Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


-лекция. Кәсіби даму ерекшеліктері мен динамикасы



бет31/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

12-лекция.
Кәсіби даму ерекшеліктері мен динамикасы
Жоспары:
1. Мамандану және әлеуметтену.
2. Мамандану кезеңдері.
3. Мамандық таңдау немесе кәсіби анықталу.
4. Кәсіби жарамдылық және кәсіби қабілет.
5. Кәсіби құзіреттілік және іс-әрекеттің даралық стилі.
6. Кәсіби ойлау және кәсіби рефлексия
1. Мамандану және әлеуметтену
Мамандану- маман қалыптасу кезеңінің тұтастай үздіксіз процесі болып табылады. Бұл мамандық таңдау сәтінен басталып, адамзаттың барлық өмір ағымында жүзеге асыады және іс-әрекет тоқтауымен аяқталады. Бұл процесс тұлғаның өз қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін және қабілеттерін ескере отырып, мамандық таңдауын; мамандық ережелері мен нормаларын игеру; маман ретінде өзін сезіну және қалыптасуын; тәжірибе жинақтау және мамандық амалдары арқылы тұлғасын дамытуын енгізеді.
Тұтастай алғанда мамандану- бұл әлемуеттену процесінің бір жағы болып табылады. Маман ретінде қалыптасу тұлға дамуының аспектілерінің бірі.
Тұлғаның мамандану жағдайына байланысты сыртқы әсерлер мен тұлғаның кәсіби өзін ұйымдастыруы дамуында тұлға белсенділігі жатыр.Тиімді сыртқы жағдайлардың алғышарттарын құру тұлғаның ішкі белсенділігін арттырады, оның субъектілігін, рефлексивтілігін, креативтілігін жоғаралатады.
2. Мамандану кезеңдері
Мамандану әлеуметтену бөлігі болып табылатындықтан оны адам өмірінен ажыратып қарау мүмкін емес.
Шетел психологиясындағы кәсіби даму кезеңдерін бөлуде Д. Сьюпердің теориясы ерекше орынға ие. Ол кәсіби Мен- тұжырымдамасы қалыптасу мен кәсіби жол бес кезеңге бөлінген.
1. Өсу кезеңі (туылғаннан 14 жасқа дейін)- түрлі әлеуметтік рөлдері ойнау;
2. Зерттеу кезеңі (15-тен 24 жасқа дейін)- өз қажеттіліктерінде, қызығушылықтарында, құныдылықтарында, қабілеттері мен мүмкіндіктерінде анықталу кезеңі;
3. Карьераны нығайту кезеңі (25-44 жас)- таңдалған мамавндық бойынша нық орын табуға тырысады. Табылған кәсіби алаңда тұрақты тұлғалық позицияны қамтамасыз еті;
4. Қол жеткен жағдайды сақтап қалу кезеңі (45-64 жас)- қол жеткен карьерасын сақтап қалуды көздейді;
5. Құлдырау кезеңі (65 жастан кейін)- физикалық және ақыл-ой әрекетінің құлдырауы, бұл еңбек жағдайының қысқартуын немесе еңбек іс-әрекетін тоқтатумен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет