Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


Мамандық туралы жалпы түсінік



бет29/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

1. Мамандық туралы жалпы түсінік
Мамандану кең мағынада – қоғамға қажетті тарихи қалыптасқан іс-әрекет болып табылады. Оны орындау үшін адамдар білімдер мен біліктерге, сәйкес қабілеттерге және кәсіби маңызды дағдыларды игеруі тиіс.
Кәсіби іс-әрекет- дифференциациялау салдарының еңбек түрі. Кәсіби іс-әрекет қоғамдық сипатқа ие. Мұнда екі жақты бөледі: қоғам (жұмыс беруші) және адам (жұмысшы). Қоғам бұл қатынастрада төмендегіше алға шығады:

  • қоғамдық маңызды іс-әрекет түрлерін орындауға тапсырыс беруші;

  • мұндай іс-әрекет орындауға сұраныс беруші;

  • оның материалды жағдайының қайнар көзі;

  • кәсіби іс-әрекетке қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуші;

  • жұмысшы орындаған іс-әрекет сапасының сараптамасын жасаушы;

  • кәсіпке деген әлеуметтік қатынастар қалыптасудың қайнары.

Мұның бәрі мемлекеттік институттар арқылы жасалады немесе жеке тұлғалар арқылы орындалады.
Мамандыққа қоғамдық көзқарас бойынша – бұл белгілі бір нәтижеге және өнімге жетуде қоғам қажеттілігінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін адамдардың кәсіби іс-әрекетінің түрі және формасы, кәсіби тапсырмалар жүйесі болып табылады.
2. Мамандықты жіктеу

Жіктеудің жалпы негіздемесі

Жіктеудің жеке негіздемесі



Мамандық топтары



1.Еңбек сипаттамасы

Пәні бойынша

«Адам-тірі табиғат» (жануартанушы, мал дәрігері, орманшы)

«Адам-адам» (мұғалім, дәрігер, әлеуметтік жұмысшы)

«Адам- белгілер жүйесі» (программист, редактор, бухгалтер)

«Адам- техника» (механик, токарь, слесарь)

«Адам –көркем өнер» (жазушы, режиссер, композитор)

Мақсаты бойынша

Гностикалық (аудитор, синоптик, тергеуші)

Жасап шығарушы (педагог, тыгынші, аспазшы)

Туындатушы (ғылыми қызметкер, суретші)

Жағдайы бойынша

Микроклиматта, тұрмыстық заттармен байланысты мамандықтар (зергер, пианиноны келтіруші)

Кез-келген ауа-райында жұмыс жасайтындар (аула сыпырушы, геодист

Төтенше жағдайларда жұмыс жасайтындар (өрт сөндіруші, ұшқыш, сынақшы)

Адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапты жұмыстармен байланысты мамандық (дәрігер, мұғалім)




Әрекет құрамы бойынша

Қозғалыстық (жүк түсіруші)

Танымдық (микробиолог, астроном)

Тұлғааралық қарым-қатынас (педагог, психолог)

Жағдайлардың кілісімділігіне байланысты (диспетчер, администратор)

әрекет сипаты бойынша

Монотонды қимыл-қозғалыс жасаушы (жинақтаушы, жинаушы)

Шығармашылықты талап ететін берілген алгоритм бойынша жұмыс жасаушы (терапевт, мұғалім)

2.Еңбек субъектісінің сипаттамасы

Психофизиологиялық ерекшеліктер бойынша

Кәсіби жарамдылықты қажет ететін , мысалы, реакцияның тездігі, арнайы қабілеттердің болуы (жүргізуші, спортшы, музыкант)

Кәсіби жарамдылықты талап ететін, дегенмен мотивация және тәжірибесі компенсацияланатын мамандықтар (инженер, лифтер)

Қажетті біліктілік деңгейіне байланысты

Жоғары біліктілікті еңбекті және ұзақ дайындықты қажет ететін мамандық (врач, психотерапевт, заңгер)

Қарапайым біліктілікті мамандықтар (сатушы, тәрбиеші, хатшы)

Арнайы дайындықты қажет етпейтін біліктіліксіз мамандықтар (гардеробщик, еден жуушы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет