Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді. - Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
- Сабақтың үш мақсаты:
- Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
- Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
- Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың негізгі компоненттері - 1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
- 2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
- 3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
- 4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
- 5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
- 6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
- 7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
- 8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |