3. Мамандық таңдау немесе кәсіби анықталу
Мамандық таңдау тұлға өміріндегі маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Кәсіби өзіндік анықталу- бұл ұзақ процесс, ол кәсіби ниеттердің пайда болуынан басталып, еңбекке араласумен аяқталады. Бұл кезеңнің нағыз сәті мамандық таңдау болып табылады. Мұндай таңдау кейде ұзақ немесе кейде бір сәтте жүзеге асады. Таңдалған мамандыққа қатынас та әртүрлі болуы мүмкін. Мамандық таңдауға ықпал етуші факторларды әдетте психологтар екі топқа бөледі: субъективті және объективті.
Субъективтіге- қызығушылық, қабілет, мінез және темперамент ерекшеліктері, ал, объективтіге – дайындық деңгейі, денсаулық жағдайы және макмандық әлемі туралы хабардар болуы жатады. Объективті факторларға әлеуметтік сипаттамлар қатарласады, мысалы, ата-анасының білім деңгейі, әлеуметтік ортасы және т.б.
4. Кәсіби жарамдылық және кәсіби қабілет
Кәсіби жарамдылық тек ғана кәсіби қабілеттермен ғана емес, бейміділіктерге және мотивацияға, білімдерге, біліктерге, мінез сипатына, психикалық жағдайларға, еңбек әретіне қанағаттану процесімен және нәтижесімен анықталады.
Кәсіби жарамдылық- иілгіш қозғалмалы қалыптасу болып табылады. Маманның кәсіби іс-әрекеті барсында тікелей қалыптасады.
Әдетте екі кәсіби жарамдылықты бөледі: абсолютті (тұлға мамандықтың қатаң талаптарына сәйкес келуі қажет) және қатнастық (мамандықтың жалпы талаптарына сәйкес келу).
Әрине кәсіби жарамдылық әрбір тұлғаның даралығы болып табылады. Бұл адамның қабілеттері мен қабілет пласиткалылығына тәуелді келеді.
Кәсіби қабілеттер- тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттері, олар бір-бірінен ерекшеленеді, мамандықтың талаптарына жауап береді, кәсіби іс-әрекетті жетістікті орындаудың жағдайы болып табылады. Мұндай қабілеттер анатомиялық-физикалық және психофизиологиялық ерекшеліктер негізінде қалыптасады. Және олар тұлғаның нақты білімжерімен, біліктерімен және дағдыларымен салыстырылмайды.
Еңбек пәні бойынша негізгі кәсіби топтарға психологиялық талаптарға тоқталамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |