Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР



бет10/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Тұлға ұғымы.
2. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
3. Тұлға дамуына әсер етуші факторлар.
4. Тұлғаның объективтілік және субъективтілік деңгейі.


4-лекция
Үздіксіз білім беру жеке тұлғаны дамытудың шарты ретінде
Қысқаша мазмұны:
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні. Үздіксіздік ұғымы. Үздксіз білім берудің қоғамдық мәні. Үздіксіз білім беруді зерттеу негіздері
Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Тұлғаға үздіксіз білім берудің маңызы. Қоғамның тұрақты дамуында үздіксіз білім берудің рөлі.
Үздіксіз білім беру құндылық ретінде. Құндылық ұғымына сипаттама. Үздіксіз білім беру жүйесінің құндылықтық мәні.
Үздіксіз білім беру – білім алуға қол жетерлікті қамтамасыз ететін үдеріс ретінде. Қол жетерлік ұғымының мәні. Білім алуға әсер ететін факторлар. Білім алуға қол жетерлікті қамтамасыз етуде үздіксіз білім берудің рөлі.
Білім, білік, дағды және танымдық іс-әрекет – жеке тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының қалыптасуының негізгі шарты ретінде: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік компоненттері. Білік, білік., дағды және танымдық іс-әрекет ұғымына түсінік. Тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының мотивациялық компоненті. Үздіксіз білім алуға даярлығының когнитивтік және іс-әрекеттік компоненті.
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі білім берудің мұндай біртұтас жүйесін құрудың негізгі идеялары мен бүгінгі күнгі жоғары білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттары Еуропа жоғары білімінің ең маңызды құрылымдық реформасының негізін қалаушы Болон декларациясында көрініс алуда.
Үздіксіз көпдеңгейлі білім беру жүйесінде мамандардың кәсіби даярлығының сапасын арттырып, оны басқарудың бірізділігі мен сабақтастығын теориялық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу үдерісіндегі зерттеуді және оны біртіндеп жүзеге асыруды қажет ететін басты мақсаттардың біріне айналып отыр. Бұған «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» да, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» да дәлел болады.
Соңғы жылдары психология, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбектерге жасаған талдау үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін құрудың теориялық-әдіснамалық және тұжырымдамалық негіздерінің (А.П.Владиславлев, Б.С.Гершунский, А.В.Даринский, А.М.Новиков, В.Г.Онушкин, В.П.Понасюк, В.А.Сластенин және т.б.), орта және жоғары кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін жетілдірудің теориясы мен практикасының (С.С.Абдыманапов, Г.К.Ахметова, С.А.Ұзақбаева, Д.З.Жусупова, Х.М.Рахымбекова, Е.А.Мамбетказиев, Т.С.Садықов, М.Н.Сарыбеков және т.б.), үздіксіз педагогикалық білім беру мәселесінің теориялық және әдіснамалық аспектілері мен әр елдердегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің даму жолдарының (Е.П.Белозерцев, Н.Д.Никандров, Б.С.Гершунский, Н.К.Гончаров, В.Г.Онушкин, А.Н.Орлов, В.Н.Турченко, А.К.Кұсайынов, Б.К.Момынбаев, Ш.Т.Таубаева, Е.Ш.Қозыбаев және т.б.) салыстырмалы түрде жан-жақты қарастырылғанын көрсетеді.
Көпдеңгейлі педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы, үздіксіз кәсіби білім беруді модельдеу, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру деңгейлерінің стандарттары мен білім беру бағдарламалары мазмұнының сабақтастығы және үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім берудің мазмұнын жобалау мәселелері, сонымен бірге үздіксіз педагогикалық білім беру сабақтастығының ұйымдастыру-педагогикалық негіздері мен оны жүзеге асыруды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі, білім берудің көпсатылы жүйесінде оқыту үдерісін даярлау мәселелері бірқатар ғалымдардың (Н.А.Бирюкова, С.М.Годник, В.Л.Ермоленко, Н.А.Завалко, Е.М.Ибрагимова, В.А.Кузнецова, В.М.Ушакова, К.К.Закириянов, Т.А.Қышқашбаев, К.Т.Өстеміров және т.б.) зерттеулерінде көрініс тапқан.
Үздіксіз көпдеңгейлі кәсіби білім берудің аймақтық жүйесін құрудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері, оқу-ғылыми-педагогикалық кешенді инновациялық білім беру жүйесі ретінде жобалау, аймақтық білім беру жүйесінің қалыптасуы жағдайында үздіксіз көпдеңгейлі педагогикалық білім беру сапасын басқару мәселелері В.А.Арнаутовтың, Л.Ф.Григорьевтың, Ю.Н.Петровтың, Н.К.Сергеевтің, В.В.Тарасовтың, Т.П.Досанованың, «колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде мұғалімдер даярлаудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздері Т.Н.Громова, В.С.Щелгунов, Л.И.Мищенко, Л.П.Стойлова, Н.Н.Светловская, С.З.Қоқанбаев және т.б. еңбектерінде зерттелген.
Бірқатар еңбектерде (Х.Абдукаримов, В.В.Арнаутов, С.И.Архангельский, В.И.Загвязинский, А.И.Мищенко, Б.А.Альмухамбетов, А.А.Жайтапова, Ж.К.Оңалбек, К.М.Беркімбаев, Р.С.Омарова, А.А.Молдажанова, А.Қарақов, К.С.Успанов және т.б.) үздіксіз білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дамуының кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігі қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негіздері, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мамандардың біліктілігін арттыру, үздіксіз педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасында мұғалім тұлғасын қалыптастыру, үздіксіз білім беру үдерісінде мұғалімнің кәсіби-құндылық бағдарын қалыптастыру мәселелері зерделенсе, енді бірінде педагогика ғылымында кәсіби педагогикалық білім беруді ізгілендіру (М.Н.Берулава, И.Ф.Исаев, Л.С.Подымова, А.А.Бейсенбаева, Б.Д.Кисиков, Р.А.Мұқажанова және т.б.), білім берудің адамгершілік-тұлғалық негіздерін жетілдіру (Ш.А.Амонашвили, А.А.Калюжный және т.б) мәселелеріне мән беріледі.
Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық кадрлар даярлауды басқару саласында да біршама еңбектер орындалған. Оларда басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері (В.Г.Афанасьев, А.К.Белых, А.И.Берг, Д.М.Гвишиани, А.М.Омаров, Ю.А.Тихомиров және т.б.), білім беру жүйелерін басқарудың ерекшеліктері (Т.И.Березина, В.И.Загвязинский, Ю.А.Конаржевский, М.И.Кондаков, А.А.Орлов, М.М.Поташник, И.К.Шалаев, Қ.Ж.Қарақұлов, Н.А.Абишев, Н.Асанов, Д.Н.Кулибаева, Т.Баймолдаев, С.М.Бахишева және т.б.), білім беру үдерісін басқару (В.П.Беспалько, Г.Г.Корзникова, В.А.Якунин, Г.З.Адильгазинов, У.С.Абдукаримова, Л.Н.Ким, М.Ф.Шапиро және т.б.), білім берудегі инновациялық үдерістерді басқару мәселелері (А.М.Моисеев, А.Е.Капто, А.В.Лоренсов, Л.П.Редько, Ш.К.Амир, С.М.Бахишева, А.К.Рысбаева, Г.Д.Такенова, Н.И.Хван және т.б.) негізделеді.
Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі – дискретті, күрделі, қарама-қайшылықты жүйе. Біз оны өз зерттеуімізде үш деңгейде қарастырамыз: біріншіден, мегажүйенің бір бөлігі ретінде (үздіксіз педагогикалық білім берудің мәнін, даму заңдылықтарын қарастыра отырып, оның жалпы үздіксіз білім берудің дамуынан бөлектеуге болмайды); екіншіден, ұйымдық құрылым ретінде; үшіншіден, мазмұндық құрылым ретінде.
Сонымен бірге бұл жүйені үш түрлі ішкі жүйеге бөлеміз: кәсіпке дейінгі даярлық; көпдеңгейлі кәсіби білім беру (орта және жоғары кәсіби білім беру); кәсіби біліктілікті жетілдіру 
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет