Адам-табиғат- көрнекі –бейнелік ойлаудың және қиялдың дамуы. Байқағыштық. Жақсы көру есі. Ауыспалы факторлардың салдарларын көре білу. Шыдамдылық және т.б.
Адам –техника- техникалық және шығармашылық ойлау мен қиялдың дамуы. Қабылдаудың дифференциациясы. Зейннің ауыспалылығы мен шоғырлануы және т.б.
Адам- белгілер жүйесі- логикалық ойлаудың дамуы. Оперативті және мезаникалық ес. Қабылдаудың нақтылығы. Зейнді ұзақ уақыт шоғырландыруы. Зейннің ауыспалылығы және таратып бөлуі. Шыдамдылық және т.б.
Адам –көркем-өнер-Көрнекі- бейнелік ойлау және шығармашылық қиылдың дамуы. Көру есінің дамуы. Байқағыштық. Көру есінің жоғары деңгейі, Көркем өнер қабілеті және т.б.
Адам-адам- Рефлексивтілік. Сөйлеудің дамуы. Басқа дамдарға қызығушылық таныту. Қрамы-қатынасқа түсуге ұмтылу. Коммуникабельділік. Жақсы ниеттілік. Шиеленіске келмеу. Жақсы өзіндік реттелу. Басқа адамдармен ұзақ уақыт байланыста болғанда эмоциялық тұрақтылық. Бейімделгіштік. Ерікті әрекет. Эмпатияға беймділік және т.б.
5. Кәсіби құзіреттілік және іс-әрекеттің даралық стилі Кәсіби құзіреттілік- бұл белгілі бір еңбек функциясын өз бетінше, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеті.
6. Кәсіби ойлау және кәсіби рефлексия Кәсіби ойлау- бұл түрлі іс-әрекетке қосылу және нақты жағдайларда белгілі бір тапсырмаларды шешуге бағытталған ойлау түрі.
«Кәсіби ойлау» ұғымын екі мағынада пайдалануға болады. 1-ден, маманның жоғары – кәсіби деңгейін көрсету үшін болса, 2-ден, кәсіби іс-әрекет сипатына негізделген ойлау ерекшеліктерін нақтылау.
«Кәсіби ойлау» ұғымына «кәсіби құзіреттілік» және «кәсіби интеллект» мазмұнымен қатар қойылып жатады. Психология ғылымында ғылыми және практикалық кәсіби ойлау түрлерін бөліп жатады. Практикалық кәсіби іс-әрекет терең зерттелген.
Практикалық ойлаудың негізгі міндеті- шындықты практикалық қайта құру амалдарын жасау болып табылады: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құру. Маман- практиктің ойлауы күрделі тапсырмаларды шешуге қосылған- іс-әрекерттің дара жүйесін құру.
Ғылыми кәсіби ойлау теориялық ойлаумен тығыз байланыста қарастырылады. Теориялық ойлау өзіне анализ, рефлексияны және әрекеттің ішкі жоспарын енгізеді. Ойлаудың бұл типі теориялық ұғымдарға сүйенеді, ол жалпылаудың ерекше типімен сипатталады. Теориялық анализ ғылыми ойлау компоненті ретінде ішкі байланыстарды ашады.
Кәсіби рефлексия –тұлғаға өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға, мақсат пен өз кәсіби іс-әрекетінің күтілетін нәтижесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Кәсіби рефлексия өзін-өзі тану аймағы ретінде кәсіби құрылудың алғашқы кезеңінен бастап –ақ туындайды.