Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


Психодиагностика және психокоррекция



бет37/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

3. Психодиагностика және психокоррекция
Практик- психолог психодиагностикалық мәліметтерді жас ерекшелік даму заңдылықтарының теориялық мәліметтерімен салыстыру үшін пайдаланады. Оның негізінде нақта адамдармен және топ адамдарымен коррекциялық жұмыс бағдарламасын құрады. Басқалай айтқанда коррекциямен жұмыс жасайтын психолог төмендегі сызба бойынша жұмыс жасайды: а) не бар?; б) не болуы тиіс; в) болуы үшін не істеу керек.
Психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін талданатын ситуациялар мазмұнын білу қажет:

    • сыныптастары сияқты кітапты тез оқуы үшін не істеу керек?;

    • ес көлемін кеңейту үшін не істеу керек;

    • өз жұмысыңа тез шоғырлану үшін не істеу қажет.

Бұл міндеттерді қалай шешу керек. Мұнда екі жол ұсынылады: 1) мұндай тапсырмаларды шешу нормаларындағы орта түсінікке бағдарлану («Бұл жағдайда бұлай істеу керек»); 2) Адамның жетілуінің даралық мүмкіндіктеріне бағдарланатын жол.
Психологиялық түзету жұмыстарының мақсаты: психикалық дамуды нормаға сәкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Міндеттері:

Психологиялық түзетудің негізгі ғылыми категориясы практик-психолог жұмысының жүйелік негізделуіне мүмкіндік беретін психикалық дамудың қалыптылық деңгейі болып табылады.
Қалыптылықты талдаудың төмендегі деңгейін бөледі: 1) нейропсихологиялық; 2) жалпы психологиялық; 3) жастық –психологиялық.

  • Нейропсихологиялық- зерттелетін құбылыстардың мида ұйымдастырылуы туралы шешім- мидың функционалды ұйымдастырылуы, мидың локалбді зақымдануы;

  • Жалпы психологиялық деңгей- адам ішкі әлемінің функциялану заңдылықтары мен механизмдеріне негізделген ақпараттарды ұсынады;

  • Жастық психологиялық деңгейде талдау жалпы психологиялық мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді және практик –психолог зерттеулерін даралайды;

Психологиялық коррекция жұмыстарын ұйымдастыру бағдарламалары:

    • ақыл-ой дамуын коррекциялау бағдарламасы;

    • мінез-құлықты коррекциялау бағдарламасы;

    • эмоциялық процестерді коррекциялау бағдарламасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет