«Оттекті және азотты органикалық қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
9.4.3.19 – спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
9.4.3.22 – карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау.
9.4.3.25 – синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
9.4.3.29 – нәруыздардың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру.
Бағалау критерийі
Білім алушы:
● спирттерді жіктейді, қолданылуын сипаттайды, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады;
● карбон қышқылдарының құрамын, сірке қышқылының қолданылуын сипаттайды химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады;
● синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді;
● нәруыздардың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма 1.а) Спирттердің құрамындағы гидроксотоптардың санына қарай жіктелуі мен өкілдері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
Жіктелуі
Өкілдері
А) Біратомды
1)Метанол
2) Глицерин
В) Көпатомды
3) Этиленгликоль
4) Этил спирті (этанол)
А) ................ В) ..............................
[2]
b) Спирттердің маңызды өкілдерінің қолданылу салаларын көрсетіңіз.
[2]
2. а) Дұрыс жауабын таңдаңыз. Карбон қышқылдары құрамында бір немесе бірнеше ............. тобы бар көмірсутектердің қосылыстары.
А) гидроксил
В) карбоксил
С) алкил
Д) амин
Е) амин және карбоксил [1]
b) Сірке қышқылының мына заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңыз: 1) мырыш, 2) калий гидроксиді; 3) магний оксиді; 4) сірке қышқылы
[4]
3.Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіріңіз.
[1]
4. Нәруыздардың организмде атқаратын қызметін және биологиялық маңызы түсіндіріңіз.