Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе



бет26/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
Автократтық стиль- педагог студенттердің кез-келген мәселені талқылауға қатысуына, сыни пікірлер айтуына мүмкіндік бермей, тек өзі ғана шешім қабылдайды.
Авторитарлық стиль студенттер мәселені талқылауға қатысады, дегенмен ұжымға немесе әрбір студентке байланысты мәселені педагог өзі ғана шешеді. Ол қарым-қатынас мақсатын анықтап, оған субъективті түрде баға береді. Авторитарлық стиль қалыптасқан жағдайда студенттер өздеріне байланысты мәселені талдауға қатыспайды, педагогтың пікіріне қарсы тұрмайды, қарым-қатынас диктат түрінде жүзеге асады, балалардың қарсы пікірі кикілжіңге әкеліп соғады. Студенттердің бір нәрсеге бастамашыл болу мүмкіндігі төмендейді. Педагог оқушының теріс қылықтарын: үлгірімі, тәртібі т.б. негізгі құрал ретінде пайдаланып, оның мотивтерін ескермейді. Топтардағы әлеуметтік-психологиялық ахуал төмен болады.
Либералды (анархиялық) стиль – бұнда керісінше жауапкершіліктен бас тартқан мұғалім іс-әрекетке барынша немқұрайды араласады. Ол өз қызметіне формализммен қарайды. Студенттің ешбірінің проблемаларына қызығушылықтың жоқтығы, немқұрайдылыққа сүйенетін бұл стиль ештеңеге араласпау тактикасына негізделген. Осы тактика нәтижесінде үлгірім және тұлғалық даму динамикасын қадағалау, студенттердің іс-әрекетін бақылау педагогтың назарынан тыс қалып қояды.
Бұл екі стиль бі і-бірімен қарама-қарсы болғанмен екеуінде де студент пен мұғалімнің арасындағы дистанттық қарым-қатынасты білдіреді. Бұл екі стильге
балама болып табылатын стиль демократиялық деп аталады. Педагог студенттерге үлкен сенім артады, олардың мүмкіндіктерін, кемшіліктері мен жетістіктерін лайықты бағалайды. Әрбір студентке терең түсіністікпен қарайды. Жеке тұлғаның қалыптасу динамикасына айрықша мән береді. Демократиялық стиль негізінде жұмыс жүргізілген ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық климат жақсы болады. Олардың арасындағы қарым-қатынас сенімге негізделіп, өздеріне және бірі-біріне талап қою деңгейі жоғары болады, педагог студенттерді шығармашылықпен жұмыс жасауға баулиды, өзіндік қалыптасуына жағдай жасайды.
Елемеушілік стиль оқытушының студенттердің өміріне, іс-әрекет процесіне назар аудармауымен, елемеуімен сипатталады. Ол студенттерге жетекшілік жасауға, қарым-қатынасты басқаруға араласпайды. Оқу материалдары жайлы немесе әкімшілік тарапынын берілетін ақпараттарды, мәліметтерді жеткізумен шектеледі.
Белгілі психолог В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас стилдерінің төмендегі түрлерін атап көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет