Pr, жарнама, үгіт-насихат және журналистиканың айырмашылығы


ІІ-тарау.PR, жарнама,үгіт-насихат және журналистиканың айырмашылығы



бет5/10
Дата16.02.2022
өлшемі324,18 Kb.
#131996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Көктеубай Ақерке курстық жұмыс

ІІ-тарау.PR, жарнама,үгіт-насихат және журналистиканың айырмашылығы
2.1.PR-дың үгіт-насихаттан айырмашылығы

Академиялық стандарттар бойынша салыстырмалы түрде жас пән болғандықтан, қоғаммен байланыс білімнің әртүрлі салаларынан көп нәрсені алды. Бұл тарауда мен PR мен жарнама, маркетинг, үгіт-насихат сияқты салалар арасындағы айырмашылықтарды қарастырғым келеді.


PR насихаттың «туысы» болып саналады. Адвокаси – бұл көзқарас, қызығушылық немесе сенім үшін қолдау алу үшін пайдаланылатын біржақты ақпарат.[6] Бұл жерде екі негізгі пікір бар. Бірінші бағыт бойынша үгіт-насихат пен PR іс жүзінде бір-бірінен ерекшеленбейді: екі ұғым да бұқаралық санада кез келген тезистерді тиімді жүзеге асыру үшін белгілі бір технологияларды қолдануды білдіреді. Дегенмен, PR зерттеушілерінің көпшілігі олардың қызметін насихат деп атау орынсыз деп санайды, сондықтан:

  • Үгіт-насихат біреудің мүддесі үшін цифрлар мен фактілерді бұрмалауға мүмкіндік береді, ал PR шынайы ақпаратқа негізделген. Яғни, PR мамандары жарнама жасау барысында тек шынайы ақпараттарды қолданады. PR термині алғаш пайда бола бастаған уақытта, белгілі бір адамды танымал ету үшін немес ұйымға, мекемеге қызығушылық тудыру үшін асыра сілтеушілік пен өтірік мақтаулар қолданылған болса, қазіргі таңда қоғамға тек шынайы ақпараттар таратылады. Ал ақпартты бұрмалау көбінесе үгіт-насихат жүргізу қызметінде орын алады.

  • Үгіт-насихат қатал көзқарасқа ие және адамдарды белгілі бір көзқарасты қабылдауға немесе өзгертуге мәжбүрлеуге тырысады және олар оны қалайды ма, жоқ па деп ойланбайды; PR жұмсақ сипатқа ие және адамдарға кейбір ақпаратты пайдалануды ұсынады, содан кейін белгілі бір пікірлер мен идеяларды өз еркімен қабылдайды немесе қабылдамайды. Яғни, бұл пікірді оқи отырып біз үгіт-насихат пен PR арасындағы үлкен айырмашыдлықты байқай аламыз. Бұл жердегі айырмашылық халықтың ойымен,пікірімен санасуда болып отыр. Үгіт-насихаттың жұмысы тек халықты үгіттеп, арбау болса, PR мамандары аты айтып тұрғандай қоғаммен байланысып, қоғамның пікіріне қарай жұмыс жасайды. Нақтырақ айтар болсақ, өздері жазып шыққан ақпаратқа немес шығанған жарнамаларына халықтың көзқарасын, ой- пікірін біліп, жақсы жағын дамытып, жаман жағын түзетуге тырысқан. Бұрындары осыған байланысты белгілі бір мемлекет билеушілері өздері туралы жағымсыз ақпарат таратып, халықтың пікірін білу арқылы кемшіліктерін түзетіп отырған. Бұл тікелей қоғаммен байланыс орнату болып саналады.

  • Ақырында, насихат жеке адамға немесе топқа бір жақты әсер етуге бағытталған; PR міндетті түрде екі жақты байланыс механизмін құруды, аудиториядан қарсы сигналды қабылдауды және есепке алуды қамтиды.

Насихат адамдардың санасы мен жүрегіне әсер ету үшін жасалған. Ол алушының құндылықтарын, көзқарастарын, сенімдерін өзгертуге бағытталған. Яғни, ол билікті билікте ұстауға бағытталған, ал PR мақсаты – азаматтардың билік ұсынатын қызметтердің мәнін түсініп, осы қызметтерді дұрыс пайдалану жолдарын үйрету. Үгіт-насихат жақсы, жаман және бейтарап мақсаттарда қолданылуы мүмкін, ал жақсы пиар фактілерге негізделген, бұрмаланбаған және өзін-өзі жоғары бағалаудан аулақ болуы керек. Осы критерийлерге сәйкес келмейтін бизнестен басып шығаруға арналған коммуникацияларды редакторлар қабылдамайды, өйткені олардың мұндай көпіршіктерді пайдалануы әдейі немесе әдейі жарнамаға немесе үгіт-насихатқа әкеледі. PR-ға сену керек, үгіт-насихат деген сөздің өзі күдік пен сенімсіздік тудырады. Мысал ретінде сайлауалды үгіт-насихат жүргізу әдісін алуымызға болады. Елімізде екі жыл бұрын ғана президенттік сайлауы өтті. Сайлауға қатысушылар көп дауыс жинау үшін өздерінің еліміздің дамуы үшін жасайтын жоспарларымен бөлісіп, өздеріне дауыс беруді насихаттады. Бұл халықты үгіттеуге жатады. Яғни белгілі бір нәтижеге жету үшін, өз жоспарымен бөлісіп, халықты арбау,үгіттеу. Бұл - үгіт-насихат жүргізу. Ал PR мамандарының жұмысы жарнамалау кезінде жүреді. Мысалы, сол кезде қазіргі Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев дауыс жинау үшін PR мамандарымен жұмыс жасаған. PR мамандары үлкен плакаттарға (1.1сурет) “ТоқаеV” яғни ✓– маған дауыс бер деген мағынадағы жазумен ілген. Бұл PRжасауға жатады. Міне, үгіт-насихат жүргізу арқылы халықты дауы беруге үгіттесе, PR жасау арқылы дауыс жинау үшін әрекет жасайды, халықпен байланыс орнатуға тырысады. Бұл да бір PR қызметінің ерекшелігі деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет