Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе



бет24/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

Жұмылдыру білігі. Бұл білік оқушылардың оқуға және басқа іс-әрекетке деген тұрақты қызығушылығын, зейінін дамытумен тығыз байланысты. Сонымен бірге жұмылдыру білігі:

  • білімге деген қажеттілікті қалыптастыру, оқу жұмысына деген дағдыларын қаруландыру, оқу еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруды;

  • қоршаған ортаға деген шығармашылық байланысын қалыптастыру мақсатында оқушылар мен тәрбиеленушілердің білімі мен өмірлік тәжірибесін актуалдауды;

  • оқушылар адамгершілікті, ізгілікті істерді жүзеге асыру үшін арнайы жағдайлар жасауды қамтиды.

Ақпараттық біліктер. Бұл біліктерді көбіне оқу мәліметтерін жеткізумен байланыстырады, алайда олар мәліметтерді алу тәсілінде де орын алады. Бұл баспалық немесе компьютерлік деректермен жұмыс істеу, оларды дидактикалық тұрғыда қайта өңдеу, оқу мен тәрбие міндеттеріне орай ақпаратты бейімдеу білігі.
Оқушылармен тікелей қарым-қатынас жасау үдерісінде ақпараттық біліктер:

  • педагогтың оқу материалын пәннің өзіндік ерекшелігін, оқушылардың дайындық деңгейін, олардың жасы мен өмірлік тәжірибесін ескере отырып анық, нақ жеткізу білуі;

  • сұқбат, пікірлесу, әңгімелесуді логикалық тұрғыда дұрыс құра білу;

  • материалды жеткізудің индуктивті және дедуктивті жолдарын қолдануды үйлестіру;

  • сұрақтарды ұғынықты етіп, қысқа әрі нұсқа түрде қою;

  • техникалық құралдарды, әлектронды-есептегіш техниканы және көрнекілік құралдарды пайдалану;

  • өз ойын кесте, сұлба, сурет, сызбалардың көмегімен жеткізу;

  • әр түрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін диагностикалау барысында байқалады.

Педагогикалық практикаға кірісерде оқу-тәрбие жұмысының алуан сырларын ой- елегінен өткізіп шығу қажет. Кәсіптік білімнің ұлғайьп тереңдеген сайьн мектептегі оқу- тәрбие үдерісі, оның тұтастық сипаты барынша айқындала түседі.
Студенттер тобы педагогикалық практика барысында педагогикалық ұжымның өзінше моделіне айналады. Әрбір студенттің күш-жігері белгілі бір мектепте жұмыс істейтін топта тиісті ынтымақты қарым-қатынас, жоғарғы талап орнатуға, ортақ мақсат пен міндетті түсінушілікке бағытталуы тиіс.
Студент-практиканттар ұжымы мен педагогтар ұжымы бір-біріне қарсы қойылмайды, алайда обьективті себептерге байланысты қосылмайды, өйткені студенттер мектепте уақытша істейді. Алайда мектептің, оқушылар мен мұғалімдердің қамқорлығымен осы мектептегі студент-практиканттардың қамқорлығымен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Барлығы күні бұрын ойластыруы, ауыспалы және тура мағанасында айтқанда алғашқы күннен бастап мектептегі өз орнын белгілеу; өз мүйісін безендіруі мектеп өмірінің ішкі тәртіп ережесін толық білуі, ұжымдық дәстүрге араласуы тиіс.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудьщ ерекшелігі - қогамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық қызметтердің және кәсіптік-педагогикалық әзірліктің біртұтастығында. Студенттер оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істегенде тәрбиешілік іскерлігін көрсетіп қана қоймайды, лекторлық- ағартушылық, насихатшылық шеберлігін де жетілдіреді. Қогамдық ғылымдар кафедрасының оқытушылары қоғамдық-саяси және қоғамдық-педагогикалық қызметке байланысты барлық мәселелер бойьшша студенттерге әдістемелік ұсыныстармен кеңестермен қосымша практикалық көмек көрсетеді.
Практикалың педагогикалық даярлықты жоспарлаудың ролі ерекше зор. Егер барлық пәндер бойьшша теориялық курстардың оқу материалы меңгеру жоспарына сәйкес күні бұрын белгіленіп қойылатын болса, практикалық педагогикалық қызмет студент алдында кез-келген уақытта толық көлемде кездеседі.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудьщ тағы бір талаптарын - педагогикалық басшылық пен жоғарғы белсенділікті, студент-практиканттың дербестігін үйлестіруді атаған жөн.
Педагогикалық практика бағдарламасында студенттер қызметінің басты бағытгары белгіленген. Мұнда оқу-тәрбие жжүмысының нақтылы мазмұны мен көлемін студенттердің өздері белгілейді. Олардың дербестілігі мен белсенділік деңгейі осыдан көрінеді.


1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет