді меңгеру.
Практиканың алғашқы кезеңінде жетекші міндеттер төмендегіше:
- оқушылармен тұтастай педагогикалық қарым-қатынас орната білу;
- оқушыларды оқыта білуді меңгеру (ең алдымен қоғамдық ұйымның мүшесі ретінде);
- балалардың мектептен тыс өмірін неғұрлым қолайлы амалдармен ұйымдастыруды меңгеру;
- оқушылардың ата-аналарымен байланыс орната білуді меңгеру.
Практика барысында теориялық білім тереңдетіледі, практикалық педагогикалық қызмет саласын ұлғайтудың, соның басты міндеті болып саналатын сынып жетекшісі жұмысының жүйесін меңгерудің негізі қаланады. Студенттер пән мұғалімнің қызметін бақьшаудан сабақта және сабақтан тыс оқыту жұмыстарының жекелеген әлементтерін меңгеруге ауысады.
Студенттер тәрбие жұмысьшың алуан формаларын: сыныптағы, сыныптан тыс, мектептегі және мектептен тыс формаларьш меңгереді. Практика барысьшда оқушьшармен педагогикалық тиімді қарым-қатынас орнату өте-мөте қажетті. Сынып жетекшісі мен оқушьшардьщ қарым-қатынасы әр түрлі жағдайда бірдей бола бермейді. Сабақта оқушы шәкірт ретінде болса, сабақтан тыс уақытта ол үйірме мүшесі, сондықтан мұндайда педагог басқаша қарым-қатынас жасауы қажет.
Практика барысында студенттер оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп, мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа әзірленудің жұмысын бүкіл барысымен, мысалы жоспар мен конспект жасаудан бастап көрнекі құралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстармен танысады. Пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды жекелей және топтық консултаңиядан бастап пәндік кештер, апталықтар, айлар, әкскурсиялар т.б. өткізе білуді меңгереді.
Өңдірістік педагогикалық практика барысында пән мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне баса көңіл бөлінеді. Тәрбие үдерісі ұғымы тұтастай тамамдалады, өйткені оның құралдар жүйесіне сабақтағы жетекші тәрбие, яғни пәнді оқыту құралдары енгізіледі. Студенттер мұғалім ретінде өз бетінше жұмыс істеп, олардьщ барлық қызметін- тәрбиешілік және оқытушьшық қызметтерін атқарады. Әрине, бұл кезеңдегі практикалық даярлықтың табысты болуы көп жағдайда әрбір студенттің алғашқы оқу жылында меңгерген педагогикалық іскерлік жүйесінің деңгейіне, алдымен тәрбие берудегі іскерлігіне байланысты.
Студенттер тобы педагогикалық практика барысында педагогикалық ұжымның өзінше моделіне айналады. Әрбір студенттің күш-жігері белгілі бір мектепте жұмыс істейтін топта тиісті ьштымақты қарым-қатынас, жоғарғы талап орнатуға, ортақ мақсат пен міндетті түсінушілікке бағытталуы тиіс.
Педагог-психологтарды даярлауда төмендегідей практикадан өтеді:
- оқу практикасы: ғылыми-зерттеу;
- өндірістік практикаға (колледждегі педагогикалық практика);
- дипломалды практика;
- әлеуметтік-педагогикалық психологиялық практика.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау және дипломдық жұмыс жазу арқылы біліктілік беріледі.
Жоғары мектеп жалпы білім беру мекемелерінен өзінің міндеттерімен, тәртібімен және оқыту формасымен ерекшеленеді. Ең алдымен ЖОО-да белгілі бір кәсіби бағыттылығ бар ересек азаматтар оқытылады. Егер мектепте бір үлгілік оқулық арқылы оқылатын болса, жоғарыы мектепте оқу құралдарының көптүрлілігімен ерекшеленеді.
Жоғары мектептегі кафедраларда оқу әрекетінен басқа зерттеушілік қызметпен де айналысады. ЖОО-дағы оқытушылар-бұл қандай да бір мәселелерді зерттейтін ғалымдар болып табылады.
Педагогтың практикалық дайындығы педагогикалық тұрғыда әрекет ету білігінен байқалады. Оған ұйымдастырушылық және коммуникативті біліктерді жатқызады.Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушылардың іс-әрекет түрлеріне қатысуын қамтамасыз етеді және ұжымның іс-әрекетін ұйымдастырумен сипатталады. Ұйымдастырушылық іс-әрекет әсіресе тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда байқалады. А.С.Макаренко тәрбие жұмысы – ұйымдастырушылық жұмыс деп атап өткен болатын. Ұйымдастырушылық біліктерге жұмылдыру, ақпараттық, дамытушы және бағдарлық біліктер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет