3. Практикалық психология және психологиялық ақпарат ұғымдары XX ғасырда психология ғылымында келесідей 2 тенденцияның дамуымен сипатталады:
1. Зерттеу пәнінің диференцияциясы;
2. Жеке қасиеттерінің интеграциясы.
Мұның екіншісі адам өмірінің жекелік сипатының ақиқаттығы туралы арнайы ғылыми білімдер қалыптасуына тырысады.
Практикалық психология - тұлғаның даралық өмірін зерттеу болып табылады. Бұл адамға ықпал проблемасын алға шығарады.
20-30 ж. бір топ психологтар Э.Мэйо басшылығымен «Хотторн эффектісі» туралы тұжырымды ұсынды. Мұның мәні зерттеуші қатысуында, ашық бақылауда, оның жүзеге асуының объективті жағдайларына тәуелсіз еңбектің өнімділігі артады.
Тұлғаны зерттеуші адам - тану құралы, тану амалы болады. Басқа адамдарға ықпал ету оны зерттеудің қажетті сәті болып табылады (адам-зат-адам).
Зерттеу пәні ықпал ету ізін білдіретіні белгілі. Ықпал ету тек ғана тұлға туралы ақпараттар алу ғана емес, сондай-ақ адам қаситтерінің туындауын жүзеге асырады, әсіресе психологиялық шындық мазмұнын құрайды.
Адамдар өзгелерден не қажет болса, соны көретін қасиеттерге ие. Адамдармен өзара әрекеттесе отырып, адам өмірінің сенімді ғылыми ақпараттарын алудың ерекше талаптарын құрады. Бұл талап, практикалық этика талабы: «Зиян келтірме!»
Тұрмыстық және кәсіби психологияда ниетті түрде басқа адамдарға ықпал етеді. Кәсіби психологияның рухани ықпалы ғылыми білімдерге негізделіп, жекелік өмірдің ғылыми заңдылықтарына сүйенумен ерекшеленеді.
Тұрмыстық психология - өмірлік білімдеріне, тәжірибелеріне, адамның ішкі әлеміне жекелік тұтас ықпал етуін елестетулеріне негізделе отырып, әрекет етеді. Тұрмыстық психология өзара әрекеттесу ситуациясында көрінетін кездейсоқ қасиеттерге негізделсе, психолог кәсіби практикасы адамның мәнді қасиеттеріне бағдарланады.
Бұл жерде практик- психологтың кәсіби ойлауының ғылыми негізделген категорияларына төмендегілер жатады: ықпал ету- басқару, манипуляциялау, қалыптастыру, психологиялық кеңістік, психологиялық уақыт, психологиялық дистанция; өзара әрекеттестік- өзара әрекеттесу пәні, өзара әрекеттесуде бағыт, психологиялық шындық, психологиялық шындықтың мобильділігі.
Өзгеге ықпал ету әдістерін шартты түрде екіге бөледі: тікелей ситуативті түрде ықпал ету және жанама ықпал ету әдісі.
Практик –психолог адамның жеке өмірін зерттей отырып, ықпал ете, сондай-ақ, оған қажетті психологиялық ақпараттарды ала отырып, ол басқа адам өмірінің бір бөлігі (мейлі уақытша) болады.
Психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, психологиялық кеңес беру, психотерапия психологтың кәсіби іс-әрекеті ретінде ажыратыла отырып, сондай-ақ, ықпал ету амалдарымен, міндеттерімен де өзара ерекшеліктерге ие болып табылады.