Практикалық жұмыс5. Компьютердің пайдаланатын қуатын есептеу. Қуатты пайдалануға байланысты мөлшерлі есебі. Компьютердің қажеттілігін нақты есептеу
Компьютердің пайдаланылатын қуатын қалай есептеуге болады?
Берілген тақырыптың өзектілік деңгейін білмеймін, себебі, бүгінгі таңда қуаттың кемшіліктер мәселелері жоқ. Кез келген компьютерлік әлемге кіріп қуаты 500-ден 1000‑Ватт-қа дейін қорек блогын сатып алу қиын емес, сондықтан қуат кемшілігі мәселесін ендігі мүлдем ұмытуға болады. Алайда «темірдің» қуат пайдалану мөлшерін білуіміз шарт.
Мен келесі жағдайға тап боламын: тапсырыс беруші адам жақсы (жоғары өндірілген) видеокартаны сатып алып, өзінің ескі жүйелік блогына орнатады, сол себептен мониторда сапасы төмен суретті көрсетеді, және ойыннан ешқандай рахат ала алмайды. Бұған керісінше қорек блогынан бір шоқ түтін шығып,түсініспеушілік пайда болады.
Ал осының барлығы қорек блогының қуаты барлық құрылғылар жиынтығының қуатынан аз болуы нәтижесінде болады, бірақ сатып алушы жаңа құрылғылар туралы білмесе, сатушы консультант оны ойға салуға ұмытып кетеді.
Өкінішке орай, компьютер компоненттерінің пайдаланылатын қуаты туралы шынайы мағлұматтарды табу мүмкін емес, себебі әрбір шығарушының жад модулі 5-В тан 20 В қа дейін қорек.
Бұл көрсеткіштердің осы түрде ауытқып отыруы жағдайымызды одан әрі қиындатады.
Компьютер компоненттерімен пайдаланылатын орташа қуат мөлшері келесідей болуы мүмкін:
Орталық процессорлық пайдаланылатын қуаты - 50-120 Вт дейін ауытқып отырады. Бұнда жәй ережені қолдануға болады - процессордың такт жиілігі көбейген сайын онымен қоректенетін қуат мөлшері арта түседі.
Аналық тақшаның пайдаланатын қуаты - 15-30 Вт. Шынайы қолданылатын қуат RAID- тексеруші, дыбыстық тақша және т.б. сияқты құрылғылардың болуына байланысты.
Видеокартаның қолданылатын қуаты - 60-130 Вт. Қосымша қоректенетін видеокарталар бұдан көп есе артық. Солай, қосымша қорексіз видеокарта 50-70т, ал онымен 100-130 Вт қа дейін пайдаланылады.
Жедел жад модулінің қолданылу қуаты 5-20 Вт дейін. Модуль сыйымдылығы артқан сайын, ол соғұрлым көп қорек етеді. Сонымен қатар, әртүрлі фильтрлейтін конденсаторлар тәрізді «салпыншақтар да» қолданылатын қуат мөлшерін көбейтеді.
Қатты дисктің қолданылу қуаты 15-60 Вт. Қатты дискінің қолданылу қуаты оның өтпелі жағдайына тікелей байланысты, файлдарды іздеу кезінде т.б. соған ұқсас әрекеттер компьютерді іске қосқанда да жүзеге асады. Себебі, бұл кезде қатты диск диагностикадан өтеді, ол өз кезегінде онымен жұмыс істеу кезіндегі критикалық қателерді табады.
CD - ROM , CD - RW , DVD - ROM, DVD - RW қолданылу қуаты - 10-25 Вт дейін. Қолдану диск айналу жиілігінің оның максималды жылдамдығына байланысты. Нашар дисктерді оқыған кезде айналу жылдамдығы ауытқып отырғанда, тоқ әдеттегі дискті оқу кезеніндегідей емес, бұдан көп есе көп мөлшерде қуатты талап етеді. Тағы бір айта кететін жайт, «комбайндер» DVD дисктерінің оқылуы, CD - RD жазу, сонымен қатар қарапайым дисктерді оқу қуаты қолданудың барлық рекордтарын жаңартуда.
Флоппидисководқа жұмсалған қуат 5 - тен 7 Вт дейін. Дисководпен қолданылатын қуат мөлшері өндірілуден ғана байланысты болады, себебі олардың барлығы бірдей жылдамдықта жұмыс істей береді.
Дыбыстық тақшаның қолданылатын қуат мөлшері - 5-10 Вт. Дыбыстық тақшаның қолданылатын қуат мөлшері оның санатына байланысты, себебі Hi-Fi санатты тақшалар орташа санаттағы дыбыстық тақшаларға қарағанда едәуір көбірек болып келеді.
Салқындату вентиляторы қолданылатын қуат мөлшері 1-2Вт дейін. Бұл көрсеткіш аз мөлшерде болса да, оған өте көп назар аудару керек. Үйдегі компьютерде вентилятордың саны 5-тен асып кетуі мүмкін. Мысалы, 1 вентилятор процессорға, 1 видеокартаға, 1 блоқка, 1 қатты дискіге, 1 қосымша ретінде.
Енгізу/шығару порттарына жұмсалатын қуат мөлшері - 8-10 Вт дейін жетеді. Қазіргі кездегі ДК берілген порттардың саны 5 ке дейін жетеді. USB порттан екеу, СОМ порттан - екеу, LPT- біреу. Сонымен қоса, егер аналық тақшада дыбыстық интеграциялық карта бар болса, онда Game port сызықтық енгізу/шығару және микрофонға арналған порттар қосылады.
Локальді картаның қолданылатын қуат мөлшері 3-5 Вт дейін.
Берілген мағлұматтарға негізделе отырып, сіз өз компьютеріңіздің жуықта алғандағы қолданылатын қуат мөлшерін анықтай аласыз.
Қорыта келе, компьютермен жұмыс істеушілердің көбісі блокты ол жанып кеткеннен кейін ғана ауыстыратыны туралы айта кетпекпін. Әрине шектеулі бюджеттегі «сынбаса - тиіспе» принципі дұрыс. Бірақта блоктар көбінесе сынбайды: олар жұмыс істей береді, уақтылы өшіп отырады да өз ұяшықтарына қуаттың штаттық емес мәндерін беріп отырады.
Бұл кезде компьютер істейді, бірақ оның іс әрекеті аяқ асты ауытқып отырады, сіздер бұның салдарын бағдарламалардан іздейсіздер, бірақ бұл салдардың шын мәнісіндегі кінәлі - шамадан тыс жүктелген блок болып табылатынын білмейсіздер.
Кеңес: Компьютерді білікті пайдаланушылар қуат қолданылу мөлшерін есептеп жатпайды, олар жай ғана жоғары сапалы қорек көзін сатып алады, оның қуаты 400 Вт жоғары болады, сондықтан олар қолданылатын қуат мөлшері туралы мүлдем ойламайды.
Практикалық жұмыс6. Процессорлар (микропроцессорлар). Бірінші ДК пайда болғанға дейін. Процессор параметрлері. Мәліметтер шинасы. Адрестер шинасы. Ішкі регистрлер. Процессор режимдері. Процессордың жұмыс істеу жылдамдығы. Процессордың тактілі жиілігі және жүйелік тақшаның тактілі жиілігі (2 сағ).
Достарыңызбен бөлісу: |