Рецептке толық талдау жүргізу. Дәрілік қалыпты дайындау. Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Дерматолдан 0,2
Ихтиолдан 0,15
Какао майынан 2,0
Суппозиторий алу үшін араластыр
№ 4 дозасымен босат.
Белгіле. Түнде 1 балауыз енгіз.
Рецептке толық талдау жүргізу. Дәрілік қалыпты дайындау. Дәрілік қалыптың сапасын бағалауды жүргізу.
Ал: Новокаин ерітіндісінен (прокаин) 5%-50 мл
Залалсыздандыру !
Босат. Белгіле.
Жұлын инъекциясына арналған.
Жұлын милы анестезияға арналған 5 % новокаин ерітіндісі асептикалық жағдайда тұрақтандырусыз, алдын-ала новокаинді кептіргіш шкафта стерильдеп, дайындалады.
Ерітіндінің жалпы көлемі: Vж = 50мл
Атропин сульфаты улы зат.
Дозасын тексеру:
0,1 – 100
х – 50 х = 0,05 г дәрілік зат
0,05 – 50 мл
х – 1 мл х = 0,001 ЖРД
0,001 х 2 = 0,002 ЖТД
Рецепт бойынша: МФ Х бойынша:
ЖРД: 0,001 0,001
ЖТД: 0,002 0,003
Дозасы аспаған
Атропин сульфаты: әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз хлорсутек қышқылмен тұрақтандыруды қажет етеді.
Тұрақтандырғышты есептеу:
0,1моль/л НСl 10 мл - 1000 мл ерітіндіге
х - 50 мл х = 0,5 мл 0,1 моль/л хлорсутек қышқылы
БП
Aquae pro іnjectіonіbus 50 ml
Atropіnі sulfatіs 0,05
Sol. Acіdі hydrochlorіcі 0,1 моль/л - 0,5 ml (X guttas)
Vж = 50 ml
Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі дайындайтын ыдысқа 50 мл шаншуға арналған суды өлшеп, онда 0,05 г атропин сульфаты ( ҚР ДСМ 01.11.1996 ж.№ 481 бұйрық талабына сәйкес) ерітіледі. Содан соң стерильді пипеткамен 0,5 мл 0,1 моль/л хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосып стерильді шыны таяқшамен араластырады. Ерітіндіні сыйымдылығы 50 мл флаконға сүзіп, химиялық талдауға (сандық, сапалық) жібереді. Талдау қорытындысы тіркеу журналында көрсетіледі. Содан соң флаконды тығындап, механикалық қоспадан тазалығы тексеріледі. Бақылаудан соң егер көзге көрінетін бөлшектер табылса, ерітіндіні алғашқы қолданылған фильтр арқылы сүзіліп, қайтадан тексеріледі, тығынды өлшемі 3х6см ұзартылған ұшы бар пергамент қағазымен жауып, жіппен байлап, оған ерітіндінің атауын, дайындалған күнін, фармацевтің қолы қойылады. Осылай безендірілген ерітіндісі бар құты стерильдеуге жіберіледі. Автоклавта 120 0С температурада 8 минут стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түсін, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Сонан соң ерітіндіні босатуға безендіреді. Негізгі этикеткада көк түсті «Шаншуға арналған» толық ерітінді құрамы және қолдану тәсілі көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |