1. Педагогтың жоғары кәсіби бағдарына негізделген, оның педагогикалық іс-әрекетке деген жалпы тұжырымына байланысты қарым-қатынас.Мұндай педагогтар туралы«студенттер оның ізінде жүреді » деп айтады. Жоғары мектеп жүйесінде әсіресе бейінді білім беру кафедраларында бұл қарым-қатынас ортақ кәсіби қызығушылықпен нығая түседі.
2. Достыққа негізделген қарым-қатынас. Бұл қарым-қатынас барысында педагог тәлімгер, жолдас әрі кеңесші бір сөзбен айтқанда бірлекен оқу әрекетінің мүшесі ролін атқарады. Дегенмен, қарым-қатынас процесіндегі субординацияны да ұмытпаған жөн. Бұл әсіресе кикілжіңге барғысы келмейтін жас оқытушыларға тікелей қатысты.
3. Қарым-қатынас – ара-қашықтық. Бұл педагогикалық қарым-қатынастың кең тараған түріне жатады. Ара-қашықтық барлық әрекет саласында байқалады. Ара-қашықтық оқыту барысында педагогтың беделі мен кәсібилігіне, тәрбиелеу процесінде оның өмірлік тәжірибесі мен жасына негізделіп сақталады.
4. Қарым-қатынас – үркіту. Кәсіби тұрғыдан қалыптаспаған оқытушының қолданатын қарым-қатынас формасы. Ізгіліктен тыс қалған, негативті қарым-қатынас.
5. Қарым-қатынас – ойнақылық.Көбіне жас оқытушылардың бедел жинау үшін қолданатын, студенттермен ойнақы түрде қарым-қатынас қалыптастыру стилі. Бұндай қарым-қатынас арзан, жасанды беделге ие болуға әкеп соқтырады.
Соңғы жылдардағы шетелдік зерттеулер ішінде М. Таленнің еңбектерінде мұғалімнің кәсіби ұстанымының төмендегі типологиясы көрсетілген.
І модель – «Сократ». Бұндай мұғалімдер сабақта білім алушылармен бәстесуге ыңғайлы жағдай туғызып, пікір таластыруға құмар болады. Қарым-қатынас барысында білімденушілер өз ұстанымын қорғау, дәлелдеу қабілетін дамытады.
ІІ модель – «Топтық пкірталас жетекшісі». Оқу-тәрбие процесінде түсіністік пен келісімді ең маңызды деп есептейді. Демократиялық келісімді пікірталас нәтижесінен жоғары қоятын педагог.
ІІІ модель – «Шебер». Мұғалім еліктеуге тұратын үлгілі бейне ретінде танылады. Оның іс-әрекетін оқу процесінде емес, жалы өмірге сол күйінде қайталауға болады деп есептелінеді.