Аты – жөнім – Динара Шегендікқызы, мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беремін.
«Өзіңді тереңірек тани біл!»
Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Қазір таңдаған жемістеріңізге сай топталып тұруларыңызды сұраймын. Таңдаған жеміс-жидектің өздеріңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.
Әр топқа суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.
Ортасында қара нүктесі бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк болып келеді, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнесі, яғни берген тәрбиесі мен білімі қаншалықты дұрыс екенін, сол нәтижемен салыстыруға болады.